Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011
8-Дәріс
Тақырыбы: Перифериялық (шалғай) құралдар.
Жоспар:
Перифериялық құралдар
Ақпаратты енгізу құралдары
Перне тақта және графикалық манипулятор
Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, мүмкіндіктері.
Шалғай (периферийное) құрылғылар
Перифериялық немесе сыртқы құрылымдар деп блок жүйесінің сыртында орналасқан арнайы этапта әрекеттестірілген ақпаратты өңдеу. Ең алдымен – бұл шыққан нәтижелердің тұрақталған құрылымы: принтерлер, сканерлер, плоттерлер, модемдер.
Енгізу құрылғылары
Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.
Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.
Сканер көріністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.
Пернетақта (клавиатура). Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай – ақ оның (компьютердің) жұмысын басқаруда пернетақта пайдаланылады. Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында немесе 108 – пернелік пернетақтада орындалған. Пернетақта бірнеше регистр режимдердің бірінде жұмыс істейді. Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады:
алфавитті – цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орын» белгісі;
функциялық пернелер: F1 – F12;
әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shift, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), PrtSc және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;
түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, PgUp, PgDn, BackSpace және бағыттауыш тілсызық пернелер;
Пернетақта
Алфавиттік әрбір перне латынның не қазақтың (орыстың) бір әрпін енгізе алады. Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші қатардың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша, ал қазақ, орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |