БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
15
«Көшбасшыны көрсет» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Оқушылар екі шағын топқа бөлінуі қажет. Тренер бір көшбасшыны тағайындайды. Бірінші
топ көшбасшыны іс-әрекеттерімен бейнелеп көрсетеді, ал екінші топ оның кім екенін табуы
тиіс.
Дайындыққа берілген уақыт – 5 мин.
Жұмбақ нұсқалары:
• Футбол командасының көшбасшысы.
• Сыныптағы көшбасшы.
• Шахмат құрамасының көшбасшысы.
• Музыкалық топтың көшбасшысы.
• Ірі компанияның көшбасшысы.
• Әскери бөлімшенің көшбасшысы.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Басқа әлеуметтік топтардың көшбасшылары қандай болуы мүмкін? Ойланып көріңдер.