Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет12/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
«Автопортрет» жаттығуы 
Уақыт: 20 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
 
Жұмыс дәптерлеріңді алыңдар, _ бетін ашыңдар (нөмірді алдын ала жазу керек). Келесі 
қызықты жаттығу арқылы өз ойларыңмен және сезімдеріңмен бөлісе аласыңдар. 
Сопақ пішін салыңдар – ол адамның беті.
Не тамашалағанды жақсы көрсеңдер, көздің орналасатын жеріне соны салыңдар.
Не тыңдағанды жақсы көрсеңдер, құлақтың орнына соны салыңдар.
Не туралы ойлауды немесе армандауды жақсы көрсеңдер, шаштың орнына соны салыңдар.
Не туралы сөйлескенді жақсы көрсеңдер, ауыздың орнына соны салыңдар. 
Балаларға суреттерін топқа көрсетсін. Барлығының сөйлегені жөн, бірақ мәжбүрлеудің қажеті 
жоқ. Барлық бөліктер туралы немесе кейбір бөліктерді таңдап, ол туралы әңгімелеуге болады. 
Жаттығуды жабу оқыту циклінің алғашқы екі кезеңі бойынша жүргізіледі. 
Қолдау туралы ұмытпаңыз. Эмоционалдық қауіпсіз атмосфераның болуын қадағалаңыз. 
 
Талқылауға арналған болжалды сұрақтар: 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
13 
- Сурет салу қиын болды ма? 
- Басқа адамдардың сендерді қалай көретіндері туралы ойландыңдар ма? Неліктен? 
- Адамның бейнесі неден тұрады және оның өзгеруі мүмкін бе? Өзгере алатын болса, 
неліктен? 
«Домино» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
 
Топтың бір мүшесінен ойынды бастауды сұраңыз. Ол оны сыртынан немесе ішінен сипаттай 
алатын екі нәрсені ойлап тауып айтады. Мысалы, «Бір жағынан менің итім бар, екінші 
жағынан мен шоколад жақсы көремін». Тренер тізбектегі алғашқы адам бола алады. 
Дәл осындай сипаттамаларға ие басқа топ мүшесі оның алдында болған адамның қолынан 
ұстап, тізбекті тұйықтап, өзінің мінез қасиетін немесе өзі туралы қандай да бір ақпарат айтуы 
тиіс. «Мен де бір жағынан шоколад жақсы көремін, екінші жағынан менің інім бар». 
Егер бір қолға ұқсас сипаттамалар табылмаса, сол адамнан басқа сипаттаманы немесе жалпы 
сипаттағы қасиетті атауын сұраңыз. 
Ақыр аяғында барлық топ тренермен бірге шеңбер немесе тұйық тізбек құрайды. 
Оқушыларға рақмет айтыңыз. 
Балаларға бәріміз әртүрлі екендігімізді, бірақ бізді біріктіретін ортақ нәрселер бар екендігін 
айтыңыз. Ең бастысы – өзіне және басқаларға мүмкіндік беру және позитивті болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет