Факультеттерihe арналған жалпы редакциясын басқарған профессор М. Балақаев


біріне  карама-қарсы  болатынын  көрсетеді



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата01.01.2017
өлшемі11,26 Mb.
#910
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

біріне  карама-қарсы  болатынын  көрсетеді. 
Қарсылықты  сала- 
ластық  құрамы  өзара  іргелес  те,  бірақ,  алайда,  дегенмен,  сонда 
да,  зйтсе  де  деген  жалғаулық  шылаулар  арқылы  да  байланыса- 
ды.  Қарсылықты  салаластағы  жай  сөйлемдердің  баяндауышта- 
ры  көбінесе  антоним  сөздерден  және  болымды-болымсыз  фор- 
мадағы  сәздерден  жасалады:
Жанат  орнын  ұсьмып  еді,  —  отырған  жоқ  (Ғ.  М ұ с т .) .  Б ә pi - 
не  де  тоқтағым,  бәрімен  де  танысқым  келеді,—  оған  уақыт  аз 
(С.  М . ) .  Б ұл   жолда  ұ рс у ға  да,  намысына  тиюге  де  болады,  а л ай ­
да  арамыздан  аластауға  болмайды  (М.  И.).  Қ ол   сүйменмен  он- 
дай  тоңды  ою  оңай  болган  жоқ,  дегенмен  ойдық  (С.  М.).  Мал- 
дың  қоңды  болатыны  рас  та,  біращ  одан  тұқымның  жақсаруына 
пайда  жоқ  (Ғ.  С .) .
Қарсылықты  салаластың тыныс  белгілері
1.  Жалғаулықты  карсылықты  салаластың  арасына  үтір  қо- 
йылады.  Мысалы:  Шахта  іиііне  клетпен  де  түсуге  болатын  еді, 
б ірақ  бұлар   басңа  бір  ескі  шахтадағы  басқышпен  жаяу  тусті 
(А.  Маш. ).   Ол  да,  мен  де  суретке  түсуге  қүмар  емес  едік,  алайда 
біздің  бірге  түскен  бірнеиге  суретіміз  бар  (Ұ.  Д осп .).
2.  Жалғаулықсыз  қарсылықты  салаластың  ара  жігі  үтір  мен 
сызықша  арқылы  ажыратылады.  Мысалы:  Бі р  минуттай  уақыт 
өтті,—•  ешкім  сөйлемеді  (3.  Ш.).
553-жаттыгу.
 
С ал ал ас  қ ү р м а л а с га р д ы ң   қайсы сы   ы ағай л ас  м ән ді,  кай- 
сысы  қарсы лы қ  м ән ді  екенін  аж ы ратьщ ы здар .
1.  Мен  айтып  болдым,  енді  сіз  айтыңыз  (Ғ.  Мүст.).  2.  Бар- 
шагүл  сәлем  беріп  еді,—  ол  қырын  карап  кетті  (Ғ.  С.).  3.  Тере- 
зеден  қарап  түрған  Айғанша  дір  етіп  қалды  да,  Игілік  қап-қара 
болып  түнеріп  кетті  (Ғ.  М.).  4.  Дәулет,  ол,  Самарқан  және  тұр- 
ғын  ауылдардан  үш-төрт  жігіт  бір  күні  көлден-көлге  жаяу  келе 
жатыр  еді,  алдарында  зымырап  қарсы  ұшқан  екі  үйрек  көрін- 
ді  (С.  М. ).  5.  Мен  д е   алға  қарайтынмын,  бірақ  көзіме  ештеңе  кө- 
рінбейтін  (А.  Л е к . ).  
.  Мінген  атының  мінезі  шәлкестеу  еді  және 
түйеден  үркетін  еді  (С.  М. ).   7.  Үзеңгіге  аяғы  да  тиді,  жас  жігіт- 
тей  карғып  та  кетті  (Ғ.  М. ).   8.  Жауынгерлік  сапарға  біз  бірне- 
ше  күннен  бері  әзірленгенбіз, 
алайда  ұшар  алдындағы  соңғы 
сағат  соншалық  қиын  екен  (X.  Досп. ).  9.  Әлгі  түсімді  қайта- 
Қайта  көргім  келгендей  кезімді  жұмып  едім,—  үйқым  келмеді 
(А.  Л е к. ) .  10.  Ж үзінде  қайғы  да  жоқ,  қасірет  те  жоқ,—  қоркы- 
ныш  қана  бар  (Ғ.  М.). 
11.  Председательдің  айтуынша,  жүз  он  үй- 
лі  колхоздың  қарамағында 
70— 80  мың  гектардай  жер  бар, 
бірақ соның  көпшілігі  мал  оты  ғана;  егіндік жер  өте  аз  және  ара-
263

тұра  таулардың  бүлакты  бауларында  ғана  бес-он  гектардап 
ойдым-ойдым  боп  қана  кездеседі 
(С.   М. ) .
554-жаттығу.
 
Т ексті  көш іріп  ж а зы п ,  тиісті  тьіныс  бел гісін   коііы цы здар.
1. 
Әлібек  тамағын  кенеп  қойды  әйел  онда  да  мойын  бұрма^ 
ды 
(X.  Е с . ) .  
2.  Ол  ауыр  еңбек  еді  бірак  біз  әрбір  тапсырманы 
жан  аямай  орындап  жүрдік 
(Ү.  Д о с п . ) .  
3.  Сейіт  пен  Ж амал  елес 
берген  белгісіз  бейне  жақка  үңіле-үділе  қарасып  еді  еш  нәрсе 
көре  қойған  жоқ 
(Р.   Р а й ы м . ) .  
4.  Д еев   пен  Ж ұмабай  Қарсакбай- 
ға  дейін  енді  қайтып  ешқандай  оқиғаға  душар  бола  қойған  жок, 
әйткенмен  өлердей  шаршап  келіп  жетті.  5.  Көктем  алыс  еді 
61- 
рак,  Деевтің  көңілінде  ол  жақындап  калған  сияқты. 
6.  Тың  тың- 
дап  едім  жаңбырдың  тысырынан  басқа  ешқандай  дыбыс  білін- 
беді.  7.  Кеше  кешке  жақын  баласы  мен  келініне  бір  үлкен  ұсы- 
ныс  айтып  еді  оған  Күнтуар  көнген  жоқ  (Ә.  Ә.).
3.  Іліктес салалас
Іліктес  салалас  қүрамындағы  жай  сөйлемдердің  бірі  екінші- 
сіне  түсінік  болатындай,  бірін-бірі  толықтырып  айқындайтын- 
дай  қатынасты  білдіреді.  Іліктес  салалас  әрқашан  іргелесе  б а й ­
ланысады.  Бірінші  жай  сөйлемінде  көбінесе  сілтеу  есімдіктері 
мен  сілтеу мәпді  баска  да  сөздер  болады:
Ешкі ні ң  ізін  осы  а р а д а   тоқтап  б і р   са н а д ы :   қ а р   үстінде  ә л д е  
он  бір,  ә л д е   он  екі   тұяқтың  ізі  жосыл ып   ә л і   кетіп  б а р а д ы  
(Ғ.  С.). 
Б і р   қ а р а г а н д а - а қ   б і л е   қойдым:   б ұ л   —   Алматының  және  қ а л а  
ма ң ын ың  п ла н ы  екен 
(А.  Бек.). 
Ректорат  м ы н а н ы   еске  с ала- 
ды :  
студенттерді  ерте  бастан 
ғ ы л м и   е ң б е к   ж а з у ғ а  
төселді- 
р у  
(С.  Шайм.). 
Б ұ л   т р у балард ь щ  ж у а н д ы ғ ы  
с о н д а й  
—  Б е й с е н  
сиящты  тәпелтек  а д а м д а р   і ші нд е   жүгі рі п  ж ү р е р л і к  
(Ғ.  Мұст.).
Іліктес  салаластың  ара  жігіне  кос  нүкте  не  сызықша  қойыла- 
ды.  Сызықша  кебінесе 
сонша,  со н ша л ық ,   со н да й 
деген  баян- 
дауышььбар  іліктесте  жиі  кездеседі.
К ү н і  б ү г і н г е   дейі н  к ө з   а л д ы м д а :   таусыз,  о рм а н сы з,   өзенсіз,   бе- 
л е с с і з  жап-жазық  кең  д а л а д а   к ү н г е й де н   теріскейге  қ а р а й   с о зы л - 
ғ а н   с а я ң д а у   жерге  ш ы щ а н   екі  шіліктің  ортасында  б і з ді ң  а у ы л -  
д ы ң  
« Ж а м а н ш ү б а р »  
аталатын 
қыстауы 
турады. 
Айтарым 
сол:  б а р м а й м ы н  
(С.  М .). 
С а б ы р л ы   Олжабектің  с а с қа н ы   с он­
ш а —   о р ны на н  атып  тұрды 
(Ғ. М ү с т .).
Салыстырыңыз: 
С і з д е н   сүрайтынымыз  м ы на у :   Б і з г е   қ а м қ о р -  
шы  б ол ы ң ыз .   С і зд е н  сүрайтынымыз  —   б і з г е   қ а м қ о р ш ы   болы-  
ңыз. 
Бұл  екеуінің  қай-қайсысы  болса  да  іліктес  салаласқа  жата- 
ды.  Олардың  арасындағы  айырмашылық 
—  
соңғы  сөйлемде 
м ы ­
н а у  
деген  баяндауыш  түсіп  калып,  ықшамдалып  айтылған,  мұн- 
дай  жағдайда  іліктес  салаластың  ара  жігіне  қос  нүкте  қоймай, 
сызықша  кою  оньщ  ықшамдалып  айтылып  тұрғанын  бірден  аң- 
ғартады:  толық  түрінен  айырмашылығы  бар  екенін  көрсетеді.
264

555-жаттыгу.
 
Мына  сөйлемдерден  іліктес  салаласты  тауып,  оның  ерек- 
шелігін  түсіндіріңіздер.
1.  Орта  белінен  жерге  батқан  ағаш  үй  ерте  күнде  едірейіп-ақ 
тұрған  шығар,—  су  тасқыны  мұны  да  шоңқитыпты  (Ғ.  Муст.).
2.  Ол  —  қызына  екі  пікірді  сіңіруге  қатты  тырысты:  бірі  —  бұл- 
жымайтын  түрақтылық,  екіншісі  — 
айнымайтын 
махаббат 
(С.  М.).   3.  Розаның  үстінде  қолпылдаған  кед  ескі  куртка,  басы- 
на  ақ  орамал  тартқан,  қолында  сырлы  кішкене  бидон  (Т.  Ахт.).
4.  Тұманның  қалыңдығы  сонша  —  түк  те  көрінбейді  (X.  Д ос п .) .
5.  Шыңдалған  рельстің  өн  бойын  кезек-кезек  қараймын,—  көзге 
түсетін  ештене  жоқ:  серіктерім  де  қарайды,—  олар  д а   ештеңе 
көре  алмайды  (С.  М.).  б.  Ол  жер  —  көз  тартарлық  көркем 
екен  —  ашық  алаң,  орман,  гүлді  дала  (X.  Досп. ).   7.  Оқушылары 
әр  қилы:  әйел,  еркек,  үлкен,  кіші,  бала  —  бәрі  аралас  (Ғ.  Мұст.).
8.  Ұсыныс  сол:  сөз  өздеріне  берілсін  (М.  И.).  9.  Достар  арасына 
оралғаныма  қуанғаным  сондай  —  тіпті  асты  ұмытып  кеттім 
(X.  До сп .).   10.  Мұнда  мүмкіншілік  көп  екен:  жазы  ұзақ,  қысы 
қысқа,  жылы  күні  жеткілікті,  көшелерді  бойлап  аққан  арык,  ен- 
деше  с у д а   бар  (С.  М.).
556-жаттыгу.
 
Көшіріп  жазып,  тиісті  тыныс  белгісін  койыңыздар  да,  се- 
бебін  түсіндіріңіздер.
1. 
Таңқыбай  көруге  де  өзгеше  жан  бойы  бейне  он  бес-он  алты 
жасар  бала  жігіттің  бойындай-ақ  денесі  де  тап  сондай  талдыр- 
маш  толысып  жетпеген  бозбаланың  денесі  (X.  Ес.).  2.  Сенен  бір 
тілегім  ат  үсті  асығыс  қорытынды  жасай  көрме  (М.  Кар. ).
3.  Екеуінің  шүғылданғандығы  сондай  ішке  кірген  кісіні  анғар- 
мады  (Ғ.  С.).  4.  Өмір  оны  тағы  да  жақсы  адамдарға  әкеп  косты 
мынау  шахтер  Жүсіп  Жанбосынов,  оның  сүйікті  әйелі  Қүралай, 
революцияға  шейінгі  тілектес  Прохор  Иванович  Холмецкий,  қыр- 
дың  сұлу  қызы  Қара«өз  бүлар  қандай  таза  жанды  адамдар  дей- 
сіз.  5.  Қаракез  қателеспеген  екен  фельдшер  шын  сенімді  дос 
боларлық  кісі  екен  (М.  Кар.).  6.  Сіздерге  де  айтарым  сол  сағат 
төртте  осында  келіңіздер. 
7 . 
Оның  корыққандығы  сондай 
li e  
ай- 
тып,  не  қойғанын  білген  жок.  8.  Мен  енді  ғана  аңғардым  жол- 
дың  үстінде  бүлар  мініп  келген  өзіміз  жел  қа,йық  деп  атайтын 
«виллис»  түр  екен  (Ә.  Ә.).
4.  Себеп-салдар  салалас
Салалас  құрамындағы  жай  сейлемдер  өзара  бірі  екіншісінде 
айтылған  істің  себебін  не  салдарын  білдірсе,  ондай  салаласты 
себеп-салдар  мәнді  салалас  дейміз.  Себеп-салдар  салалас  ірге- 
лес  те,  жалғаулық  шылаулар  аркылы  да  байланысады.  Ол  жал- 
ғаулықтар  мыналар:  өйткені,  себебі,  сондықтан,  неге  десеңіз.
С ебеп-сал дар   сал ал асты ң  қүрам ы ндағы   ж а й   сөйлемдер 
өз- 
ара  былай  орналасады:
10-1 1 5 7
265

I,
Себеп  мәнді  ж ай  
сөйлем
-
сондықтан 
сол  себепті
салдар  мәнді 
ж ай  сейлем
II.
С алдар  мәнді  жай
өйткені,
себеп  мәнді
-
4

сейлем
еебебі,
ж ай  сейлем
неге  десеңіз
Қ о л ы ң   қатты  дейді,   қ о р қ ы п   тұрмын 
(Ғ.  Мұст.). 
А қ ы р ы   тап- 
ңан  сияқты:  оң  көзі ні ң  астыңғы  қ а б а ғ ы   б у л к і л д е й   бастапты 
(Ғ.  М.). 
Т о р ы а й ғ ы р   тауы  жел ді ң  екпі нді   ө з е г і н е н  б і р   қ ы р ы н д а у  
түрады, 
сондықтан  о н д а ғ и   жел  ә л д е қ а й д а  
с а я б ы р   к е ле д і 
(С.  М .). 
Отырғандар  м ұ н ы  б і р д е н   сезді ,   өйткені  о сы  жерде  бас 
ц о сқ а н  жиырма  шақты  коммунистің 
б ә р і   д е   осы  п і к і р д е  
е д і  
(X.  Е с . ) .
Жалғаулықсыз  себеп-салдар  салаластың  ара  жігіне  үтір,  сы- 
зықша  не қос  нүкте  қойылады.
Егер  салаластың  себеп  мәнді  сөйлемі  салдар  мәндіден  бұрын 
тұрса,  арасына  үтір  қойылады.  Керісінше,  салдар  мәнді  сөйлемі 
бұрын  айтылып,  себебі  соң  тұрса,  арасына  қос  нүкте  не  сызықша 
қойылады.  Мұндайда  себеп-салдарлы  салалас  іліктес  салалас- 
қа  өте  үксасболы п  келеді:
Ж а й л а у д а н   к е лг е ні ң і з   бүгін,   тыныс  а л у ы ң ы з   д а   к е р ек   б о л а р  
(F.  С.). 
Оттың  ж а л ы н ы  ә з і р   кө рі нбе йд і ,   ж а ң а   тұтанды 
(F.  Мұст.). 
К е л е - к е л е   өмі р  ө з   д е г ен ін   аңғартты  —   Б а р ш а г ү л   тәжірибесінің 
жемістері  б а с ы м   шықты 
(F.  С.). 
Қ а л е н д і   ж а у а п қ а   тартады  д е ге н  
ой  оның  б а с ы н а   к е л г е н   емес:  айыпты  тек  Н ү р ы м   е к еу і м і з  д е п   ту- 
сі нді  
(X.  Е с . ) .
557-жаттыгу.
 
С ебеп-салдарлы  салаластарды   тауып,  қ ұрам ы н даш   сеіі- 
лемдерінін.  байланысу  жолына,  себеп  мәнді  мен  салдар  мәнді  сөйлемдерінін 
орналасу тәртібіне  көқіл  бөліқіздер.
1.  Тереңге  балық  уылдырық  шаша  алмайды,  неге  десен,  он да 
уылдырық  орал атын  не  балдыр,  не  шэп,  не  қамыс  жоқ. 
(С.  М. ) .
2.  Біз  Бершанскаяны  білмейтінбіз:  ол  —  полкты  қабылдау  үшін 
басқа  бір  бөлімнен  ікелген 
(X.   Д о с п . ) .  
3.  Ауыл  шымыр-шымыр 
қайнайды:  өрістен  мал  қайтты,  көшеде  ойнаған  бала,  жүгірген 
ит-құс 
(Ғ.  Мұст.). 
4.  Жаны  шығып  кете  жаздады,  өйткені  онын 
қолына түскен  ыдыс  сау қайтқан  емес 
(Б.   М . ) .  
5.  Әскерден  де  осы 
кем-тарлығынан  босаған  көрінеді,  әйтпесе  соғыста  жүре  береді 
екен 
(С.   М . ) .  
6.  Сізді  ешкім  шақырған  жоқ,  сондықтан  сіз  бар- 
майсыз  (Ә.  Ә.).  7.  Қайыққа  байланысты  мәселе  әзірше  осымен 
тынды  да,  әңгіме  басқа  жүмыс  жайына  ауды  (М.  И.).   8.  Қайыр 
сөзді  әрі  карай  тереңдеткісі  келмеді,  әңгіме  желісін  бүрып  жі- 
берді  (3.  Ш.).
558-жаттығу.
 
Көп  нүктенін,  орнына  себеп-салдар  мәнді  жалғаулыктар- 
дың  бірін  қойып,  одан  кейін  сөйлемдердін,  орнын  ауыстырып  көрініздер,  соған 
байланысты  қандай  өзгеріс  болғандығын  түсіндіріңіздер.
266

1.  Төмендігі  ориентирлер  жақсы  көрінеді...  самолет  бағытын 
қиналмай-ақ  біліп  отырмын 
(X.   Д о с п . ) .   2. 
Олар  менен  ересек- 
теу  еді...  әр  нәрседен  көмек  беріп  жүрді.  3.  Қорыгындысында  ди* 
ректор  алдында  ұяла  қойғаным  жоқ...  «өте  жақсы»  деген  баға- 
мен  аттестат  алып  шықтым.  4.  Ж ел  шығыс  жақтан  соғып  тур- 
ран...  зеңбірек  даусы  бізге  естілмейді.  5.  Мейрам  контордан  бі- 
рін  таппады...  бәрі  жер  астында  екен 
(Ғ.  Мүст.). 
6.  Мезгіл  кешкі- 
ріп  кетті...  амалсыз  қонуға  тура  келді 
(С.  М . ) .  
7.  Ахметшенің  пә- 
терін  Хакім  бірден  тапты  ...  бұған  қызыл  нарлар  себеп  болды 
(X.  Е с . ) .  
8.  Мен  жылқыға  үйренген  адам  едім...  фермаға  кетіп  ба- 
рамын;  сен  танкіге  үйренген  адам  едің  ...  тракторға  кетіп  бара- 
сың  (М.  И.).
559-жаттығу.
 
Көшіріп  жазып,  тиісті  тыныс  белгісін  қойыңыздар.
1.  Кейін  кайта  алмаймыз  өткел  тосатын  уақыт  жоқ 
(X.   Р а х и ­
м ов .) .  
2.  Үйде  көп  ібола  алмадым  әокери  қызметке  алып  кетті.
3.  Үйі  жақын  сондықтан  бұлар  көп  сөйлесе  алған  жоқ.  4.  Д еле- 
гадияны  бастап  бару  міндеті  Саусақовқа  тапсырылды  себебі 
Саусақов  казак,  орыс  тілін  жақсы  біледі 
(М.  К а р . ) .  
5.  Кейін  со- 
ның  бәріне  де  куанасың  өйткені  болашақ  сен  секілді  ашық  жан- 
ды  адал  жандардікі  (Ә.  Ә.).  6.  Уақыт  та  жақындап  қалып  еді 
келгенін,  жақсы  болды. 7.  Сырекеңді  ала  кетейік  өйткені  жер  мөл- 
шерін  со  кісі  ғана  жақсы  біледі.  8.  Оны  Тәрбие  тосырқап  барып 
таныды.  Самарқан  екен.  Алғаш  тани  алмауына  Тәрбие  айыиты 
да  емес  еді  Самарқанның  бүрын  қырып  жүретін  мұрты  қияқта- 
нып  өсіп  кетіпті.  9.  Сүр  жорға  кешікпей  табылды  маңайлас 
разъездегі  біреудіқ  қорасында  терлігі  ерттеулі  калпында  қалып 
қойыпты.  10.  Айбаршаның  бүгін  аса  көңілді  жүруіне  себеп  Д әу- 
леттен  кеше  хат  алған  ©кен.  11.  Плащты  масадан  қорғану  үшін 
киген  болар  одан  масаның  түмсығы  етпейді 
(С.  М. ) .
5. Талғаулы  салалас
Талғаулы  салалас  күрамындағы  жай  сөйлемдердің  өзара 
болжалдық  қарым-катынаста  болып,  тек  біреуіндегі  істің,  оки- 
ғанық  жүзеге  асатыидығын  көрсетеді.  Талғаулы  салалас 
я,  яки, 
болмас а,   не,  немесе,  әлде,   әйтпесе 
деген  жалғаулықтар  аркылы 
байланысады.  Талғаулы  салаластың  арасына  үтір  қойылады. 
іМ ысалы :  Б ү л   же р де   я  сен  тұрарсың,  я  мен  тұрармын 
(
X .  Ес.).
Мағынасы  жағынан  талғаулы  салаласқа  ұқсас,  бірақ  одан 
жасалу  жағьшан 
ерекшелігі  бар  болжал  мәнді  салалас  сөй- 
лем  де  кездеседі.  Мұндай  салаластың  құрамьшда  үш  жай 
сөйлем  болады.  Оның  алғашқы  екеуі 
ма,  ме 
сұраулық  шылаула- 
ры  арқылы  айтылып,  әзара  талғау  мәнді  шылаулармен  байла­
нысады  да,  соңғысы  ойдың  қорытындысын,  түйінін  баяндайды:
Сүйікті  а д а мн ы ң   кіиікене  ңасиеті  д е   д а р д а й   б ол ы п   көрі не  ме, 
э л д е   өте-мөте  б а с ш ы г а   керекті  шеиіендіктің  б о й г а   үйытьіп  ерек-
10*
267

ше  д а р у ы   бола  ма  —  тек  Б ар ш а г ү л   қүл ағ ына   емес,  тым-тырыс 
уйи  қалғ ан  көп жұртқа да  Мухит сөзі  эсер  етті  (Ғ.  С .) .
Болжал  мәнді  салаластың  алғашқы  екі  сөйлемі  өзара  үтір- 
мен  бөлінеді,  де   соңғы  қорытынды  мәнді  сөйлемі  сызықша  ар- 
қылы  айрылады.  Мысалы:  Судыц  жылдамдығына  көз 
ілеспеді 
ме,  әлде  ақтарылған  судьің  қызығ ын а  а лқын ды  ма  —  арқан  ус- 
тап  турғандар  кетпеншілердің  с у ға   опырыла  қ ул ағ ан   жардың 
балшығымен  бірге  қ у л ағ а нын  абайламай  қ ал ды  (С.  М.).
560-жаттығу.
 
