"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет97/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   372
 
 
 
ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛГЕН НОҚАТ ӨСІМДІГІНЕ КҮКІРТ НАНО-
БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Саптайханова Ғ. Қ., Құсманғазинов Ə. Б. 
Қазақ Инновациялық Гуманитарлық-Заң Университеті.  
gaini.s96@mail.ru, adil_06.1996@mail.ru
  
 
Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университетінің  жылыжайында  бұршақ  тұқымдасына 
жататын ноқат өсімдігін күкірт нано-бөлшектері препараты көмегімен өсіріп, осы препараттың ноқат 
тұқымдарының өнгіштігіне жəне дамуына əсерін зерттеу. 
Ноқат (Cicer arietinum) - көне дəуірден бері белгілі құнды бұршақ мəдени дақылы. Ол əртүрлі 
елдердің,  əсіресе  Азия  елдерінің, соның ішінде  Орталық  Азия  аймағының елдерінің  тамақтануында 
кеңінен қолданылады.  
2017 жылдың 27 сəуірінде жылыжай жағдайында кокос жаңқасына əртүрлі нұсқаға 16 дəннен 
отырғызылды. Тұқымдардың өнуі басталғаннан 10 күннен кейін нəтижелер тіркелді. Отырғызылған 
өсімдіктер тамшылату суару технологиясымен суарылды.  
4  нұсқадағы  ноқат  тұқымдары:  бақылау,  кальций  полисульфидінің  ерітіндісі,  паста  тəріздес 
тұнба, құрғақ тұнба. 
Кальций  полисульфиді  ерітіндісімен  эксперимент  жүргізу  үшін  0,2  мл  кальций  полисульфиді 
ерітіндісі 1 литр дистильденген суға, кальций полисульфидінің паста тəріздес тұнбамен эксперимент 
жүргізу  үшін  0,2  мл  кальций  полисульфидінің  паста  тəріздес  тұнбасы  1  литр  дистильденген  суға, 
кальций  полисульфидінің  құрғақ  тұнбасымен  эксперимент  жүргізу  үшін  0,2  мл  кальций 
полисульфидінің  құрғақ  тұнбасы  1  литр  дистильденген  суға  араластырылды.  Тұқымдар  алынған 
ерітіндіге 15 минутқа салынып, одан кейін кокос жаңқасы субстратына отырғызылды. Тұқымдардың 
өнгіштігі  өсуден  кейін 10  күннен  кейін анықталды.  Əр  10  күн  сайын  əртүрлі  нұсқадағы  нанокүкірт 
қосылды. Өсу қарқындылығы нанокүкірт қосылған нұсқаларда жоғары болғандығы айқындалды. 
10-шы  күні  ноқаттың  өскіндерінің  ұзындығының  өсуіне  құрғақ  нанокүкірт  жəне  нанокүкірт 
ерітіндісі  оң  əсерін  тигізгені  байқалды.  20-шы  күні  ноқаттың  өскіндерінің  ұзындығы  нанокүкірт 
ерітіндісімен  өсірілген  жағдайда  бақылау  өсімдіктері  көрсеткіштерінен    2  еседей  жоғары  болғаны 
бақыланды. 30-шы күні нанокүкірт ерітіндісі жəне нанокүкірт құрғақ тұнбасы өсімдіктердің орташа 
морфометриялық көрсеткіштері жоғары болғаны анықталды.  
Зерттеу  жұмысы  барысында  ноқат  тұқымдарының  өнуіне,  өскіндердің  өсу  интенсивтілігіне 
нанокүкірттің  ерітіндісі  жəне  нанокүкірттің  құрғақ  тұнбасы  оң  əсер  еткені  анықталды.  Ал 
нанокүкірттің  паста  тəріздес  тұнбасы  өсімдікке  кері  əсерін  тигізетіні  байқалды.  Сол  себепті, 
нанокүкірттің паста тəріздес тұнбасы қолдануға ұсынылмайды. 
Ғылыми жетекші: б.ғ.д. Курманбаева Меруерт Сакеновна 
 
 


67 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет