СРС
Тақырыбы: Э.Дюркгеймнің девиация әрбір қоғамның халқының құрамдас бөлігі тұжырымдамасына талдау. Суицид және оның түрлері
Факультет: механика-математика
6B05403 Механика 23-1а
Қабылдаған: Тауекелова.Т.Б
Орындаған: Адилгали.Р
Мазмұны
І Кіріспе
1.1 Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Суицид девианттық мінез-құлықтың формасы ретінде
2.2 Э.Дюркгеймнің «өзін-өзі өлтіру (әлеуметтік этюд)» еңбегі
2.3 Альтруистік өзін-өзі өлтіру
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе
1.1 Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары
Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалын, толық негізде қоғам өмірін зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың, соның ішінде әлеуметтану ғылымы үшін өзекті және маңызды мәселе болып табылады. Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында өзін-өзі өлтіру (суицид), нашақорлық, қылмыс, маскүнемдік секілді түрлі керітартпа әдеттердің тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, олардың әсері мен қауіптілігі – бұл әлеуметтік проблема. Бұл проблеманы зерттеудің өзектілігі осы қоғамымызға жат әрекеттердің біздің елімзде үздіксіз өсуімен және оның қауіптілігінің күшеюімен түсіндіріледі.
Өзін-өзі өлтіруді жіктеп зерттеу барысында қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінсіз өсуі, адам бақытының ұлғаюы, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен қоса жүріп отыратынын байқаймыз. Теріс мінез-құлықтың бір түрі болатын өзін-өзі өлтірушілер жігері мықты адамдар емес, керісінше, өз қиыншылықтарын жеңе алмайтын әлсіз адамдар типі. Адамзат тарихын басып өткен өркениеттер өзін-өзі өлтіру мәселесін түрлі дүниетанымда қарастырады. Мысалғы, Ежелгі Грецияда бұл мәселені теріс қабылдады және суицидті заң арқылы жазалау керек, тіпті өзін-өзі өлтіруге ниеттеліп, іске асыруға барған адамдардың қолын кесу керек деп есептеді. Ислам дінінде де, христианда да өзін-өзі өлтірушілерді жақтамайды, исламда олардың жаңазасы шығарылмайды, христиан дінінде де бейітке шіркеуге апарылмайды.
Өзін-өзі өлтіру (суицид) дегеніміз - өзіндік немесе ішкі эмоциялардың кері немесе жанама әсерінен пайда болатын, жәбірленуші де өзі, жәбірлеуші де өзі болып ақыры өліммен бітетін іс-әрекеттік жағдай;
Суицид дегеніміз – құлдырау жағдайында өлімнен құтылудың шынайы мүмкіндіктерінен бас тартуға және өз өмірін өзі тоқтатуға бағытталған адамның өзінің басқаруынсыз мінез-құлқы.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Суицид девианттық мінез-құлықтың формасы ретінде
Девиация – қоғам мүшелерінің айыптауынан пайда болған жолын заңдылықтардан ауытқушылық; Пассивті суицидтік көзқарастар - өз өліміне құштарлықтың негізіндегі ойдан шығарылған немесе фантазиялық ойлар; Суицидтік ойлар – бұл суицидтік ойлардың белсенді іске асуға көшірілген процесі және жоспардың шынайы көрініс бере бастауы. Бұл кезде өзін-өзі өлтірудің әдістері, уақыты және орны ойластырылады. - Суицидтік ниет-пиғыл – суицидтік ойлар мен оған деген ниеттің бірігіп, теориядан практикаға ауысады. Бұл кезде девионттық бойынан, сыртқы себептермен, өзін-өзі ұстаушылығынан оның ауытқушылыққа ұшырағанын байқауға болады [2].
Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының sul өзімді, caedere өлтіру деген сөзінен шыққан, ол - өз омірін әдейілеп қию. Өзін-өзі өлтірушілік деп екі түрлі құбылысты айтуға болады: Біріншіден, жеке мінез құлықтық акт, өз омірін нақты адамнын қиюы; Екіншіден, бұл әлеуметтік құбылыс қоғамның белгілі жағдайының өңімі және көрсеткіші. Өзін-өзі өлтірушілік адам қоғамның тарихы секілді өте ертеден келе жатқан құбылыс. Өзін-өзі өлтірушілік – жек акт. Ал, өмірдің мәні - философиялық, дүние танымдық мәселе. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі өзін-өзі өлтірушіліктің себептері белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, әлеуметтану ғылымының зерттеу пәні болып табылады. Өзін-өзі өлтірушілік түрлі қоғамен түрлі кезеңдерде әртүрлі адамгершілік және құқықтық бағаға ие болды. Өзін-өзі өлтірушілік өмірдегі мінез құлықты сематиқалық және психикалық аурулардың зардабы болып табылады.
Өзін-өзі өлтірушілік әлеуметтік құбылыс ретінде, әлеуметтік себептерден туындап отыратындықтан, ең алдымен әлеуметтік зерттеумен түсіндіруді талап етеді. Өзін-өзі өлтірушілік мәселесін ең алғаш Э.Дюркгейм зерттеді. Ол өзін- өзі өлтірудің әлеуметтік салдарларын қарастырды. Ал, оның ісін жалғастырушы шәкірті М.Халбваксы жасаған әлеуметтік талдауы таза әлеуметтанулық концепциясын психологиялық факторлармен толықтырулар жасады. 1984-1987 жылдар аралығында 1 миллион ерлі-зайыптыларға жылына орта есеппен 5,07, ал, 1 миллион бойдақтарға 12,7 өзін-өзі өлтірушілік сәйкес келген. Бұл екі жас аралығы, екі категориядағы адамдардың өзін-өзі өлтіруге өмірінің әр түрлі сәттерінде барады. Бойдақтар үшін орташа көрсеткіш 25 жас пен 30 жас аралығында болса, үйленгендер үшін 45 жас шамасында болады. Бойдақтарға қарағанда үйленгендер арасында өз-өзіне қол құмсау төмен болады. Сонымен отбасы, үйлену ерлі-зайыпты болып өмір сүру өзін-өзі өлтірушіліктен сақтайды. Бойдақтарға қарағанда үйленген адамдарда адамгершілік, өнегелік принциптері жоғары деңгейде болады.
2.2 Э.Дюркгеймнің «өзін-өзі өлтіру (әлеуметтік этюд)» еңбегі
Өзін-өзі өлтірушіліктің түрлі типтері болады. Қазіргі кезде ең көп тараған тип – менмендік өзін-өзі өлтірушілік жатады. Менмен адамда езілушілік сары уайымға салынушылық басым болады. Ол өзін бәрінен жоғары қояды. Бәрі оған оның мұқтаждығын қанағаттандыра алмайтындай көрінеді. Өзін-өзі өлтірушілік күн көрсету, зәбірлеу актісі болып табылады. Жалпы ережеге сай, өлтіру ағымы жылдам болады, жеке адамның қадір-қасиетін бағалаған қоғамда өзіне-өзі қол жұмсаушылық сирек болады. Міне сондықтан да төменгі қоғамдағы, жеке адамның іс-әрекетіне онша мән беріп, назар аудармаған қоғамда адам өлімі, өзіне-өзі қол жұмсау жиі кездеседі. Менмендік өзін-өзі өлтірушілікпен адам өлтіру екеуі де антогонистік себептерден болатындықтан, біреуі еркін дамыған жерде, екіншісі еркін дами алмайды. Қазіргі кезде дамыған өркениетті елдер мен ірі орталықтарда ең көп тарағандықтан ол қанды қылмыстарды ығыстырып отырады.
ХІХ ғасырдын аяғына дейін өзін- өзі өлтірушілік құқықтық жағынан құқыққа қарсы әрекет деп түсіндірілсе, ал маральдық жағынан адамның өзі үшін ғана емес, оның бүкіл жанұясына масқара әрекет болып отыр. Ол қылмыс жасағанмен бірдей қарастырылып отыр. Орта ғасырларда өзіне-өзі қол жұмсағысы келгендер өлім жазасына кесілген, ал кейінен түрмеге қамаумен ауыстырылды. Өзін-өзі қол жұмсаушылыққа мынадай формаларды жатқызуға боладың; ішімдікке үйір болу, нашақорлық, емделуге мойын бұрмау, жанжалдар мен төбелестерге қатысу. Өзін-өзі өлтірушіліктің мінез-құлқы - бұл өзіне өзінің оміріне қарсы алдын ала ойлаған ниетпен жасаған өзін-өзі өлтіруге дейін баратын әрекеттің көптеген типтері жатады. Өзіне-өзі қол жұмсау бұл әсіресе, 15-39 жас аралығында жиі кезеді, мұндай әрекеттердің көрсеткіші соңғы кездері көптеген елдерде күрт өсіп кетті. Мұндай адамдардың орташа жасы 15 жастан жоғары жас аралығындағы адамдар арасындағы шамамен 100 000 ерекектердің 200-не және 100 000 әйелдердің 350-не келді. Бірақта біріккен корольдік пен Германияда бұл көрсеткіш 70 жылдардың аяғында түссе, Нидрланд, Норвегия мен Филиядияда мұндай көрсеткіш мүлдем құлдырап кеткен, яғни, жылына 3500 Канадалыктар өзін-өзі өлтірушілікке барады . Өзін-өзі өлтіру - бұл мезгілсіз олімнің басты себебі, адамдар көпнесе өзін-өзі өлтіргенде, тығырықтан шығуға жол жоқ деп есептегенде барады. Мұның басты себебі, үмітімен сенімін жоғалту, адамның батылсыздығы, өзің жападан жалғызбын деп сезінуі жатады.
Э.Дюркгейм өзінің өзін-өзі өлтіру (әлеуметтік этюд) деген еңбегінде өзін-өзі өлтірудің көбеюіне не азаюына бірден-бір әсер ететін әлеуметтік ортаның түрлі жағдайларын нақтылап талдаған. Олар: діни сенім, жанұя, саяси өмір т.б. Өзін-өзі өлтірудің себептеріне орай, олар эгоистік, альтруистік және аномистік болып бөлінеді. Эгоистік өзін-өзі өлтіру. Индивид өзінің жеке менін қоғамдық меннен жоғары қойып, оған қарсы қоятын болса, индивид пен қоғам арасында келіспеушілік наразылық, ренжушілік сезімдер пайда болып, мағынасыз қоғамнан өзін алшақтатқысы келіп, өз өмірін өзі үзеді. Егер бұл индивидуалды сипатқа ие болатын болса, оны эгоистік өзін-өзі өлтіру деп атауға болады. Коллективтік байланыс, қоғамның ұйымшылдығы өзін-өзі өлтіруге кедергі жасайды. Егер қоғамның ұйымшылдығы әлсіресе, онда индивид әлеуметтік өмірден бас тартып, өзінің жеке ұстанымдарын бәрінен, тіпті қоғамнан да жоғары қояды. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамның әлеуметтік құлдырауы кезінде өзін-өзі өлтірудің де саны өседі. Бұл мәселенің статистикасының жоғары болуына саяси жағдайлар мен үлкен соғыстар да әсер етеді.
2.3 Альтруистік өзін-өзі өлтіру
Жекелеген индивидуалдық адамды өзін-өзі өлтіруіне әкеп соғады. Адам қоғамнан шеттетіліп қалса, онда оның санасында өзін өлтіруге деген жаман ойлар тез туындайды, сонымен қатар, мұндай пікірлер өзінің тұпғалылығын қоғамға мойындата алмаған адамда да болады. Альтруизм дегеніміз – адам өз менін жоғалғанда, өзінің бүкіл болмысы санасына бағынбаған жағдайда пайда болатын психологиялық ауытқушылықты айтамыз. Альтруистік өзін-өзі өлтіруде адамда Алла алдындағы парыз бірінші орында тұрады. Бұл, әсіресе, діни жоралғыларды орындау барысында көптеп кездеседі. Аномистік өзін-өзі өлтіру. Қандай сатыда тұрса да қоғам әрқашан тұлғаға әсер етеді және оны басқарып отырады. Экономикалық құлдыраудың болуы өзін-өзі өлтірушілерге бірден-бір себеп болады.
Елдің экономикалық жағдайы мен өзін-өзі өлтірушілердің санының сәйкес келуі жалпы заңдылық
Достарыңызбен бөлісу: |