С өйлем дердің  ішінен  талғаулы 
салаластарды   тауып, 
оларды ң  басқа  салаластардан  айырмашылығын  көрсетіңіздер.
1.  Осы  бірер  минутта  жанды  жеген  жұмбағым  шешіледі. 
Я  мынау  емендей  ең  жоғары  көтеріліп  көкке  шырқаймын,  я  мы­
нау  шіріген  орындықтай  қайысып,  шөгіп  қаламын  (М.  И.).  2.  М у­
ны  да  айтатын  сді,—  пеш  жанында  тұрған  Күлзипаның  тесіле 
қарағандығы  ұстап  қалды  (Ғ.  М. ).  3.  Сізге  не  Мұрат  бірдеңе  айт- 
қан,  не  Мырқалдың  қоңырсытып  жүрген  сөзін  естігенсіз. 
Егер 
Мұрат  бірдеңе  деген  болса,  жасырмай-ақ  айта  берідіз,  4.  Біздің 
бұл  кеңесіміз  ұзаққа  созылуы  мүмкін,  сондықтан  тезірек  баста- 
йық  (Ә.  Ә.).  5.  Өзеы  —  ағаш  сияқты  да,  сағалар  —•  оның  тамыр- 
лары  сияқты  (С.  М.).  6.  Бүл  біздің  қойшы  баланың  әні.  Байқай- 
сыз  ба,  ән  сазында  не  жалғыздық  көңіл  күйінің  уайым  ұйтқыған 
мұцды  сазы  жоқ,  не  жетімдігін  еске  түсіретін  қайғы  жалыны 
еспейді  (А.  Л е к ) .   7.  Сапар  бұл  сөзін  қаншама  нық  айттым  десе 
де,  даусы  сәл  дірілдеп  солғын  шықты.  Я  алқымда  булығып  ашу 
тұрды,  я  көңілде  ж аңа  бір  үрей  тұрды  (М.  И.).  8.  Лиза  орман 
құстарының  әуеніне  салып  ысқырып  еді,  әлгі  сыбыр  шыққан 
жақтан  төрт  адамның  қарасы  көрінді  (А.  Л е к . ) .   9.  Түбінде  бүл 
ең  'бері  салғанда,  ғылымның  бір  маманы  болады,  әйтпесе,  көрер- 
сің,  осыдан  дыңдай  академик шығады  ( С.  М.).
561-жаттығу'.
 
Талғау  мәнді  жалғаулықтардын,  қайсысы  талғаулы  сал а­
ласты,  қайсьісы  біры ңғай'м үш елерді  байланыстырып  тұрғандығын  ажыратып, 
олардын,  арасындағы  айырмашылығын  түсіндіріңіздер.
1. 
Сіздің  не  аңшы  екеніңіз  өтірік,  не  қорқып  келе  жатқаныңыз 
өтірік  (Ә.  Ә.).  2.  Осыдан  басқа  не  бір  дыбыс,  не  қозғалыс,  не  бір 
сәзбен  сыр  берген  жоқ  (М.  Ә.).  3.  Бұл  сөздердің  бірін  де  я  Рау- 
шанның,  я  Бәкеннің  көзінше  ешкім  айтқан  емес  (Б.  М. ).   4.  Ара- 
тура  болса  да  не  бір  тұщы  кел,  не  бір  тұщы  бұлақ,  я  өзен  бітір- 
сейші  кең  далаға.  5.  Орныма  кісі  табылмайды  деген  сез  бе  екен. 
Не  Самарқан  бола  салар,  болмаса  Анатолий  Кондратьевичтің 
өзін  қыстаймын  ( Ж .   М.).  6.  Әлде  әзілі,  әлде  мазағы  екенін  түсі- 
не  алмаған  Д ана  бір  қызарып,  бір  сазарып,  не  күлерін,  не  рен- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет