4тақырып : Бала психикасы дамуының негізгі теориялары
1.Этологиялық теория туралы түсінік.
2.Психоаналитикалық теорияның пайда болуы.
3.Таңу,байлау теориясы.
4.Когнитивті даму теориясы.
5.Бихевиоризм және әлеуметтік даму теориясы.
6.Әлеуметтік үйрету теориясы.
1.Этологиялық теория туралы түсінік
Балалар психологиясының негізгі мақсаты-бала психикасының дамуын зерттеу.Барлық психологиялық теорияларының қарастыратын мәселесі:қозғаушы күш және психика дамуының қайнар көзі.Соның ішінде адамның бастамасы немесе оның тұқым қуалау негізі және орта (әлеуметтік орта,үйренген тәжірибе).Психологиялық теориялар екі бағытқа бөлінеді.Біріншісі,XVII ғасырда Джон Локк есімімен байланысты.Ол баланы таза тақта (tabula rasa), оған қоршаған орта өзінің мазмұнын жазады.Егер ата-анасы,орта балаға жағымды әсер етсе,онда бала дұрыс болып өседі.Психикалық даму әлеуметтік форма мен тәртіпті меңгеруден тұрады.Екіншісі,XVIII ғ. Ж.Ж.Руссо есімімен байланысты.Ол жаңа туған нәрестеден туа біткен қабілеті мен жағымды нышандары бар жеке тұлғаны көріп бағалады.Тәрбиешілердің негізгі мақсаты-баланың осы туа біткен нышандарына өзгеріс жасамай,табиғи пісіп жетіліп,тәрбиеленуіне назар аудару.Психикалық даму табиғи нышандармен оларды жүзеге асырып қарастырады.Осы бағытқа этологиялық және психоаналитикалық бағыттар жатады:
1.Этологиялық бағыттың негізін Конрад Лоренс салды.Ол адам мінез-құлқын жан-жануарлардың мінез-құлық формаларымен қатар қарастырды.Ол Ч.Дарвин теориясын негізге ала отырып,адамды биологиялық өнім ретінде қарастырды.Адамдардың өмірінің басқа жан-жануарлардан айырмасы жоқ.Сондықтан оның мінез-құлқы –түйсіктікті-детерминантты. Ал адамға тән жоғарғы адамгершілік қасиеттер-махаббат,достық,көреалмаушылық,т.б. туа біткен түйсіктер.Олар жеке индивидтің түр ретінде сақталуына бағытталған.Теорияның негізі биологиялық құндылыққа негізделген.Кейбір мінез-құлық формалары дамудың кейбір кезеңдерінде пайда болады,яғни сензитивті кезең.Баланың психикалық дамуы табиғи түйсіктердің қосылуы деп бағалайды этологтар.
Достарыңызбен бөлісу: |