БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
13
- Сурет салу қиын болды ма?
- Басқа адамдардың сендерді қалай көретіндері туралы ойландыңдар ма? Неліктен?
- Адамның бейнесі неден тұрады және оның өзгеруі мүмкін бе? Өзгере алатын болса,
неліктен?
«Домино» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Топтың бір мүшесінен ойынды бастауды сұраңыз. Ол оны сыртынан немесе ішінен сипаттай
алатын екі нәрсені ойлап тауып айтады. Мысалы, «Бір
жағынан менің итім бар, екінші
жағынан мен шоколад жақсы көремін». Тренер тізбектегі алғашқы адам бола алады.
Дәл осындай сипаттамаларға ие басқа топ мүшесі оның алдында
болған адамның қолынан
ұстап, тізбекті тұйықтап, өзінің мінез қасиетін немесе өзі туралы
қандай да бір ақпарат айтуы
тиіс. «Мен де бір жағынан шоколад жақсы көремін, екінші жағынан менің інім бар».
Егер бір қолға ұқсас сипаттамалар табылмаса, сол адамнан басқа сипаттаманы немесе жалпы
сипаттағы қасиетті атауын сұраңыз.
Ақыр аяғында барлық топ тренермен бірге шеңбер немесе тұйық тізбек құрайды.
Оқушыларға рақмет айтыңыз.
Балаларға бәріміз әртүрлі екендігімізді, бірақ бізді біріктіретін ортақ нәрселер бар екендігін
айтыңыз. Ең бастысы – өзіне және басқаларға мүмкіндік беру және позитивті болу.
Достарыңызбен бөлісу: