Цифрлық пернелер қазақ әріптері мен бірге жоғарғы қатарда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.
Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындай алады. Мысалы, тек бір функционалдық пернені басу арқылы файлды (мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, программа текстін экранда көруге, каталог ашуға т.б. амалдар орындауға болады. Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ – нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады. Компьютер іске қосылған соң оң жақта орналасқан NumLock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелік басқару пернелерінің рөлін атқарады.
Бағыттауыш тілсызық пернелер (,,,) және Home, End, PgUp, PgDn пернелері курсорды басқару пернелері деп аталады. Олардың қызметі:
,,,- курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжытады;
Home – курсордың қатардың, терезенің, файлдың басына жылжыту;
PgUp – курсорды текст бойынша бір бет жоғары көтеру;
PgDn – курсорды текст бойынша бір бет төмен түсіру;
BackSpace пен Del пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді:
BackSpace – сол жақтағы символды өшіреді;
Del – курсор үстіндегі таңбаны өшіреді.
Бір сөз екінші сөзден «бос орын» таңбасымен бөлініп жазылады, Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады.
Insert пернесі тексті түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: «енгізу» - символдардың арасына оларды ығыстыра отырып жаңа таңба енгізу режимі болса, «алмастыру» - бұрынғы енгізілген таңбаларды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырылады.
Enter пернесі кез келген қатардың немесе команданың теріліп біткенін білдіреді де, сол команда орындала бастайды.
Көптеген қолданбалы программаларда теңбіл түсті ені бір немесе бірнеше сөзге тең болатын тіктөртбұрыш тәрізді белгі (кестелік курсор, маркер) командалық менюдің бір элементін таңдауды қамтамасыз етеді.
Командалық меню – белгілі бір программаның жұмыс кезінде экранға шығарылатын, онан кейін орындала алатын оның командаларының немесе іс - әрекеттерінің тізімі. Тізімнің әрбір элементі кестелік курсорды соның атына әкеліп, Enter пернесін басу арқылы орындалады. Егер ол команданы орындағыңыз келмесе, Esc пернесін басу қажет. Командалық менюдің элементтері тағы да сол сияқты төменгі деңгейдегі бағынышты командалар менюін (солардың аттарын) экранға шығаруы мүмкін. Мұндай сатылы командалар иерархиялық (көп сатылы) деп аталады.