Дыбыстық карта - дербес компьютердің ең артынан, яғни кейін де ғана жетілдірілген құрылғыларының бірі.
Дыбыстық карта туынды карта түрінде аналық тақшаның бір слотынан қосылады және дыбысты, сөзді, әуенді өңдеумен байланысты есептелетін операцияларды орындайды.
Дыбыс дыбыстық картаның шыға берісіне қосылған сыртқы дыбыстық колонка арқылы шығады. Арнайы ажыратушы дыбыстық сигналды сыртқы күшейткішке жөнелтуге мүмкіндік береді. Микрофонды қосудың да ажыратқышы болады, ол сөзді немесе әуенді жазып алуға және оларды одан ары өңдеп, пайдалану үшін қатқыл дискіде сақтауға мүмкіндік береді. Дыбыстық картаның негізгі параметрлеріне цифрлік формадағы немесе керісінше аналогтыдан сигналдарды қалыптастыруды пайдаланылатын биттердің санын анықтайтын разрядтылық жатады. Разрядтылық неғұрлым жоғары болса, цифрлаумен байланысты кемшіліктер аз әрі дыбыс сапасы жоғары болады.
Аудиокарта Sound Blaster Audigy
Желілік адаптер (желілік карта) Желілік адаптер (желілік карта) – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады.
Желілік адаптерді пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қатынаса алады. Ол ДЭЕМ кеңейтетін стандартты тақша түрінде жинақталған, әдетте өзінің микропроцессоры мен тиісті алмасу алгоритмін жүзеге асырушы тұрақты жад құрылғысына ие болады. Оның үстіне, желілік адаптер оны баптауға (настройка) арналған бірқатар ауыстырып қосушыларды (переключателей) қамтиды.
PCI шинасының желілік картаға жалғануы