Интерфейс қолданылуы және мүмкіндіктері, компьютердің негізгі интерфейсі Дербес компьютерлердің атақты шиналарының бірі болып - IBM PC бөлімдеріндегі алғашысы XT архитектурасының шинасы XT- Bus табылады. Салыстырмалы қарапайым, 20-разрядты (1 Мб) адрестік кеңістіктің ішінде 8-разрядты мәліметтермен ("8/20 разрядтылық" болып белгіленеді) алмасуды қамтамассыз етеді, 4.77 МГц жиілігінде жұмыс жасайды. IRQ жолдарын ортақ пайдалану жалпы жағдайда мүмкін емес. 62-контактілі алып-салғыштарда (разъемах) конструктивті жасалған.
ISA (Industry Standard Architecture - өнеркәсіптік стандарт архитектура) - PC АТ (басқа атауы - АТ-Bus) түріндегі компьютерлердегі негізгі шина. XT-Bus-тың кеңейтілген түрі болып табылады, разрядтылығы - 16/24 (16 Мб), тактілі жиілігі - 8 МГц,шекті істеп шығу қабілеттілігі -5.55 Мб/с
EISA (Enhanced ISA - кеңейтілген ISA) – функционалды және конструктивті кеңейтілген ISA. Сыртқы алып-салғыштары ISA-дағыдай, және оларға ISA платалары да салынады, бірақ алып-салғыш түбінде қосымша бірқатар EISA контактілер болады, ал EISA платаларында қосымша контактілер қатары бар алып-салғыштың едәуір жоғары аяқты бөлігі болады. Разрядтылығы - 32/32 (адресті кеңістігі - 4 Гб), сонымен қатар 8 МГц тактілі жиілігінде де жұмыс жасайды. Шекті істеп шығару қабілеттілігі- 32 Мб/с.
МСA (Micro (Сhannel Architecture - микроканалды архитектура) – IBM фирмасының PS/2 компьютерлерінің шинасы. Басқалардың біреуімен де сыйыспайды, разрядтылығы - 32/32, (базалығы - 8/24, қалғандары – кеңейтушылер ретінде).
VLВ (VESA Local Bus - VESA стандартының локальды шинасы ) - 32-разрядты (ISA шинасына қосымша). Конструктивті түрде ISA алмалы-салмағыш болғанда қосымша алмалы-салмағыш болып табылады (МСА кесілді 116- контактілі,). Разрядтылығы - 32/32, тактлі жиілігі - 25..50 МГц, алмасудың шекті жылдамдығы - 130 Мб/с.
РCI (Peripheral Component Interconnect – сыртқы компоненттерді байланытыру) – VLB-нің EISA/MCA жағында дамуы. Басқалардың біреуімен де сыйыспайды, разрядтылығы - 32/32(кеңейтілген нұсқасы - 64/64), тактлі жиілігі - 33 МГц дейін (PCI 2.1 - 66 МГц дейін), істеп шығару қабілеттілі - 132 Мб/с дейін.
PCMCIA (Personal Computer Memory Card International Association –дербес компьютерлерге арналған жады платаларын шығарушылар ассоциациясы) - NoteBook класына жататын компьютерлердің сыртқы шинасы Модулдың басқа атауы PCMCIA - PC Card. Барышна қарапайым, разрядтылығы - 16/26 (адрестік кеңістігі - 64 Мб).
USB шинасы USB шинасы компьютер (құрылғының орталық процессоры) мен жүйе конфигурациясының динамикалық (ыстық) өзгерісі жағдайында оған жалғанған перифериялық құрылғылар (ПҚ) арасында мәліметтер алмасымын қамтаммассыз етуге арналған.