Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет126/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

 
ұйымдарда тауарлардың
 
сақталуын ұйымдастыру

Тауарлардың
сақталуы дайын өнімнің
шығарылуынан бастап тұтынуға 
дейінгі тауарлар қозғалысының
барлық
сатыларын қамтиды. Айта кету керек, 
дәрілік препарат өмірінің 80% 

нан астамын дистрибьютордың қоймаларында 
"тұрады". ДЗ және МБ фармацевтерге олардың қасиеттерін нашарлатпай 
берілетін жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды,яғни қол жеткізілген 
сапа деңгейі дистрибьюторлық тізбек бойынша сақталуы керек, сондықтан 
олардың қасиеттері қандай да бір өзгеріссіз соңғы тұтынушыға жетуі қажет.
Дәріханалықұйымдарда дәрілік заттарды, медициналық
бұйымдарды, 
басқа да фармацевтикалық
тауарларды сақтауды ұйымдастырудың
негізгі 
жағдайларына тауарларды сақтау үшін сәйкесті бөлмелердің
болуы, тауарларды 
сақтауға 
керекті 
тәртіптердіңқалыптастырылуы, 
тауарлардың
сақталу 
талаптарына сәйкес дұрыс орналастырылуы жатады.
Тауарлардың
сақтау жағдайын анықтайтын маңызды факторларға дәрі
-
дәрмектердің, 
басқа 
да 
фармацевтикалық
тауарлардың
сақталатын 
бөлмелердіңқойылатын талаптарға сәйкес болуы, керекті жабдықтармен 
жабдықталуы және сақтау орындарында дұрыс орналасуы жатады.
Дәрі
-
дәрмектерді 
дәріханалыққойма 
бөлмелерінде 
сақтауды 
ұйымдастыру барысында тауарларды сақтаудың
негізгі қағидаларрымен
мен 
әдістерін қолдану қарастырылады.
Үй 

жайлар мен жабдықтар.
Үй
-
жайлар қажетті сақтау шарттарының 
сақталуын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланған немесе бейімделген
болу 
қажет. Олар оқшауланған, қорғалған, берік және дәрілік заттарды қауіпсіз 
сақтау және олармен жұмыс істеу үшін жеткілікті сыйымдылыққа ие. Барлық 
жүргізілетін операциялардың дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
сақтау аймақтары тиісті жарықтандыруға тиіс

Қабылданған 
қауіпсіздік 
шаралары 
осы 
аймақтардың 
өнімді 
дистрибьюция үшін жарамды дәрілік заттардан бөлек және олардың еркін 
айналымға түсуін болдырмайтын жағдайларда сақтауды қамтамасыз етуіне 
кепілдік береді. Осы аймақтар тиісті түрде сәйкестендірілген (белгіленген) 
және заңсыз қол жеткізуден қорғалған. Ерекше айналымды талап ететін дәрілік 
заттар (есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар, улар (улы заттар), басқа 
да қауіпті заттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес 
келетін жағдайларда сақталады.
Сақтауға арналған үй
-
жайлар мен жабдықтар таза ұсталады, оларда шаң 
мен қоқыс жиналмау керек. Жинау (тазалау) үшін пайдаланылатын жабдық, 
мүкәммал және материалдар, сондай
-
ақ жуу және дезинфекциялау құралдары 


301 
олар контаминация көзі болмайтындай етіп таңдалады, пайдаланылады және 
сақталады.
Үй
-
жайлар жәндіктердің, кеміргіштердің немесе басқа жануарлардың 
енуінен қорғауды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланған және жабдықталған. 
Зиянкестерді профилактикалық бақылау бағдарламасы әзірлен
болу керек

Қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері, киім ілетін бөлмелер, душ 
бөлмелері және дәретханалар сақтау аймақтарынан тиісті түрде бөлінген. 
Қойма үй
-
жайларында жеке пайдалануға арналған тамақ өнімдерінің, 
сусындардың, темекі бұйымдарының, сондай
-
ақ дәрілік заттардың болуына 
тыйым салынады.
Бақылау талап
етілетін үй
-
жайдың өндірістік орта жағдайларына үй
-
жайлардағы температура, жарық, ылғалдылық және тазалық жатады.
Дәрілік заттарды сақтауға және өткізуге әсер ететін жабдық оны пайдалану 
(пайдалану) жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жобаланады, орналастырылады
және қызмет көрсетіледі. Тиісті операцияларды орындау үшін анағұрлым 
маңызды жабдыққа техникалық қызмет көрсету жоспары бекітіледі.
Ең маңызды жабдыққа ауа баптағыштар, тоңазытқыш камералар 
(тоңазытқыштар) немесе құрылғылар, күзет және өрт дабылы, кіруді
бақылау 
жүйелері, желдету жүйесі, ауаны ылғалдандыру және (немесе) құрғату жүйесі, 
термогигрометрлер (психрометрлер) немесе температура мен ылғалдылықты 
тіркеу үшін пайдаланылатын өзге де жабдық, тасымалдау үшін 
пайдаланылатын жабдық жатады.
Сақтау үй
-
жайлары (аймақтары) дәрілік заттар мен медициналық 
бұйымдарды қабылдау, сақтау, түсіру операцияларының жүзеге асырылуын 
қамтамасыз етеді. Жүргізілетін барлық операциялардың дәлдігі мен 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтау үй
-
жайлары (аймақтары) жарықпен
қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет