Ғалымдардың мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелері, еңбектері


Дәріс өткізу түрі: Шолу, Ақпараттық



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі22,18 Kb.
#20010
1   2   3   4
Дәріс өткізу түрі: Шолу, Ақпараттық

1.Химиялық тіл - химияны танудың құралы және әдісі, білім берудің, тәрбиелеудің және оқушылардың маңызды құралы.

Қазақ мектептерінде химияны оқыту ғылыми тілі арқылы ерекшеленеді. Бұл тіл химия оқулықтарын, оқу – методикалық – әдебиеттерін орыс тілінен аудару және қолтума еңбектер жазу үстінде қалыптасты. Химия тілінің негізгі бөлігі – қазақша химияның терминдері қазіргі дәрежесіне жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтті.

1920 – 1930 жылдарда С. Т. Сазонов, В. Н. Верховский және П.П. Лебедов жазған химия оқу кұралдарын қазақ тіліне аударғанда жеті жылдық мектеп көлеміндегі химия терминдері қалыптасты. Бұл оқу кұралдарының аудармасын талдай келіп, химияның тұңғыш терминдерін жасау үшін ана тіліміздің бай мүмкіншіліктері толық пайдаланылғанына көз жеткіземіз. Сол кезде қалыптасқан негіз, қышқыл, сутегі, көміртегі, көмірсутек, оттегі және осылардан туындайтын сан алуан терминдер әдеби тіліміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл тілімізге орысшадан сөзбе сөз немесе мағыналық аудару арқылы келді. Кейбір терминдердің аудармалық көшірмесін жасауда орысша нұсқасына өзгеріс енгізіліп, бір адым ілгері басқанымыз байқалды. Мәселен, латын «оксигениум» орысша «кислород» терминінің қазақ нақ көшірмесі «қышқылтегі» болу керек еді. Бастапқыда химияға француз ғалымы А. Лавуазье енгізген оксигениум – оттегінің қасиеті жөнінде сынаржақ ұғым беретін сәтсіз термин. Оттегі қышқыл ғана емес негізде түзеді, оның үстіне құрамында оттегі болмайтын бірсыпыра қышқылдар белгілі. Сондықтан «қышқылтегінің» орнына «оттегінің» алынуы бұл терминді мағынасы жағынан жетілдіріп, оттегінің жануды қуаттайтын және жануға қатысатын негізгі қасиетін білдіріп тұр. Бұл кезеңде осындай сәтті бастамаларымызбен бірге халықаралық терминдерді жаппай қазақшалау сияқты асы сілтеушілікке жол берілді. Элемент – тек, реакция айқасу, тектесу, гидрат – суан, ангидрид – қуан, валенттілік – іліктестік деп аударылды. Аударусыз тікелей қабылданған терминдерді тілімізге үйлестіреміз деген сылтаумен фонетикалық жағынан өзгерткендікте олар түпнұсқаға ұқсамайтын болып шықты, мысалы: сурик – жүйрік, карборунд – гарбурант, купорос – кіпіраз, кальциевая селитра – кәлісті сілтір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет