Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет75/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
 
Үй тапсырмасы
Кешке, ұйықтар алдында, бір күн ішінде сезген эмоцияларыңды еске түсіріп жазыңдар. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
83 
30-сабақ 
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым. 
Ұғым: эмоцияны басқару. 
Сабақтың мақсаты: өз эмоционалдық күйіне саналы қарау дағдысын меңгеру; эмоцияларды, 
олардың көрінісін реттеуді үйрену; жанжалды жағдайдан сындарлы шығу дағдысын 
меңгеру. 
Әдістері: жаттығулар, дискуссия, шағын дәріс, дәптермен жұмыс істеу. 
Ресурстар: «Лайықты жауап» жаттығуына арналған карточкалар, жұмыс дәптерлері. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
Теориялық блок. Эмоцияны басқару 
Уақыт: 5 минут 
 
Аудиторияға сұрақ: 
- Эмоцияларды бақылауға бола ма? 
- Эмоцияны басқаратын адамдарды мысал ретінде келтіре аласыңдар ма? (өмірден алынған 
бірнеше мысалды алдын ала дайындау қажет) 
- Қандай бұрынғы жағдайда едәуір ұстамды болғыларың келер еді? Мұны қалай үйренуге 
болады? 
Қазір балалардың эмоцияны басқаруды үйрену бойынша керемет мүмкіндіктері 
болатындарын айтыңыз. 
«Лайықты жауап» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: карточкалар 
Процесі: 
 
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әркім тренерден карточка алады, онда қатысушылардың 
бірінің сыртқы келбеті немесе тәртібі туралы ескерту жазылған. 
Тыңдаушылар оң жағындағы көршісінің көзіне қарап, кезекпен-кезек карточкада жазылған 
сөзді айтады, ал көршісінің міндеті – осы ескертуге лайықты жауап беру. Одан кейін жауап 
берген қатысушы оң жағындағы көршісіне бұрылып, карточкасын оқиды. Бәрі 
«шабуылдаушы» және «қорғанушы» болып көргенде жаттығу аяқталып, топ талқылауға 
кіріседі. 
 
Талқылау: 
Тренер қатысушыларға сұрақ қояды: Тапсырманы орындау оңай болды ма? Ескертулерді 
жүректеріне жақын қабылдады ма?
Әдетте тыңдаушылар дөрекі сөздерді қабылдамағандарын айтады, себебі оларды нақты 
өздеріне айтылған ескерту деп санамайды.


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
84 
Сосын бәрі шынайы өмірде қарым-қатынас кезінде осындай ескертулерге сындарлы жауап 
беруге көмектесетін түрлі жауап нұсқаларын іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет