Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
БӨЖ
Факультет: Филология
Тобы: ФАҚ 311A
Қабылдаған Қалдыбай Қайнар
Орындаған Серікбай Ұлжан
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Грек мифологиясы
3 .Гректің “ЖЕТІ ДАНАСЫ”
4. Атақты грек философт
5.Сократ
6.Платон
7.Аристотель
8.Аристотельдің бірінші физикасы
9.Киниктер
10.Эпикурлар
11.Стоиктер
12.Қорытынды
Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына
көшеміз. Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны –
қазіргі Грекия. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық
негіздері – патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған
құлиеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде
байлықтың көзі ашы лып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы,
интеллегенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл үдерістер VI-V б.ғ.д. өтті.
Грек философиясының қайнар көзі оның бай мифологиясында,
гректердің өте терең нақыл сөздер қалдырып кеткен жеті дана
атала рында. Сондықтан оларға қысқаша тоқтап кетпеуге болмайды
Грек мифологиясы Грек мифологиясы – осы күнгі уақытқа дейін адамзатты таңғал дыратын
мәдени құбылыс. Ол – бүкіл Европа өркениетінің іргетасына сіңген, бүкіл ағарған адамзаттың
рухани өміріне осы уақытқа дейін ықпалын тигізіп, шығармашылық шабыт туғызатын көне
мәдениет туындылары. Грек мифологиясынан сонау көне замандағы адамдардың өмір сал тын,
олардың қиялдары мен үміттерін, табиғаттың құбылыстарына, оның ашылмаған сырларына деген
көзқарастары мен қорқыныш сезімдерін, дүниенің қалайша пайда болғаны жөніндегі алғашқы
түсініктерін байқауға болады. Грек мифологиясының кейіпкерлері осы уақытқа дейін өнер,
философия, әдебиетте қолданылады. Кейбіреулерін атап өтейік. Грек мифо логиясында ең
жоғарғы құдай – Зевс – Кронның баласы. Ол өзінің інілері Посейдон мен Аидпен дүниені бөліп
алады. Зевске – аспан, Посейдонға – мұхит, Аидқа жер тиеді. Зевс аспандағы бұлттарды жинап,
жерге жаңбыр жаудыртып, найзағайды жібереді, ол – үй шаруа сына көмектесетін Құдай. Грек
мифологиясында Эрот махаббаттың Құдайы болса, өмірдегі қуаныш пен бақытты көрсетсе,
Танатос өлім Құдайы болған. Ал оның інісі Гипнос – ұйқы Құдайы. 63 Егер Афродита сүю мен
құнарлықтың әсем Құдайы болса, онда Пандора әсем зұлымдықты көрсетеді. Зевстің бұйрығы
бойынша, ұста Құдайы Гефест Пандораны өте әсем қылып жасап шығарды. Ол адамдарға келгенде
өзімен әкелген қобдишасын ашып, бүкіл зұлымдықтарды жер бетіне шығарып жіберді, тек қана
оның түбінде үміт қалыпты. Көне гректердің Құдайларының ішіндегі әділ қазысы – Фемида,
әділеттілікті қадағалап байқап отыратын – Дике. Егер Эфир Күн Құдайы болса, онда Нюкта – түн
Құдайы. Нюкта ешкімге қосылмай, жалғыз өзі алдауды, құмартуды, қайғыны, аштықты, кәрілік пен
өлімді тудырыпты. Ал адамға келетін болсақ, грек мифологиясында оның жаны (психе) және
ақыл-ойы (нус) бар. Жануарлардың жаны болғанымен, олардың ақыл-ойы жоқ. Нус – адамдарға
ғана тән құбылыс. Адам өмірінің ұзақтығын, жасын анықтайтын Құдай – ол Мойра, ал адамның
тағдырын анықтайтын – Ананке. Ал Тихе деген тағдыр Құдайы белгілі бір кездейсоқтықтың
негізінде адамның тағдырын күрт өзгертіп жіберуі мүмкін. Адамның ақыл-ойы мен сезімінде
шабыт тудыратын құдайлар – Музалар. Эрато – махаббат пен поэзияның, Клио – тарихтың,
Мельпомена – трагедияның, Терпсихора – бидің, Талия – комедияның, Урания – астрономияның
музалары. Оқырманның байқағанындай, бұлардың барлығы – қазіргі мәдениет, білім салаларында
осы уақытқа шейін айтылатын кейіпкерлер.
Грекия
Гректердің «Жеті данасы» Грек философиясының пайда болып қалыптасуына өзінің тікелей әсерін тигізген –
олардың «Жеті данасы». Олар б.з.д. VII ғасырда өмір сүрсе керек, аттары – Фалес, Клеобул, Питтак, Биант, Солон,
Хилон, Анахарсис. Соңғы кісінің шыққан мекені – қазақ жері болса керек. Білім іздеп сонау Грекияға барып, Солон
патшаның кеңесшісі болыпты-мыс деген аңыз бар. «Сіз қалай ойлайсыз, жер бетінде өлі көп пе, тірі көп пе?» – деген
сұраққа ол кісі сұрақпен жауап қайтарған екен: «Түбінің қалыңдығы үш елі тақтайдан жасалған қайықтағы теңіздің
толқынында жүзген адамдар өлі ме, әлде тірі ме?». Осы жауаптан Анахарсистің ХХ ғ. пайда болған
экзистенционализм философиясының негізгі қағидаларының бірі – адам өмірінің нәзіктігі, ол тек «шекаралық», яғни
өмірмен өлімнің екі ортасында қалған жағдайда өзінің өмірінің мән мағынасын ашатыны жайлы шындықты болжай
білгенін байқаймыз. Гректің «жеті данасы» үлкен философиялық туындылар қал дырмаған, олар кітап жазбаған.
Бірақ олардың дүние, адам, таным 64 мәселелеріне арналған біршама нақыл сөздері қалған. Кейбіреулерімен
таныстырайық. Клеобул: «Өлшем – ең жақсы», «Әкеңді сыйла», «Көбірек тыңда, азырақ сөйле», «Ләззатты
ауыздықта», «Әйелді теңіңнен ал» т.с.с. деп айтқан екен. Солон патшадан мынандай нақыл сөздер қалыпты: «Зардап
туды ратын ләззаттардан аулақ бол», «Әке-шешеңнің пікірлері әрқашанда дұрыс» (бұған күмән келтіруге, әрине,
болады. – С.М.), «Елді басқару үшін, ең алдымен көнуді үйрен», «Көрмегенді айтпа, білмесең – үндеме». «Ұлы
істермен бәріне жақсы болу қиын». Хилон былай депті: «Өзіңді тани біл», «Тойды арзан ақыға жаса» (әсіресе
қазақтарға керек. – С.М.), «Өлгенді көтер, үлкенді сыйла», «Тілің ойыңнан озып кетпесін» (әсіресе бізге керек нақыл
сөз. – С.М.). Фалес: «Әке-шешеңді қалай сыйласаң, балаларың соны жасайды», «Ең жаман нәрсе – тәрбиесіздік»,
«Өлшемді сақта», «Елді басқару үшін ең алдымен өзіңді-өзің басқара біл». Питтак: «Қорқыныш пен үрей болашақта,
тыныштық өткенде», «Кек алудан гөрі кешіру жақсы». Биант: «Күнде айнаға қара: әсем болсаң, дұрыс жүр, кемшілігің
болса, түзетуге тырыс», «Өзімдікінің бәрін өзіммен бірге алып жүрмін». Периандр: «Талаптан. Сонда ғана барлық
арманыңа жетесің», «Дүниедегі ең тамаша тыныштықта». Әрине, осы және басқа нақыл сөздерде жеті дананың
өмірден алған тәжірибесі, олардың дүниетанымы, адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі терең ойлары берілген.
Осындай рухани тебіреністерден кейін грек даласында философияның өзі туады.
Сократ ілімі Сократ (469-399 б.ғ.д.) Афина қаласының қарапайым адамдарының
отбасында дүниеге келеді. Өз заманының халық сыйлайтын, сонымен қатар
байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек. Сократ
жөнінде тарихта әртүрлі пікірлер қалған. Аристофанның «Бұлттар» деген
комедиясында Сократ «өтірікпен шындықты жеңетін» софистердің біреуі деп
қөрсетілсе, Ксенофонт оны заңды сүйгіш, әдет ғұрыпты сыйлаған адам
ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең ақылды, кемеліне келген дана
ретінде суреттейді. Сократ – жазба еңбектер қалдырмаған адам. Байлық
қумаған. Сон дықтан өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым
салыстыр малы еткені үшін жек көрген. Сократ софистердің «Адам – өлшем»
деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда
іздеген адамы емес, ол – тек адам ретінде алынғандағы адам. Сонымен,
негізінен, оны толғандыратын мәселелер – адам табиғаты, оның терең мәні.
Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан дүниесінде. Ал адамның
жаны – ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгершілікке
негізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті. Адамды дене ретінде емес, сана
ретінде түсіну керек. Ол – өз-өзін санасы арқылы сынай алатын, ар-ұжданы бар
тұлға. Олай болса, адамның жан дүниесін тәрбиелеу қажет, оны өсіп-өндіруіміз
керек. Өз қаласының адамдарына арнап ол: «Сендер өз денелеріңді я болмаса
байлықты, басқа керек заттарды бірінші кезекте ойламаңдар, ең алды мен өз
жан дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріп, тазалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес,
байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады», – дейді.
Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер
болсақ, натур-философиялық кезең және софистика ұлы
жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол
антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы
ойшылдар Платон мен Аристотель болды. Платон (б.з.д. 427-
347 ж.) өзінің осы атын (platos – грек сөзі, кең) кең
иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген
аңыз бар. Оның шын аты – Аристокл. Платонның әкесі атақты
рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең
шығарумен әуестенеді. 20 жасында Сократпен танысып,
өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды, сөйтіп, ол өзінің
өмірін толығынан философияға арнайды. Платонның
еңбектерінің ерекшелігі – ол оның барын сұхбат ретінде
жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон сегіз жыл бойы Сократпен
бірге болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұхбаттың
негізгі кейіпкері – Сократ. Сөйтіп, Платон өзінің ойларын осы
Сократ кейпі арқылы жеткізеді. Платонның негізгі еңбектері
«Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон»,
«Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с. Платонның
көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен – Гераклит. Ол
оның негізгі тұжырымы «Бәрі де – ағым», «бітпейтін
өзгерісті» толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп
жатқан дүниеге тән. Екіншіден, оған Элея мектебінің негізгі
қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол – қозғалмайтын, мәңгі,
бір Болмыс идеясы. Үшіншіден, Сократтың моральдық
философиясы, оның негізгі ұғым құндылықтары – Ақиқат,
Ізгілік, Әсемдік. Төртіншіден, Пифагордың сандық
философиясынан шығатын өлшемдік ұғымы
.
Аристотель және оның философиялық жүйесі Аристотель (384-322
б.з.д.) – көне заманның ең ұлы философы, заманының ең дарынды,
жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристо тель сонымен бірге өз
заманының ұлы қолбасшысы, үлкен империя жасаушы Ескендір
Зұлқарнайынның оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина
қаласында даңқы бүкіл әлемге әйгілі мектеп – Ликейді ашады
(қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен
бақ, ал онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған,
оларды грекше «перипатос» дейді. Тарихта Аристотельдің
философиясын қолдап, ары қарай жалғастырған мектепті
перипатетиктер дейді. Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға
болғаннан кейін, оның мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап «Органон», «Категориялар» т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері: «Физика» 8 кітап,
«Аспан жайлы» 4 кітап, «Аспандағы құбылыстар жайлы» т.с.с.). Жан
дүниесі философиясына арналған: «Жан дүниесі жөнінде», «Өмір
мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы» т.с.с. Тіршілік
философиясына арналған: «Жануарлардың дене мүшелері
жайында», «Жануарлардың дүниеге келуі туралы». Бірінші физика
14 кітаптан тұратын. Соңынан «Метафизика» деген атаққа ие
болды. Моральдық философияға арналған: «Никомахтың этикасы»,
«Үлкен этика». 84 Саясат пен экономикаға арналған: «Саясат»,
«Экономика», «Афи наның саяси өмірі». Көркем сөйлеу мен
көркем сөзге арналған: «Риторика өнері», «Өлең сөз жөнінде»
Аристотельдің бірінші физикасы Аристотель «бірінші физика» деп табиғат заңдылықтарын,
нақтылы жаратылыстану заңдылықтарын зерттейтін физика ғылы-мының ар жағында жатқан
дүние жөніндегі ең шегіне жеткен жалпы сұрақтарды түсінеді. Антика заманының ойшысы
Андроник Родосский сондықтан оған «метафизика» деген атақ қойған болатын. Бұл ұғымның
«бақытты тағдыры» болып, осы уақытқа шейін жетіп, философияда кеңінен қолданылады.
Аристотель дүниенің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар – материя және бітім, форма.
Материя – бітімсіз, бітім материясыз өмір сүре алмайды. Егер Платон материя оны
қалыптастыратын идея сыз өмір сүре алмайды десе, онда Аристотель форманың өзі де
мате риясыз болмыста жоқ деген пікірге келеді. Тек бір-біріне қосылып қана олар заттың
шынайы болмысына, субстанцияға әкеледі. Олай болса, дүниенің алғашқы негізін құрайтын
материя және форма арқылы өмір сүретін – жеке заттар ғана. Сонымен, Дүниенің алғашқы
негіздері материя мен форма болса, олар қалайша бір-бірімен қосылып, нақтылы заттарды
тудырады? Бұл сұрақты шешу жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым әкеледі. Олар
«мүмкіндік» (грекше – dynamіs, латынша – potentіa) және шындық (грекше – energeіa, латынша –
actus). Бұл ұғымдарды ол мате рия және формамен тығыз ұштастырады. Материя – тек белгілі бір
заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал формаға келетін болсақ, ол – шынайылық. Сондықтан
форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Мысалы, кірпіш – саздың формасы,
сонымен қатар болашақ үйдің мүмкіндігі, ал саз – кірпіштің мүмкіндігі. Сәби – болашақ ересек
адамның мүмкіндігі. Сөйтіп, қайсыбір дүниеге келу – мүмкіндіктің шындыққа айналуында.
Жоқтан еш нәрсе пайда бол майды, қайсыбір қозғалыстың қайнар көзі дүниенің сыртында емес,
заттардың ішкі мүмкіндіктерінде.
Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық
дәуірдегі философиялық ой-пікірдің ең биік шыңына
жатқызсақ, б.з.д. IV ғ. – V ғ. екі ортасындағы VIII ғасырды
көне заманның философиясының бірте бірте әлсіреп
сөнуімен байланыстырамыз. Бұл VIII ғасырда неше түрлі
соғыстар, құлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық
қозғалыстар – бәрі де болды. Бұл уақыт – құлдық
қоғамның пісіп-жеткен сатысынан өтіп, сонымен қатар
басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш 90 күштер
сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа
күш қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі
135м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында
салынғанымен, оған сол бұрынғы құлдардың күші
пайдаланылған болатын. Птоломей Филопатер өз
заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, ал оны төрт
мың құл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде
пайдалануға болады? Бірақ бұл заманның ғылым
саласында Римде құқық теориясының іргетасы қаланып,
соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына
өзінің зор әсерін тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің
негізгі пәндерінің бірі – ол Рим құқығы. Бұл дәуір жөнінде
орыстың ұлы философы А.Ф.Лосев айтқандай:
«Философияда қажу мен түңілу байқалады… Мәресіне
жете алмай өшкен, бірақ болуға тиіс болса да, дегенмен
болмысқа айналмаған ілімдер...». Бұл ойды римдік-
эллинистік философиялық ой-пікірдің жалпы мінездемесі
ретінде келтіруге болады.
Алесандрия Фаросы.
Киниктер Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда
сондағы тәртіпке ашықтан-ашық қарсы шығатын белгілі бір
философиялық саяси ойлар, я болмаса бүкіл өмір салтымен сол
қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар пайда болады. ХХ ғасырдың
екінші жартысында біз оларды «хиппи» қозғалысынан,
«битниктерден», «кришнаиттерден» т.с.с. байқадық. Міне, осындай
дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде фило софия мен этика
саласында киниктер мектебі пайда болады. Оларды Грекиядағы
сократтық мектептердің өкілдеріне жатқызады. Олардың атын
біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе, келесілері «куоп»
(ит) деген сөзбен теңестіреді, өйткені осы мектептің негізін қалаған
Антисфен: «Адам «ит сияқты өмір сүруі керек», – деген екен.
Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы – Диоген Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес,
керісінше, жаңа өмір салтын жасап, оны сынау болды. Мысалы,
Диоген теңіздің жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді, шалшықтан
қолымен су алып ішеді, жұрттың көзінше дәрет алады; күндіз шам
жағып жүреді. «Неге шам жағып жүрсіз?» – деген сұраққа: «Адам іздеп
жүрмін», – деп жауап береді. Атақты Ескендір Зұлқарнайын мұндай
қызық адамды көрейінші деп оған келгенде, Диоген: «Былайырақ
тұршы, Күннің сәулесін жауып тұрсың ғой», – деген екен. 91
Киниктердің ілімі бойынша, адамның ең соңғы талғамы – ізгілік. Ал
оның өзі – бақыт. Ізгілік дегеніміз – аз нәрсеге қанағат ету,
зұлымдықтан аулақ жүру; ізгілікке үйренуге болады, бірақ оған
білімнен гөрі ерік керек; ізгілік адамның сөзінен емес, жүріс-
тұрысынан байқалады. Азға қанағат ету адамды біреулерге тәуелді
болудан арылтады. Бірақ киниктердің дербестігі бүкіл мәдениет,
әлеуметтік нормалар, өнер, отбасы, мемлекетті теріске шығаруға
әкелді. Мұның бәрі де, әрине, сол кездегі қоғамдағы қалың бұқараның
өте аянышты жағдайымен байла нысты болса керек. Киниктер жеке
меншікті, әлеуметтік айырмашылықты жою керек, адам әлемнің
азаматы (космополит) болуы керек деген пікір айтты.
Диоген Синоптық
Эпикур философиясы Эпикур (342-270 б.ғ.д.) – Демокриттің қолдаушысы. Ол 306
ж. Афина қаласында өзінің мектебін ашты. Ол кейіннен «Эпикур бағы» деген атақ
алды. Мектептің қақпасында мынандай жазу бар екен: «Жолаушы, мұнда саған
жақсы болады: мұнда ләззат алу – ең биік ізгілік». Эпикур ілімі үш құрамдас
бөліктен тұрады. Ол – каноника (таным теориясы), физика (табиғат жөніндегі
ілім) және этика (мораль, әдет ғұрып). Эпикурдың каноникасында сезімдік
танымға көп көңіл бөлінген. Дүниені қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі
жеңіл атомдардың біздің денемізге кіруі жатыр. Біздің түйсіктерімізге кіріп, олар
шынайы қабылдауды туғызады, ал біздің басқа мүшелерімізге кірсе, онда неше
түрлі қиялдар пайда болады. Олай болса, сезімдік таным бізді ешқашан
алдамайды. Жалғандықтың қайнар көзі ақыл-ойда, тұжырымда. Өйткені ақыл-ой
сезімдік танымға неше түрлі қосындылар жасайды. Ал ой дегеніміз – ол
сөздердің мән-мағынасы. Сондықтан ойлауда қате жібермес үшін, сөздердің
алғашқы мағынасынан таймау керек. Эпи кур адамдар, жалпы алғанда, дүние
және адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері жөнінде түсініктер жасайтынына
күмән келтірмейді. Ал жеке ғылымдағы мәселелерге келер болсақ, онда әртүрлі
пікірлер болуы мүмкін, тек әр адам өзінің ойын жақсы дәлелдей білуі керек.
Эпикур физикасына келер болсақ, оның негізгі қағидалары мынан дай: Еш нәрсе
жоқтан пайда болып және жоққа кетпейді. Ғарыш әрқашанда осындай болған
және болашақта да осындай болады, өйткені басқаға айналатын еш нәрсе жоқ.
Ғарыш денелер мен кеңістіктен тұрады, денелер жөнінде біздің сезімдеріміз
айтады, ал кеңістік болмаса денелердің қозғалысы болмас 92 еді. Денелер
бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі заттар құрылған.
Ғарыштың көлемі шексіз – атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік жағынан
алғанда да, Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз. Оқырманның байқағанындай,
мұндай көзқарас Демокриттің іліміне өте жақын. Тек Эпикурдың көзқарасының
айырмашылығы – атомдарға көлемі мен бітімінен тыс салмақ қосылады. Екінші
негізгі Эпикурдың жасаған жаңалығы – өзінің салмағы арқылы кеңістікте
құлдырап бара жатқан атом алғашқы бағытынан ауытқып кетеді. Олай болса, бұл
Демокриттің дүниеде тек қана қажеттілік пен себеп бар деген көзқарасына үлкен
соққы болды. Атомдардың ауытқуын Эпикур оның ішкі қасиеттерінен шығады
деп түсіндіреді.
Стоицизм (Стоя) философиясы Стоя философиясын (stoa – Афина қаласындағы философтардың
жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп
500 жылдай уақыт өмір сүрген. Оны Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы Стоя (1-2 ғ.ғ.)
деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары
қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған. Зенон
өзінің философиясында бүкіләлемдік мемлекет (космополис) жайында ілім жасаған. Бұл
мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен
әйелдер – барлығы тең 94 құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді.
Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды. Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі
материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіліктерді
тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеге
тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл ойда,
саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру – ол нағыз
табиғатқа сәйкес өмір сүру болады. Әрине, бұл ойлардың бары, шамасы, үлкен қалалардың тез
өсуін, рухани өмірдің тайызданып, азғындауын, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысын сол
кездегі ойшылдардың жаратпағандығынан туса керек. Олай болса, сыртқы дүниеде қандай
төңкерістер жүріп жатса да, сені тағдыр қандай тәлкекке салса да, ақыл-ойға негізделген
адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы дүниеге қызығу, оған құмарту әртүрлі
зұлымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің «ортаңғы жолын» қатты сынға алады. Ақыл-
ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама қарсы жатқан құмартудың арасындағы ортаңғы жолды
табу емес, олай болса, ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан
адамның негізгі мақсаты – құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық (apatіa – самарқаулық)
дәрежеге жету. Соңғы стоиктер оны даналық – София дейді. Байлықты аңсап, соның соңына
түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол
ақымақ адам, өйткені ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар халықтың көпшілігін
құрайды. Адамдардың бір-бірінен сыртқы әлеуметтік айырмашылығы: надандықтан шыққаннан
кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру – керек емес нәрсе. Оған,
дұрысы, көңіл аудар мау керек. Сондықтан тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу
қажет, өйткені ол адамның жан дүниесін түтіндетуі мүмкін. Бірақ адамның өзіне қарамастан,
сыртқы қолайсыз жағдай адамның жан дүниесінің тыныштығын бұзып, өне бойы зардап әкеле
берсе, ондағы ең жақсы жол – адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл дүниеден кетуі. Өздерінің натур-
философиясында стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық
алғашқы оттан пайда болып, уақыты өткеннен кейін, лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді.
Содан кейін тағы да дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол – мәңгілік алмасу. Құдай
табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл әлемді басқарады және
барлық бола- 95 тын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде
фаталистік (fatum – лат. сөзі, тағдырға сену) көзқарасты туды рады
Антикалық ғылым – адамзат ойының қызықты да, жарқын
беттерінің бірі. Философиялық және ғылыми идеялар,
концепциялар, теориялар көбінде қазңргң ғылымның іргетасы
болып табылады. Олардың кейбіреулері үшмыңжылдықтың
барысында талқыланып, шешілді, пікір таластар тудырды,
бірақ әлі де шешімін тапқан жоқ.
Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи
себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей
күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып,
қуанышты өмір сүруге шақырды.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Серік Мырзалы “Философия”
https://www.referat911.ru/Filosofiya/antika-filosofiyasy/81460-1709289-place2.html
Энтони Кенни “Антика философиясы”
Достарыңызбен бөлісу: |