Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет129/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

Тасымалдау.
Тасымалдау ДЗ және МБ түпнұсқалығы мен сапасы 
жоғалмайтындай және мәлімделген сақтау шарттары сақталатындай етіп 
жүзеге асырылуы тиіс.
 
Дәрілік заттарды сақтаудың талап етілетін шарттары өндірушінің 
нұсқауларына немесе орамдағы ақпаратқа сәйкес тасымалдаудың барлық 
уақыты ішінде сақталады. Тасымалдау әдісіне қарамастан, өнімнің сапасы 
теріс әсер етпегенін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.Тасымалдау 
үрдісінде температуралық режимнің бұзылуы немесе дәрілік заттардың 
бүлінуі сияқты ауытқулар туындаған жағдайда олар туралы ақпарат 
жөнелтуші мен алушыға хабарланады.
Тасымалдау мыналарды қамтамасыз етуі керек:

Қаптаманың тұтастығы.

Сақтау шарттарын сақтау.

Жарамды көлік құралдары.

Бұзушылықтар туралы ескерту.

Төтенше жағдайларда барабар әсер ету.

Тәуекелдерді бағалау.
Тасымалдау кезінде мүлдем болмауы қажет:

Бүлінудің

Зақымданудың

Ластанудың

Қайта сұрыптаудың

Шатастырудың

Жалғандықтың

Ауыстырудың

Ұрлықтың
Дәрілік заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралы мен 
оның жабдығы таза ұсталады және Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген санитарлық нормалар талаптарына сәйкес тазартылады және 
жиналады. 
Дәрілік заттармен жұмыс істеу кезінде мамандандырылған көлік 
құралдары мен жабдықтар пайдаланылады. Егер мамандандырылмаған көлік 


308 
құралдары мен жабдықтар пайдаланылса, дәрілік заттардың сапасын сақтауды 
қамтамасыз ететін рәсімдер жазбаша құжат нысанында әзірленеді және 
қабылданады.
Тасымалдауға дайындық кезінде жүк жөнелтуші алушымен жеткізілетін 
ДЗ және МБ жарамдылығының қалдық мерзімдерін келісуге тиіс.
Көлік құралы мен оның жабдығы таза ұсталады және қажеттілігіне 
қарай жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.
Тасымалдау кезінде дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін 
қамтамасыз ету, сондай
-
ақ жалған дәрілік заттардың жеткізу тізбегіне өту 
қаупінің алдын алу үшін қажетті сақтау шарттары сақталады.
Тасымалдау үшін дайындалған дәрілік заттар мен медициналық 
бұйымдар топтық ыдысқа (картон қораптар немесе бумалар) қаптамаланады, 
кейіннен нормативтік құжат талаптарына сәйкес келетін және дәрілік заттар 
мен медициналық бұйымдарды сыртқы орта факторларынан (атмосфералық 
жауын
-
шашын, шаң, күн сәулелері, механикалық зақымдану) қорғауды 
қамтамасыз ететін көлік қаптамасына (жәшіктер, қораптар, орау қағазы) 
қаптамаланады.
Көлік және тұтыну қаптамаларының, тығындау құралдарының барлық 
түрлері дәрілік заттың қасиеттеріне, тағайындалуына және санына, сондай
-
ақ 
қаптамалау материалының тасымалданатын өніммен үйлесімділігіне 
байланысты таңдалады.
Жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар мен 
медициналық 
бұйымдарды 
тасымалдау 
тоңазыту 
элементтері 
бар 
термоконтейнерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы көлікте 
жүргізіледі.
Құрғақ мұзды пайдалана отырып дәрілік заттарды тасымалдау 
кезінде өнімнің құрғақ мұзбен жанаспауы қадағаланады, бұл өнімнің сапасына 
теріс әсер етеді (мысалы, қатып қалуға әкеледі).
Ұшпа, иісі бар, улы дәрілік заттарды бір көлік қаптамасына бір атаудан 
артық қаптамаламайды.Аэрозольды қаптамалар тасымалдау кезінде соққылар 
мен механикалық зақымданулардан сақталады.Термолабильді дәрілік 
заттарды тасымалдау кезінде тасымалдаудың талап етілетін жағдайларын 
қамтамасыз ету үшін арнайы жабдық немесе құралдар (изотермиялық қаптама, 
контейнерлер),сондай
-
ақ талап етілетін температуралық режимді сақтауды 
қамтамасыз ететін көлік құралдары пайдаланылады. Пайдалану параметрлерін 
көрсететін жағдайларды сақтай отырып және маусымдық ауытқуларды ескере 
отырып, температуралық картаға талдау жүргізіледі. Алушының сұрауы 
бойынша термолабильді дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау кезінде 
температуралық режимнің сақталуын растайтын деректер ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет