Психология – (грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
Жас ерекшелік психологиясы – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
Рефлекс – (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).