Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет11/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

Эргономикалық қасиеттері.
 
Эргономикалық қасиеттері бұйымның 
қолдану ыңғайлылығы мен қолайлығын бейнелейді. Эргономикалық 
қасиеттерге 
антропометрлік, 
жылу 
қорғаушылық, 
физиологиялық 
(гигиеналық), психофизиологиялық және психологиялық қасиеттер жатады.
Жылуқорғаныштық қасиеттері адам мен сырқы орта арасындағы 
жылулық энергияны реттеп отырады. Жоғары жылуқорғағыштық қасиетке 
жабыныштар мен емдеу
-
профилактикалық мекемелер соғылатын материалдар 
ие болуы керек.
Гигиеналық қасиеттер (ластанғыштық және тазаланғыштық) 
бұйымның тазалану және ластану қабілетін бейнелейді, бұл қасиет 
науқастарға қарауға арналған құралдар
мен медициналық аспаптар
үшін 
маңызды.
Бұйымның ластануын әртүрлі заттар тудыруы мүмкін (майлы 
заттар, шаң
-
тозаң т.б.). Материалда жинала отырып ластанулар 
микроорганизмдер үшін қолайлы орта болып келеді.
Гигиеналық қасиеттерді 
бағалау негізінде заттың тазалану ыңғайлылығы мен оңтайлығы және де 
тазалықты сақтай алу мүмкіндігі міндетті түрде ескеріледі. Бұйымның 
тазартылу қабілеттілігі жасалған материалына, құрылымына байланысты 
болып келеді.
Психофизиологиялық қасиеттері адамның күштік, дыбыс 
сезгіштік, көру, дәм сезгіштік, сипап сезу қабілеттеріне сәйкес келуі керек. 
Техниканың орын ауыстыру массасы адамның күштік мүмкіндіктеріне сәйкес 
келуі керек. Дыбыстық сигналы адамның есту табылдырығынан жоғары 
болуы керек.
Адамның бұйымды қабылдауы адамның сезімдер жүйесі арқылы 
өтеді: көру, сипап сезу, дыбыс есту, иіс сезу, дәм сезу.
Көру сезімі адам 
бұйымды көрген кезінде пайда болады. Бұйымды ұстаған кезде адамның 
сипап сезу түрлі сезімдері пайда болады: тактильді, температуралық, 
ауырсыну, ауырлық және т.б. Есту сезімі –
дыбысты, тырсылды, шуды есту. 
Иіс сезу сезімі тауардың парфюмерлік қасиеттеріне баға беруге мүмкіндік 
береді. Дәм сезу сезімі көбіне балаларға арналған ойыншықтарға баға беруде 
қолданылады.
Бұйымның психологиялық қасиеттері адамның қабылдау, 
ойлау, санасына
сәйкес келуін бейнелейді.


25 
Эстетикалық қасиеттері.
 
Эстетикалық қасиеттері сезімдері арқылы 
қабылдайтын бейнелер
арқылы адамның және қоғамның қажеттіліктерін 
эстетикалық үлгіде қанағаттандыру қабілеті.
Ақпараттық қасиеті –
бұйымның 
қоғамда қалыптасқан мәдени нормалар мен эстетикалық түсініктерді көрсете 
білу қабілеті.
Сән мен стильге сәйкес келуі бұйымның эстетикалық талаптарға 
беретін негізгі көрсеткіштерінің бірі
болып табылады

Сән түсінігі ХVII ғ. Франциялық сән европалық елдерге үлгі бола 
бастаған кезде пайда болды.
Денсаулық сақтау саласында сән негізінен 
медициналық қызметкерлердің киімдерінен дәріхана және ЕПМ
интерьерін 
жабдықтауда көрінеді.
Сән көбіне коммерциялық коньюктураны анықтайды. 
ХХ ғ. қалыптасқан сән индустриясы құрамында коммерциялық, эстетикалық 
және әлеуметтік мақсаттар бар.
Бақылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет