Факультет: «Жаратылыстану ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата18.10.2023
өлшемі355,01 Kb.
#117813
1   2   3   4   5
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
«
Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
ерекшелігі
 
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін 
ескертуге, оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс. 
Жалпы бiлiм беретiн мектептерге қарағанда кәсiптiк мектептерде 
қиын оқушылардың көбiрек кездесетiнi белгiлi. ,,қиын,, балалар 
дегенiмiз кiмдер? Олар мектеп, тарапынан ерекше, қосымша 
бақылауды талап ететiн, тәрбиелеуге қарсылық бiлдiретiн 
оқушылар. 
Сонымен қоса, бiлiм деңгейi төмен, тәртiбi нашар, сабақтан көп 
қалатын, педагогтердiң талабын орындамайтын, адамгершiлiк 
деңгейi төмен, топтастарымен үнемi тiл табыса алмайтын, ал кейде 
психикалық дамуы, ойлау қабiлетi кейiн қалған, ашуланшақ (әр түрлi 
жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетiн) оқушыларды 
қиын балалар қатарына жатқызып жүрмiз. Қазiргi уақытта дәрiгер 
психологтердiң бақылауындағы осындай балалардың пайызы 
жоғары болып отыр. 
Жүйке аурулары (невроз) әр түрлi ортадағы психикалық 
зақымданудың, отбасындағы және басқа да әр түрлi қиын 
жағдайлардың сандарынан пайда болады. Мысалы, кей балалар ата-
ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсiп, осыған 
мектептегi өз тобындағы оқушылардың, мұғалiмдердiң керi 
көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке 
ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмiрге ызалы, тұйық 
қалыпқа түседi. 
Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезiнбеген 
жасөспiрiм өмiрде өзiн ешкiмге қажетсiз деп есептеп, уайымға 
шалдығады, кей жасөспiрiмдердiң ұйқысы бұзылып, түнде 
қорқынышты түстер көрiп, иммунитетi төмендейдi. Ата-аналар 
жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқуларына назар аудармай, 
көбiнесе, олардың әр түрлi ауыр жағдайға шалдығуына себепшi 
болады. Жасөспiрiмнiң нашақорлыққа, iшiмдiкке, ұрлыққа және 
тағы басқа жақын болу себептерi осында жатқан жоқ па? 
,,Қиын, балаларды 2- топқа бөлуге болады. 
Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар. 


Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке 
басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк 
жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi 
дұрыс қалыптаспай қалған балалар. 
«Қиын» балалардың өскен ортасының, отбасының жай-
күйін талдағанда, кедей отбасының өзі бала тәрбиесінің, өзі 
кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні 
анықталып 
отыр. 
Әдетте, 
ата-
аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да 
теріс әсер етеді. 
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз 
жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы 
немесе
біреуінің 
бала 
тәрбиесінен 
шет 
қалуы, 
яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан 
болады. 
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға 
итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, 
таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайызы 
материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның 
себептері, көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан; 
отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан 
болады. 
Қазір
материалдық
байлықтың
рухани 
байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөспірімдер арасында 
«анау керек, мынау керек» деген көзқарастардың әсерінен
«өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ» деген оймен 
де қылмыс жасалатыны белгілі. 
Жасөспірім бойында жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік-
педагогикалық,
психологиялық 
әдістерді 
қолданып, тәрбиені ерікті, зорлықсыз түрде асыру керек. Ата-
аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі 
қателеседі. 
Мәселен,
кей
отбасы 
өктемдік (авторитарлық) жолды ұстанады. 
Жасөспiрiмдердiң жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау, 
қаталдық (диспотизм), негiзсiз жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру-


жасөспiрiмнiң қатыгез, қатал, ашықтан-ашық отбасы талабын 
орындамай, өз бiлгенiн iстеуге бейiм болып өсуiне әкелiп 
соқтырады. 
Ымырашылдық (либералдық) жол – бұл, керiсiнше, баланың барлық 
талабын ойланбай орындау, жазаламау. Мұнда қолданылатын әдiс, 
негiзiнен, әңгiме, сөз арқылы баланың барлық iс-әрекеттерiн жақтау, 
балаға жалыну, өтiну болады. 
Ондай жеткiншек бойында өзiмшiлдiк (эгоизм), дарашылдық 
(эгоцентризм), жеке басты ойлау, қоғамдық мүддеден гөрi өз 
басының мүддесiн бiрiншi орынға қою, өзгелердiң ойымен санаспау, 
өз iсiн атқаруда өзгеге талап қою басым тұрады. 
Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты, 
қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан, 
яғни, әр түрлі талаптардан оқушы отбасының, мектептің ықпалынан 
шығып, екіжүзділікті, мақсатқа тура емес, бұрма жолдар арқылы 
жетуді көздейді. Мұндай балалар, көбінесе, өз ісін өз күшімен емес, 
амалдау, алдау-арбау арқылы атқарады. 
Бір отбасындағы бірнеше баланың әрқайсысына әр түрлі қарау да 
жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерінен 
тигіезді. Үнемі ескерту есітіп, үлкендер тарапынан кеміту мен 
қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз, тұйық, өзіне-
өзі көңілі толмайтын көнгіш болып қалыптасады. 
Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс 
қолдануы (біреуі өте қатал, екіншісі өте жұмсақ, әкесі бір талап, 
анасы қарама-қарсы талап қоюы) немесе жасөспірімнің көзінше өз 
балаларының тәрбиесі туралы пікірталас жасап, ұрыс-керіс 
шығаруы, ал жасөспірім осы жағдайды өз түсінігінше пайдаланып, 
қоғам талабына керісінше істерді жасауы мүмкін. 
Ата-аналардың дүниеқорлық, өтірікшілік, алдау, жалқаулық, оңай 
ақша табу, өзімшілдік, арақ құмарлық, зұлымдық, тағы басқа жат 
қылықтарды бала бойына дарытуы – балаға да, ата-анаға да, қоғамға 
да зиянды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет