2.В.Н. Верховский мен Л. Сморгонскийдің және басқа да ғалымдардың жазған химияның тұрақты оқулықтары
1930–1950 жылдарда В.Н. Верховский мен Л. Сморгонский жазған химияның тұрақты оқулықтарында бірсыпыра теориялық және технологиялық тың материалдар енгізіліп, терминдер саны бұрынғыдан анағұрлым артты. Бұларды аударуда өткен кезеңдегі тәжірибе пайдаланылды, айтылып өткен қателіктер түзетілді. Қазақ сөздерінен баламасы табылмаған интернационалдық терминдер орыс тіліндегі жазылуы мен айтылуын сақтап қабылданды. Көптеген жаңа нақ көшірмелер жасалып, қазақтың байырғы төл сөздері терминдік мағынаға ие болды. Жаңа терминдер тудыру үшін сөз қосымшалары кеңінен пайдаланылды, мысалы: қоспа қосылыс, қосынды, НСІО4 хлор қышқылы, НСІО хлорлылау қышқыл. Бұл кезеңде химиялық терминдерді сұрыптау әдеби тілдің ғылыми терминологиясын жасаудың жалпы негізіне сай жүргізілді. Өзге жаратылыстану ғылымдарының саласындағы терминдер қабылдау тәжірибесі ескерілді.
1950—1990 жылдарда химия мен химияны оқыту методикасынан орта және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары, химияның орысша-қазақша сөздіктері басылып шықты, химия тілін зерттеу жұмыстарының нәтижесі жарық көрді. Химия терминдерінің саны мен сапасы артып жоғары білімнің ауқымын қамтитын дәрежеге жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |