Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011
10-Дәріс
Тақырыбы: Перифериялық (шалғай) құралдар.
Жоспар:
Принтер. Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, техникалық мінездемесі.
CD-ROM ақпаратты енгізу құрылғысы. Қолданылуы, жұмыс істеу принциптерінің техникалық мүмкіндіктері.
Принтерлер ақпараттың қатты тасымалдауына шығаруға арналған, көп жағдайларда олар қағазға шығарылады. Принтердің үлгісінің көптеген түрі бар, оларды қызмет принципіне, интерфейсіне, өндіргіштігіне функционалды мүмкіндіктеріне байланысты өзгертеді. Қызмет принципіне байланысты: матрицалық, бүріккіш, лазерлі принтер болып бөлінеді.
Матрицалық принтер
Мұнда басқа бірнеше инеден құралған матрицаның баспа торабында енгізудің көмегімен жасалған. Қағаз валының көмегімен принтерге енеді. Қағазбен баспа торабының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лентаны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады, баспа торабында орналасқан инелерді электромагнит басқарады.
Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке әріптердің белгіленуінің т.б. кодтары сақталады.бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды.
Матрицалық принтерлер Epson
-
Сия бүріккіш принтер
Ең бірінші бүріккіш принтер Hewlett Packard фирмасы шығарды. Қызмет принципі матрицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына каппилярлы шашыратқыш және сия резервуары орналасқан.
Орташа енгізілген саны 16 – дан 64 – ке дейін, бірақ шашыратқыш саны қара сия үшін 300 – ге дейінгі үлгілер бар, ал түрлі – түсті де 416 – ға дейін. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді (картридж), оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш принтерлер картридждерді ақ – қара және түрлі – түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік берілген.
-
Лазерлі принтер
Лазерлі принтер фирмасы Hewlett-Packard(HP) HP OfficeJet G55 (принтер/сканер/копир)
-
Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Сапасы фотографикалыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппараттардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сәулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді және барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боялатын порошоктың қабаты себіледі (тонер). Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүктелерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді және оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан зарядталып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден тазаланып жаңадан қолданылады.
Түрлі – түсті баспа кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі – түсті тонердің араластыруы құрылады. Әр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі. Түрлі – түсті лазерлі принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі электронды құрал болып табылады. Атақты принтер өңдеуші фирмалар: Hewlett-Packard (США), Epson (Япония), Canon, Lexmark.
CD-ROM ақпаратты енгізу құрылғысы. Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, техникалық мүмкіндіктері CD- ROM ( Compact Disk Read Only Memory) – сиымдылығы 3 Гбайтқа дейін. Информацияны өте жоғары сенімділікпен сақтайды. (сақтау мерзімі 30- 50 жылға дейін). Дискінің диаметрі 5,25 және 3,25 дюим. Дайындау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен информация мастер дискіге дайындалады, тираждау матрицасын дайындайды. Жазу мен оқу принципі оптикалық. Магниттік дискінің жолдары концентрлік шеңберлерден тұратын болса, CD-ROM дискінің сыртқы шетінен ішіне қарай бағытталған спираль түріндегі бір ғана физикалық жолы бар. Компакт дискіден информацияны оқу лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асады.
Сурет – 3.10. CD-ROM ақпаратты енгізу құрылғысы.
Достарыңызбен бөлісу: |