Факультетінің деканы п.ғ. к



бет6/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Аккомадация – (латын тілінен енген «көз үйрету» деген мағынаны білдіреді) көздің затты түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі.

Пластика – (грек сөззінен енген «мәнер қалдыру» деген білдіреді).

Ассоциация – (латын тілінен енген «байланыс» деген мағынаны білдіреді) ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.

Операция – (латын тілінен енген «амал» деген мағынаны білдіреді) қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз.

Мнемоника – (грек тілінен енген «жаттау өнері» деген мағынаны білдіреді) жасанды жаттау тәсілдері.

Реминисценция – (латын тілінен енген «еске түсіру» деген мағынаны білдіреді) құбылыстарды не заттарды кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды.

Ретроактивтік – (латын тілінен енген «кері әсер етуші» деген мағынаны білдіреді) өткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне әсер етеді, мұндай құбылыс ретроактивтік тежелу деп аталады.

Проактивтік – (латын тілінен енген «ілгері» деген мағынаны білдіреді) бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауды проактивтік тежелу деп атаймыз.

Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атаймыз.

Эвристика – (грек тілінен енген «табамын» деген мағынаны білдіреді).

Диалог – (грек тілінен енген «әңгімелесу» деген мағынаны білдіреді) екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.

Монолог – (грек тілінен енген «бір сөз» деген мағынаны білдіреді) бір адамның сөзі, баяндамашының, лектордың сөздері.

Агглютинация – (латын тілінен енген «желімдеу» деген мағынаны білдіреді) қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрін айтамыз.

Гипербола – (грек тілінен енген «күшейту» деген мағынаны білдіреді) заттың жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтамыз.

Стен – (грек тілінен енген «күшті» деген мағынаны білдіреді) адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезім мен эмоцияларды стеникалық деп айтамыз.

Астения – (грек тілінен енген «әлсіз» деген мағынаны білдіреді) сезім мен эмоцияның баяу, солғын түрін астеникалық деп атаймыз.

Стресс – (ағылшын тілінен енген «тыс зорлану» деген мағынаны білдіреді) қауіп-қатер жағдайдағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдадағы мінез-құлықты айтамыз.

Аффект – (латын тілінен енген «жан ұшыру, күйіп-пісу» деген мағынаны білдіреді) қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.

Негавитизм – (латын тілінен енген «теріс» деген мағынаны білдіреді)

Аксон – (грек тілінен енген) жүйке келеткаларының ұзын талшығы.

Альтруизм – (француз тілінен енген) басқа адамның бағыт-бағдарына аңсары кетуі.

Амнезия – (грек тілінен енген) ес процесінің бұзылуын айтамыз.

Анализатор – түйсікті тудыратын анатомиялық – физиологиялық аппарат.

Антропоморфизм – адамға ғана тән жан қуаттарын жануарлар дүниесінен іздестіретін ілім.

Аттракция – адамның басқа адамға ұнамдылығы, тартымдылығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет