Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда, мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды, ал алғашқысы – компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, алғашқы режим қайта шығады. Қосымша режимге көшкенде, пернеліктегі кішкене шам жанып белгі беріп тұрады.
Ctrl, Alt, Shift регистр пернелері болып саналады, олар басқа бір пернемен бірге басылып, әртүрлі іс - әрекеттер комбинациясын іске қосып отырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады, сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларынан білу керек.
Ctrl, Alt пернелері басқа бір пернелер қызметін өзгерту үшін жиі пайдаланылады. Пернелер комбинациясын пайдаланғанда, әуелі регистр пернесі, сонан соң қосымша екінші перне басылады. Қосымша перне рөлін кез келген символдық, цифрлық, немесе функционалдық перне атқара алады. Комбинация 3 пернеден де тұруы мүмкін.
Бұдан былай пернелер комбинациясын былай белгілейміз: регистрлік перне + қосымша перне. Мысалы, Ctrl+у, Alt+ F2, Shift+5.
Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар:
Ctrl+Alt+ Del – компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды, яғни операциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады. Көптеген ЭЕМ – дерде жүйелік блокта RESET батырмасы (кнопка) бар, соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады. Бұл әрекет – «жылы күйде іске қосу» (горячий перезапуск) деп те аталады.
Ctrl+ Break – орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда орындауды доғару, кейде бұл комбинация орнына Ctrl+С пернесін де басуға болады.
Ctrl+S – орындалып жатқан әрекетті уақытша тоқтата тұру, мұның да орнына Pauseпернесін басуға болады.
Shift+PrtSc – экрандағы бейнені баспа құрылғысына шығару.
Текстерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек Shift пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар, ол – бас әріп енгізуді іске асыру. Сонымен, перненің бетінде жазылған екі символдың жоғары жағында көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз.