Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету


Esc пернесін (шығу; көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтату ісін жүзеге асырады. Tab



бет20/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Байланысты:
5-Дарис консп

Esc пернесін (шығу; көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтату ісін жүзеге асырады. Tab – тексті түзету кезінде кестенің келесі бағанасына көшуді орындайды. Кейбір программаларда оның атқаратын қызметі басқаша да болуы ықтимал: экрандағы келесі терезеге көшу немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011


9-Дәріс
Тақырыбы: Перифериялық (шалғай) құралдар.
Жоспар:

    1. Ақпаратты бейнелеу құралдары

    2. Видеоманитор. Құрылымы, жұмыс істеу принципі, техникалық мінездемесі

    3. ҚМДЖ (қатты магниттік диск жинақ). Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, техникалық мінездемесі.

Контроллер


Контроллер – бір немесе бірнеше құрылғылармен басқаруды орындайтын дербес компьютер блогы, ол кейде осы блогқа тіркелген құрылғылардың интерфейстерін үйлестіру процесін де орындайды.
Контроллер сыртқы құрылғыларды – жинақтауышты, дисплейді, принтерді және т.б. басқаруға арналған мамандандырылған процессор ролін де атқара береді. Контроллердің болуы орталық процессорды осы міндеттерді орындаудан босатады өзіне қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын, әрі өзі арқылы өтетін мәліметтерді өзгертпейтін қосалқы жүйе де контроллер міндетін атқарады.
Бейнеадаптер
Бейнекарта (бейнеадаптер, бейнеконтроллер) — монитордың көмегімен арнайы тақша басқарады, оны бейнеадаптер деп атайды. Монитормен бірге бейнекарта дербес компьютердің бейне бағыныңқы жүйесін құрайды.
Бейнеадаптерда жеке тақшаның кеңейтілуі бар, оны аналық тақшасының арнайы слотына орналастырады (қазіргі ДК – де бұл слот AGP). Бейнеадаптер бейнеконтраллер, бейнепроцессор және бейнежады функцияларын атқарады.
ДК пайда болғаннан бері бейнеадаптердің бірнеше стандарттары өзгерді:

  • MDA (Monochrom Display Adapter) – монохромды;

  • CGA (Color Graphics Adapter) – 4 түс;

  • EGA (Enchanced Graphics Adapter) – 16 түс;

  • VGA (Video Graphics Array) – 256 түс;

  • SVGA (Super VGA) 16.7 млн. түске дейін.








Видеокарта Ge Force3 Ti 200 128Mb
Бұл стандартқа барлық программалар есептелінген, IBM – біріктірілген. Құрастырылған графикалық бейнелер бейнеадаптердің ішкі жадысында сақталады. Ол бейнежады деп аталады.
Бейнежадының сиымдылығы берілген шешуші қабілеттілікке және түстер палитрасына тәуелді, сондықтан жоғары шешуші қабілеттілікпен толық түсті гамма режимінде жұмыс істеу үшін көбірек бейнежады қажет. Қазіргі кездегі көптеген бейнекарталар бейнежадының көлемін 512 Мбайтқа және бейнеакселерация қасиеттерін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Бұл қасиеттің мәні операцияның бір бөлігі бейнелі құруда математикалық шығарылымсыз да жүре алады.
Бейнеакселераторлар бейнеадаптердің құрамына кіре алады және бейнекартаға жалғастырылып және аналық тақшада орналастырылып жеке тақша кеңейтілуінде беріледі.
Бейнеакселераторлардың 2 типін ажыратады: тегіс және үшдеңгейлі график үшін. Тегіс ол жалпы көрсетілген қолданбалы программалар үшін тиімді және ол Windows ОЖ үшін оптимизацияланған, басқалары әр түрлі мультимедиялы және ойын – сауық программалармен жұмыс істеуге негізделген.
Дыбыстық карта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет