Медитация – объектіге ерекше шүйлігудің нәтижесінде ойдың тереңдей түсуі.
Микрония – заттың көзге кішкентай болып көрінуі.
Мотив – адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін іс-әрекетке итермелейтін түрткі.
Персеверация – көпке дейін естен кетпей қоятын бейне.
Парадигма – негізгі ғылыми нәтитже жүйесінің үлгісі.
Онтогенез – ағзаның ұрықтанудан есейгенге дейінгі даму жолы.
Сенсорика – таным процестерінің жалпылама атауы.
Синкретизм – бір нәрсенің дамымаған, біріккен, ажырамаған күйі.
Социограмма – топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын көрсететін карта.
Тест – белгілі тапсырма беру арқылы оның ақыл-ой сапаларын сынап көрсететін әдіс.
Тропизм– өсімдіктің сыртқы ортаның әсер етуіне қарай білгілі бір бағытқа еріксіз бұрылуы.
Фенотип – өмір сүру барысында қалыптасқан жүйке жүйесінің типі.
Филогенез – тіршіліктің алғаш пайда болуынан бастап адамзатқа дейінгі даму жолы.
Шизофрения – адамның өмірге қызығуының төмендеуіне жұрттан оқшаулануына алып келетін психикалық сырқат.
Эвристика – күрелі ақыл-ой жұмыстары мен шығармашылық әрекетті ұйымдастыру тәсілі.
Эгоизм – адамның жеке басы мүддесін жоғары қоюшылық.
Эгоцентризм – өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.
Эйдитизм –бейнелерді еске өте дәл әрі айқын түсіру.
Мимика – адамның бет-әлпетінің мәнерлі қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика – адамның дене қимылдары арқылы ойын жеткізуі.
Телепатия – ағзаның психикалық жағдайын қашықтықтан сезінуге болады дейтін ілім.
Фоббия – шындыққа сәйкес келмейтін қорқынышты көріністермен аласұруды айтамыз.
Эйфория -шындыққа сәйкес келмейтін көңіл-күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттану.
Акселерация - (лат.acceleratio – жылдамдау, үдеу) – баланың физиологиялық және психологиялық даму тұрғысынан озып кету.
Астения - (грек.astһeneia – дәрменсіздік, әлсіздік) - өте қатты шаршап- шалдығу, жадап-жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын жүйкелік – психологиялық әлсіздік. Астения әртүрлі ауру-сырқаулар, сондай-ақ ой және дене еңбегімен шектен тыс шұғылдану және ұнамсыз күйзелістер мен қайшылықтардың нәтижесінде – зорығудан пайда болады.
Аутизм - ойлау логикасының дұрыс дамымауынан немесе психотроптық құралдар әсерінен адамның ойлауының қалыпты жағдайының бұзылуы, адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі.