Факультет: «Жаратылыстану ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата18.10.2023
өлшемі355,01 Kb.
#117813
1   2   3   4   5
 

 
 
 
 
 


Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен 
отбасының рөлі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты 
мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар 
мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға ә
кеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұм
ыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-
тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға 
қауіпті әрекеттер жасауы». 
Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі:«тәртібі наш
ар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа. 
Ғылыми
тұрғыдан
зерттегенде,
дәл 
осы
балалардың 
оқуға
қызығуларының
жоқ 
екені, 
олар 
мектепке
де 
сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, 
түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушы
лар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген. 
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-
қатынаста
болатынын,
солардың
әсерімен
дамитынын 
ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және 
көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке жеке тоқталып к
өрелік.Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын
сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады. 
1.
Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай 
тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен
және сапалы ісәрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие
беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, 
басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді. 
2.
Екінші 
топ — өз балаларына 
өнегелі 
тәрбие 
бергісі 
келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. 
Мұндайлар ата аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендікт
ен балаларына кері әсер етуі мүмкін. 
3.
Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, 
білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әл
еуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын»
балаларды беретін отбасылар. 


Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар,
шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай 
«тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, 
мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой 
демектің бәрі ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиол
ог И.Павлов «әрбір баланың мінез құлқы ата анасының жағымды
іс әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымд
айды. 
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай
ұстауды, адамгершілік әліппесі:кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйласт
ық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста 
болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. 
Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек 
ету
секілді 
игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұ
ратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкі
н емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға 
қатысты. 
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға 
жеткілікті
көңіл
бөлінбейді. 
Балалар
ата-анасының 
қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.
Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды» (49),- 
деген. 
Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қай
рымдылықты сырттан, көшеден іздейді.Бірақ, көп жағдайда олард
ы қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына»алады. 
Олар бұзақылар тобы , нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа 
әлеуметтік топтар болуы мүмкін. 
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-
аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қ
азіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тә
рбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. 
Міне, осындай отбасылардың кейбір ата аналары балаларының
кез келген сұрансын 
мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге кел
мей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімші


л, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір с
үргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтырат
ынын ескере де бермейді. 
Дәл осыған қарама қарсы әрекет істейтін ата аналардың да түсі
нгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді. 
Мұндай ата аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін
деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола
қатаң жазалау, ар намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы
балаларын
өздеріне
қарсы
қояды. 
Мұндай
жағдай 
да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың 
баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында 
«тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай. 
Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не 
істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті 
деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер 
береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді 
балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар. 
Мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәр
биесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек 
мына төмендегідей: 
1.
Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықт
ап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу. 
2.
Мектеп 
ұжымының
осы
мәселеде
алаусыз
болуы 
немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі 
басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен 
тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі 
қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар 
ұйымдастырылуы. 
3.
Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым қатынас
орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби
деңгейінің төмендігі. 
4.
Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының
әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің 
нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және 
ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді. 


5.
Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе
сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады 
да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады. 
6.
Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалы
птастырудағы қосар үлесі де аз емес.
Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың 
бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де 
құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз 
қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар 
сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. 
Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құнды
лықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық морал
ь мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың 
еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен 
тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар 
ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкше
лікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері 
іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен 
мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының к
есірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «кө
ше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыс
керлерге айналады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет