Ғалымдардың мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелері, еңбектері


Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі22,18 Kb.
#20010
1   2   3   4
Байланысты:
7-8 МОХ лекция

4.Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы

Химия терминдерінің молаюы мен жетілуіне Б.А. Бірімжанов, Н.Н. Нұрахметов, X.Д. Молдағалиев, К. Аханбаев, И.Нұгманов ғалымдардың баспадан шыққан қазақ тіліндегі химия оқулықтарының зор ықпалы тиді.Бұл мерзімде терминдерін қабылдау негіздері, қолданылып жүрген терминдерді жетілдіру мәселелері ғылыми тұрғыдан шешімін тапты. Соңғы уақытқа дейін химия оқулықтарында кеибір әр түрлі категориядағы ұқсас ұғымдар бір ғана терминмен аударылды. Мәселен, предмет және вещество – зат, окисел және окись – тотық, смесь және примесь – қоспа, изменение және превращение вещества – заттың өзгерісі, разделение вещества және распознование вещества – затты ажырату. Осының салдарынан зат заттан тұрады, негіздік тотықтарды тотықтыру деп атайды, қоспаның ішінде қоспа бар деген таптауырын қайталаулар жасалды. Химия пәні, зат, физикалық дене, негіздік тотық, қоспа, қоспаны бөлу, заттарды қасиеттеріне қарай тану ұғымдарының мазмұны, физикалық және химиялық құбылыстардың мәні оқушыға нақтылы жетпеді. Сондықтан соңғы оқулықтар аудармасында предмет – нәрсе, вещество – зат, окисел – оксид, окись – тотық, смесь – қоспа, примесь – қосымша, изменение – өзгеріс, превращение – айналу, разделение – бөлу, распознование – ажыратып тану болып алынды. Физикалық дене мен нәрсе мәндес ұғым, екеуі де заттардан жасалады. Заттардың өзгерісі жаңа зат түзе немесе түзбей жүзеге асуы мүмкін. Айналу – жаңа зат түзе жүретін өзгеріс. Қоспа ең кемі екі заттан тұрады, қосымша – сол екеуінің аз мөлшердегісі. Оксид – элементтердің оттегімен қосылыстарының жалпы аты, тотық – жеке біреуінің ғана аты. Азоттың бес оксиді бар, NО ғана тотық деп аталады. Оқушыларды химиялық терминдермен таныстырғанда этимологиялық талдау әдісі жиі қолданылады. Химиялық терминдердің жартысына жуығы – орыс тілі, арқылы кірген халықаралық терминдер. Олар тілімізге, әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзіне ұқсап кеткен. Фтор, бром, хлор, пирит және соларға ұқсас терминдердің бөтендігі бадырайып білініп тұрмайды. Оқушылар олардың бастапқы мағынасына ден қоймай қабылдауынан ірі қателіктер жібереді. Кейде оқушылардан «хлор – түссіз газ», «бром – иісі жоқ сұйықтық» деген жауаптарды есітеміз. Бром терминінің қазақша мағынасы сасық, хлордікі – жасыл екенін білетін оқушы бұлай айтпаған болар еді. Әдетте, ат қойғанда заттың басты бір қасиетін, ұғымның мазмұнын ескеруге тырысады. Мәселен, 40-тан астам химиялық элементтің аты аса маңызды қасиеттерінен хабар береді. Азот – тіршілікке жарамсыз, фосфор – жарық тасушы, барий – ауыр калий – күидіргіш сілті, бериллий – тәтті, фтор – бүлдіргіш, иод – күлгін деген мағынаны білдіреді. Сондықтан этимологиялық (шығу төркінін) талдау әдісін қолдану оқушылардың химиялық терминдерді саналы қабылдауын қамтамасыз етеді. Әсіресе этимологиялық талдауды элементтің ашылу тарихымен және химиялық экспериментпен ұштастыра жүргізу тиімді. Иод термині қазақша күлгін деген мағынаны білдіретінін иодтың булану тәжірибесін көрсетумен бірге түсіндірсе, оқушылардың есінде нық қалады. Оның үстіне иодтың ашылуына оның түсі мен мысық себепші болғаны жөніндегі аңыз әнгімені оқушылар ұйып тыңдайды, ұзақ естерінде сақтайды.

Оқушылар «химия» терминдерін сөз ретінде емес, заттар мен құбылыстарға байланысты объективті болмыстын кең ақпаратты хабары есебінде қабылдауы тиіс. Олар терминмен қоса, ол арқылы белгіленіп отырған заттың басты қасиеттерін құбылыстың ішкі мәнін, ұғымның негізгі белгілерін біліп алуы қажет.

Оқушылар химиялық терминдерді өздеріне таныс теориялардың тұрғысынан химиялық символикамен ұштастыра меңгеруі керек. Өйткені химиялық ұғымның анықтамасын, заттың құрылысы мен қасиеттерінің сипаттамасы оқушылардың теориялық дайындығының дәрежесіне қарай өзгеріп дамытылып отырады. Жеке зат туралы ұғым нақтылы болу үшін басқа заттарға әсері тәжірибе жүзінде сыналады.

Химия саласындағы ғылыми ақпараттын қаулап өсуіне байланысты химия тілін ұдайы жетілдіру және оны оқытудың тиімді әдістерін іздестіруі күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе.

Бақылау сұрақтары

1.Химия тілінің оқу-тәрбиелік маңызы кандай?

2.«Химиялық алғашқы ұғымдар» тақырыбындағы негізгі ұрымдардың атауларын теріп жазып, олардың арасындағы белгілі байланыстарды сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.

3.Қазақша химияның ғылыми тілі қалай қалыптасты?



Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Нұғманов И., Шокыбаев» Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны окыту әдістемесі.
    Алматы: Ргіt s , 2003, - 343 б.

  2. Жаналиева Р.Н. Химияны окыту әдістемесі. Шымкент. Оқу құралы .,2017.,304 б.

3.Нұғыманов И. Химия оқыту әдістемесі. - Алматы: Рауан, 2003. -319 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. www.сһеmistry.r2.ru

  2. www.chemistry.narod.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет