Факультеті т-21 тобының студенті Бағдалхан Жаңажылдың архивтік



Дата06.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#106323
Байланысты:
Ôàêóëüòåò³ ò-21 òîáûíû? ñòóäåíò³ Áà?äàëõàí Æà?àæûëäû? àðõèâò³ê


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультеті Т-21 тобының студенті Бағдалхан Жаңажылдың архивтік тәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 11 маусымына дейін архивтік тәжірибесінде болдық. Аталған архивтік тәжірибесін Қарағанды обылысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқарамасының Осакаров ауданнының мемлекеттік архивінде өттім.
Архив мекемесінегі жетекшіміз,архив басшысы Сүлейменов Е.А архивтің тарихымен, оның қазіргі жағдайы мен аймақтың мұрағат жүйесіндегі орны, қазіргі жағдайы, қорлардың құрамы мен құрылымы, олардың құрамы мен сипаттамалары, ғылыми-анықтамалық аппараттармен (қорлар тізімдемесі, қорлар, бақылау файлдары және іс қағаздарымен) таныстырды.
Осакаров аудандық архивінде 255 қор жұмыс істейді,оның 91 мемлекеттік мекеме және 8 жеке кәсіпорын болып табылады. Архивте құжаттар 1986 жылдан бастап сақталады.
Зерттеу тәжірибесінде архив тарапынан жетекші болып бекітілген қызметкерлер оқу залымен, архив бөлімдерімен сондай-ақ архив құжаттарымен жұмыс жасау және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Архивтік тәжірибе барысында құжаттарын қайта өңдеуді үйреніп, яғни өшіп бара жатқан құжаттарды қайтадан компьютермен өңдеп, архивтік қорға қайтадан тіркеумен айналыстым. Архив мекемесіндегі құжаттарды сақтау қоймасымен танысып, құжаттарды сақтау қалай жүргізілетіндігін үйрендім.

Архивтік істер номенклатурасын жасауды, архив құжаттарды сақтаудан бөлек, жоюмен айналысатындықтан, құжаттарды жоюды меңгердім. Қорға жинақталып жатқан құжаттарға мөр басу процесін жүзеге асырумен танысып, архивтік деректерді тігуді үйрендім. Тәжірибе барысында жіберілген өтініштер мен сұраныстарға жауап беруді үйрендім.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет