2.5.Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Шындық кез келген әлеуметтік даму негіздерін қадағалап отырады. Шындық бар жерде қашанда қоғам нақтылы түрде бола алады. Әлеуметтік шындық дегеніміз- қоғамдағы болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардың нақты жауабы. Ақыл-ойдың қалыптасуында әлеуметтік мәдени факторлар ерекше қызмет атқарады. Ақыл-ой адам баласының әлеуметтік орта мен қоғам тіршілігіне араласып өз қолынан келетін заттар жасап білім алуға қажетті.
Әлеуметтанулық ойлау – объективті шындық формасы және айналамыздағы дүниені танып білу сатысы, жеке түлғаның танымдық әрекеті. Ойлау кезінде адам баласының бүкіл құрылымдары мен танымдық, тарихи әлеуметтік тәжерибелері, материалдық және рухани мәдениетінің даму нәтижелерінің нақты айқындалып қортындылануы. Біз қоғам арасындағы тікелей біле бермейтін нәрселерді тек қана ойлау арқылы біле аламыз. Ойлау нәтижесінде түйсік сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды қарапайым қортындылау процестері болып табылады. Сонымен қатар біз өмірде ойлау формасын жүзеге асыра аламыз. Ойлау формасы дегеніміз- қоғамдағы ұғымдар мен категориялар, идеялар танымынң субъектісі мен объектісін бір-біріне байланыстыру.Әлеуметтанулық қиял. Қиял деп – адам баласы бұрындары өз санасына қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп қайтадан бенелеу әдісі болып табылады. Қиял негізінен адам санасында объективті дүниені сәулелендірудің бір түрі. Адам әрекетінің барлық түрі қиялға негізделеді. Қиял тіршліктің әсері мен оны жаңалау керектігі жөніндегі қажеттіліктен туындайды. Қиял барлық жерде екі функция арқылы жүзеге асады. Біріншісі – оның барлық қоғамдағы шығармашылық іске қажеттілігі, екіншісі – жеке адамның сезімдері мен мұқтаждықтарынан пайда болуы. Әлеуметтік қиял түрін іс-әрекеттің орындалуына қарай екі топқа жіктей аламыз. Біріншісі – өткен жағдайларды еске түсіретін қиял түрі, ал екіншісі – қайт жасау немес пайда болу қиялы. Әлеуметтанулық перспектива.Перспектива – қоғам арсындағы әлеуметтік шындықты түсінудің белгілі бір тәсілі болып саналады.
Қорытынды Қоғам... Құрылым... Мемлекет... Әлеумет... Осы сөздер бір бірімен байланысқан егіз ұғым іспеттес. Өзімізге белгілі отбасы ол-қоғам. Ал қоғам дегеніміз үлкен бір мемлекет. Мемлекет дегеніміз елдің біртұтас құрылымы. Ал осы аталған дүние бөліктері немесе бөлшектері-әлеумет болып табылады. Жалпы айтқанда әлеуметтану жаңадан ғылымға енген ең маңызы бар сала десек те болады. Әлеуметтануды не үшін қоғам, мемлекетпен байланыстырдым? Жалпы екеуінің аражігі қандай? Міне, кей адамдарда осындай сауал туындары анық. Ал мен бұл сұрақтарға өз түсінігіммен жеткізіп көрейін... Иә, әрине, әлеуметтану жаңадан енген ғылыми сала түрі. Алайда бұл саланың ғылымға ғана жақсы әсерін тигізіп қана қоймай, жалпы адамзат өкіліне, тұтастай халыққа, елге көмегін тигізуде деп айтсам артық емес. Әлеуметтану-әлеуметтік өмірді бейнелеу. Жалпы бұл ғана емес қоғамдық өмірді түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырады. Әлеуметтану әлеуметтік өмірдің талдау тәсілін жасап, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтану жалпы әлеуметтік өмірді, түрлі құбылыстарды шешіп онымен қоса қоғамда болып жатқан өзгерістер мен үдерістерді қайта құрып немесе жоспарлап, көптеген мәселелерді реттейтін ғылыми сала. Жалпы әлеуметтанудың бұдан да бөлек ерекшеліктері жетерлік. Соның бірі барлық қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарының өсуіне зор әсерін тигізеді. Сонымен қатар әлеуметтану ғылымы білімнің онан әрі дамуына, жетілуіна үлкен жол ашады. Одан бөлек өзімізге белгілі әлеуметтану ғылымы жалпы білім, ілім саласында ғана қызмет атқарып қана қоймай, орта деңгейдегі теориялар барысында да кереметтей еңбегін сіңіреді. Оның ішінде мысалы ретінде, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер секілді дүниелер қоғаммен біртұтас байланысы тығыз екені мәлім. Әлеуметтік ғылыми салада мемлекет яғни қоғам үлкен орын алатыны белгілі. Алайда оның ішіндегі осы қоғам мен мемлекетті құрушы топ әрине ол-отбасы. Сол себепті отбасы әлеуметтік салада ойып тұрып өз орнын алады. Отбасы құндылықтары мен құрылымы берік әрі тығыз болған сайын, елдің әлеуметтік жағдайы да өсе бермек. Сол себепті қазіргі кезде осы әлеуметтік ғылым саласының орта деңдей теориясы яғни қоғамдағы мәселелер оның ішінде отбасыға қатысты қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде осы сала барлығына нақты жауап бере алады. Сонымен қоса осы орта деңгейлік сала бойынша әлі де проблемалық үдерістерді шешу үстінде... Жалпы айтқанда, әлеуметтану-қоғамның бір бөлшегі. Мемлекет үшін өзекті ғылым саласы. Жан-жақтылығымен қоғамның ішкі-сыртқы саяси жағдайы мен ғылымның өркендеуінде айтарлықтай орын алатын жаңа ғылым саласы.Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін ) зерттейді;
арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік (қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді.
арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін – басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді;
арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы – әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл әлеуметін сипаттайды;