БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
22
8-сабақ
Тақырыбы: 1 тоқсан бойынша қорытынды сабақ.
Ұғымдар: көшбасшылық, команда.
Сабақтың мақсаты: «Көшбасшылық», «Команда» тақырыптарын қорытындылау; басты
нәрселерді бөліп көрсету және тұлғалық өсу аймақтарын анықтау.
Әдістері: әңгімелесу, сауалнама толтыру, дәптермен жұмыс істеу, ой-талқы.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптерлері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт: 5 минут
Әсерлермен бөлісу
Уақыт: 5 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
Бүкіл тоқсан ішіндегі сабақтардан алған әсермен бөлісу үшін жеткілікті уақыт жұмсаңыз. Не
көбірек ұнады? Ең есте қаларлық сәттер қандай болды?
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Уақыт: 15 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
Оқушыларға көшбасшылық және командада жұмыс істеу
бойынша кеңестерді қамтитын
плакат дайындауды ұсыныңыз.
Талқылау және плакат жасау үшін 7 минут уақыт беріңіз.
Жұмыстардың презентациясын жүргізіңіз.
Топтың дамуын бағалау
Уақыт: 5 минут
Материал: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушылардан жұмыс дәптерлерінің № __ бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің екінші
бағанын толтыруларын сұраңыз.
Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма,
әлде жақсарды ма? Неліктен?