ІІІ Қорытынды Сонымен, мынадай қорытындыға келуге болады: егерде өзін-өзі өлтірушілік пен адам өлтіру көбінесе кері пропорциональды болып келсе, ол екі қарам-қарсы әлеуметтік ағымды білдіреді. Бұл екеуі де бірін-бірі күн мен түн сияқты, бірінен соң бірі кезектесіп отырады. Сонымен, қоғамдағы ауытқушылық бірдей дәрежеде адам өлтірумен өзін-өзі өлтірушілікті тудырады. Сондай-ақ оның дамуы мен зардаптарының дамуы да азайтады. Өзін-өзі өлтірушілік жоқ деген қоғам , бұл құбылыс қандай деңгейдегі қоғам болмасын кездесіп отырады және оны болмайды, мүлдем болдырмаймыз деп ешкім де айта алмайды.
Сонымен, өзін-өзі өлтірушілік Еуропалық болсын, Азиялық болсын кез-келген қоғамдық құбылыстың құрамдас элементі болып табылады. Адам тарихында өзін-өзі өлтіруге қатысты адамдар мәселесі философиялық көзқарастың үстем болуына тығыз байланысты.
Э.Дюркгейм статистикалық мәліметтерді кеңінен қолдана отырып, ол адамның өзіне-өзі қол салуын ұлттық, діни, жас ерекшелігі, жыныс, сондай-ақ жыл мезгілдері сияқты факторлармен байланыстырған. Ал, А.Кемьюдің ойынша, адам өлім туралы ештеңе білмейді, алайда күндердің күнінде уақыттан жеңіліп, өлімнің қанжарына өзі барып түседі. Бұл жерде ойшыл табиғи өлім туралы айтып отыр. Табиғи өлімге қартайып өлуді, ауырып немесе абайсызда, күтпеген жерден өлуді, яғни нақты айтқанда ажалы жетіп өлуді жатқызуға болады. Табиғи өлім мен өзін-өзі өлтірудің арасындағы айырмашылықты айтпаса да түсінікті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Дюркгейм Э. Самоубийство: Социологияческий этюд // пер.с фр. А.Н.Ильинского М.: Мысль, 1994, 56-58 беттер
2. Ш.Жаманбалаева. Алматы, 2000, 18-бет
3. Дюркгейм Э. Самоубийство: Социологияческий этюд // пер.с фр. А.Н.Ильинского М.: Мысль, 1994, 60-61 беттер
4. Д.Қазымбетова. Алматы, 2001, 78-79 беттер
5. А.А.Жданова. Социальное зло – алкоголизм: Семия и право / Л.: Изд-во ЛГУ, 1988, 15-18 беттер
6. Актуальные вопросы утверждения здорового образа жизни, преодолония пьянства и алкоголизма: Тез. Докл респ. Науч.-практ. Конф. // Под ред. А.Л.Турьянова и др. Уфа: Б.и., 1989, 45-49 беттер
7. Актуальные проблемы социологии девиантного поведения и социального контроля. Российская академия наук, Инс-т социал., М.; ИС, 1992, 86-89 беттер
8. Габиани А.А. Наркотизм вчере и сегодня. Сакартвело, 1988, 12-13 беттер