БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
20
Бұл әлемде сендер үшін не маңызды екенін, қандай адам болғыларың келетінін түсіну
керек. Өз принциптеріңді қалыптастырыңдар («Мен
адалдыққа, мейірімділікке, өзара
қолдауға сенемін») – сонда тіпті түсініксіз жағдайларда маңызды шешімдер қабылдау
оңайырақ болады. Егер шешім қабылданса, өздерің қалаған адам: адал, мейірімді, жақсы дос
бола аласыңдар. Есте сақтаңдар, мақсат алыс болса да, шағын қадамдармен қозғалу жеткілікті.
«Құндылықтар» жаттығуы
Уақыт: 15 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
Тренер оқушыларға келесі нұсқау береді:
Жұмыс дәптерлеріңнің __ бетін ашыңдар (№ алдын ала қараңыз).
Пікірлеріңе сәйкес келетін әрбір тұжырымға «плюс» белгісін қойып, келіспейтін тұжырымға
«минус» қойыңдар. Содан кейін өздерің үшін ең маңызды деп санайтын 3 тұжырымды
анықтап, маңыздылығына қарай 1-ден 3-ке дейінгі сан қойыңдар.
Өздерің үшін маңызды емес тұжырымдар үшін де солай істеңдер: маңызды емес үшеуін
таңдап, оларға дәрежесіне сәйкес сан қойыңдар. Яғни, сендер үшін ең елеусіз тұжырым №1
болады және т.с.с.
Мен үшін маңызды:
- Алға қарай жүру
- Төзімді болу
-
Шынайы болу
- Жаңа нәрселерді білу
- Билікте болу
- Жеңіске жету
-
Көп жұмыс істеу
- Өзін-өзі тану
- Заңға бағыну
- Достарыма көмектесу
- Жай ғана өмір сүру
-
Еркін болу
- Бай болу
- Бақыт іздеу
- Жаңа нәрселер ойлап табу
-
Денсаулыққа мән беру
- Әр минуттан рақаттану
- Білімді болу
- Өмірдегі ең жақсы жолдарды іздеу
-
Дінге сену
- Өз еліммен, қаламмен мақтану
- Керекті адамдармен танысу
- Қоғамдық нормаларға сай болу
-
Тату отбасыда тұру
- Сүйікті болу
- Жақсы көру
- Танымал болу
- Маңызды жаңалықтарды ашу
-
Пайдалы болу
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
21
- Маңызды деп санайтын нәрсе үшін күресу
Өз қағидаларын жазуды ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: