Нәресте адамға деген сенімділікке ие болады,өзінің құнды екендігіне сенеді.Егер қажетті қамқорлық болмайтын болса,онда дүниеге деген сенімсіздік пайда болады.
Бала ата-анаға тәуелсіз іс-әрекеттер жасауға ұмтылады,өзін-өзі күтуге байланысты дағдыларды меңгереді.Егер баланың өзбеттілік қасиеттері тежелсе,онда балада ұялу, өз-өзіне деген сенімсіздік сезімдері пайда болады.
Автономдылықтың нәтижесінде бала өзбеттіліктің белсенді активті,белсенді формаларын:ойын,құрбылармен қарым-қатынас ,т.б. пайдаланады.Белсенділікті тежеу,кінә,айып сезімдерін тудырады да,баланың инициативасын тежейді.Бала өзінің инициативасы мен ата-ана талабының арасында баланс орнатады.
Балалар әр түрлі дағдыларды,соның ішінде оқу және әлеуметтік,т.б. меңгереді.Үнемі сәтсіздікке ұшырау барысында баланың өз-өзіне сенімсіздік кешені пайда болады.Бұл кешен бала белсенділігін тежейді.