Ендігі өлеңдері майдан өмірі, жауынгердің ой арманы мен сыры жайында жазылған. Геройлары өлімнен намысты жоғары қояды. Олар бұл сөзді кеудесінен аққан қанды қолымен басып тұрып, шырақтай жалтырған екі көзінің жанары мәңгі бақи өшіп бара жатып та айтады.
Ана жігердің, күштің символы. Ол күш баланың анаға, ананың балаға деген махаббатынан туған. Анаға деген сүйіспеншілікті Отанға деген махаббатпен қабстыра жырлайды:
Ғали эпикалық поэзияға қалам тербеткен адам. Оның «Шәуілдір» шығармасында ақын жаңарған колхоз аулының өркендеп және бүгінгі өмірін қарама-қарсы суреттер арқылы көрсетуді көздейді. Бірақ ол сюжетті, эпикалық поэманын дәрежесіне көтеріле алмайды. Онда Шәуілдірдің кешегі ұсқынсыз бейнесі мен бүгінгі жаңарып қалаға айналған кейпін жалаң суреттеп, жаңалықтарын тізуден аса алмайды. Поэмада ауылдың жаңа адамдары мен олардың рухани өмірі көрінбейді.

Ғалидың соғыс тақырыбына жазған ұзағырақ шығармасы — «Бөбек жүрегі» атты шағын поэмасы.
«Алынған қамал» қазақ әдебиетінде Солтүстік мұзды мұхитқа кеткен «Челюскин» кемесіндегі челюскиншілердің ерлігі суреттелетін поэма.
«Сұлтан-дастан» поэмасы Ұлы Отан соғысындағы бөлімше командирі Сұлтанның Кавказ тауының Белая өзенініңдегі ерлігі суреттелді. Ол неміс басқыншыларынан Кавказды қорғау шайқасында ерлікпен қаза тапқан Байсұлтан Оразевтің прототипі, Қарт полковник картаны ашып, Белая өзенінің қай тұсынан ұрыс салу керектігін түсіндіріп, таудың қым қиғаш қатпарлы қиын жолын Сұлтан бастаған бөлімшені жібереді. Тау ішінде жауға тұтқиылдан тиген әскер жеңіске жетіп, тірі қалғандарды ұстап әкетеді. Осы шайқаста Сұлтанға оқ тиіп, ерлікпен қаза табады.