ОКТЯБРЬ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ БЕНТОФАГ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРЕКТІК РЕСУРСТАРЫН ЗЕРТТЕУ Асқар Г. Х.
Əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униерситеті
gulsim-97@bk.ru
Октябрь су қоймасы Алматы облысы Талғар ауданында 1965 жылы салынған. Бұл су
қойманың ауданы 107,1 га құрайды. Су қойманың ұзындығы 1,83 км, ені 1,34 км, максималды
тереңдігі 7 м, орташа тереңдігі 4,5 м. 2017 жылы маусым жəне тамыз айларында Октябрь су
қоймасында зообентос сынамалары жиналды. Зообентос сынамаларын алуға Петерсон (0,25 м
2
) су
түбі көсіп алғышы пайдаланылды. Алынған грунтты жуып-шаятын тормен су мөлдір болғанша лайды
шайып, пластмасса контейнерлерге салдық. Ішінен барлық организмдарды теріп алып, 4 %
формалинмен фиксирлеп, этикеткамен жабдықтадық. Бүкіл жиналған материалдар зертханалық
жағдайда өңделіп, зообентос сынамаларын анықтау жұмыстары арнайы гидробиологиялық
анықтауыштар көмегімен анықталды.
Су қойманың макрозообентосында 9 түр анықталды. Биоалуантүрлілікте басым болған
насеком дернəсілдерінің 6 таксоны кездесті. Оның ішінде 5 түрі қосқанаттылардан хирономидтерге
тиесілі болды. Маусым айында зообентостың сандық көрсеткіші 2660 экз./м
2
, биомассасы 3904 мг/м
2
болды. Зообентоста сандық көрсеткіші жөнінен (84,9 %) жəне биомассасы жағынан (73,8 %)
доминантты болған олигохеттер. Хирономид дернəсілдерінің сандық көрсеткіші 14,3 %, биомассасы
25,53 % болды. Тамыз айындағы бентостың сандық көрсеткіші 100 экз./м
2
, ал биомассасы 1528 мг/м
2
тең болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бентоста сандық көрсеткіш (2,6) пен биомассасы (2,5)
төмендегенін байқадық. Бентос қауымдастығында 60 % сандық көрсеткіш пен 63,5 % биомасса
моллюскалардың үлесіне тиіп отыр, ал азқылтанды құрттар мүлдем кездеспеді. Қорытындылай
келсек, маусым жəне тамыз айларында Октябрь су қоймасының зообентос қауымдастығының
қоректік дəрежесі, С.П.Китаевтің анықтау шкаласымен орташадан төмен көрсеткіштер арасында
ауытқып отырды.
2010 жылы Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты зерттеу жұмыстарын
жүргізгенде, зообентос қауымдастығының сандық көрсеткіштері өте төмен болған. 2017 жылы
зерттеу барысында қоректік дəрежесінің орташа көрсеткіште екендігін байқадық. Қазіргі кезде
Октябрь су қоймасындағы балықтардың қоректік ресурстарын анықтау жұмыстарын Балық
шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жалғастырып отыр.
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Минсаринова Б.К.