"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


CLIMCOPTERA BRACHIATE ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет15/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   372
 
CLIMCOPTERA BRACHIATE ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Эбишеева Б.Д. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
 
a.g.m.67@mail.ru
 
   
 
Тұқымдасы: 
1 .Супротивті Климакоптера                                           1. Алабота 
2. Климакоптера Супротивнолистая                                2. Маревых 
3. Climacoptera brachiata                                                   3. Chenopodiaceae 
Climacoptera  brachiata  -  биіктігі  5-40  см  болатын  біржылдық  шөптесін  өсімдік.  Төменгі 
супротивті-қосылған түптен бұтақталған,  ұзартылған бұтақтары бар, қалың қысқа құлама түктерімен 
қапталған болып келеді. Сазды сорлар, тақырлар, ірі-қиыршық тасты-сазды щлейфтерде, жазықтарда, 
таулардың етегінде, ортаңғы тау белдеулерінде өседі. Жапырақтары, төменгілерінен басқалары етті, 
доғал, жартылай дөңес, тізбекті келеді. Орташа формациядағы жапырақтарының ұзындығы 15,2±0,5 
мм құрады. Төмендегілері əдетте дөңес тəрізді июлі, гүл жапырақтары жұмыртқа түрінде, қысқарған, 
əдетте  гүлжапырақшаларға  қарағанда  қысқарақ,  соңғылары  гүлсеріктен  қысқарақ,  ал  гүлдері  масақ 
секілді  гүлшоғырлы.  Гүлсеріктің  жапырақшалары  үшкір,  жалаңаш  жəне  қысқа  түктелген.  Тұқымы 
əдетте көлбеу, сиректеу тік келеді. VII-IX айларда гүлдеп, жеміс береді. Устьицасындағы клеткалар 
формасына байланысты Меткафа и Чока классификациясы бойынша парацитті типке сəйкес келеді. 
Парацитті типте устьице айналасындағы клеткалар түйістіргіш клеткаларына сəйкесінше орналасады. 
1мм² жапырағының жоғарғы бөлігінде 27,4±1,5 болса, төменгі бөлігінде 30,6±2 болып келеді. 
Өскіндік тіршілік күйіне келетін болсақ, алғашқыда ақшыл түсті ұрықтамыр байқалады, содан 
соң  иілген  гипокотиль  көрініс  береді.  Гипокотильдің  белсенді  өсуінің  нəтижесінде  тұқым  жарнақ 
топырақтың  бетіне  шығады,    яғни  тұқымның  өнуі  жер  үсті.  Гипокотильдің  жоғарғы  жағы  қызыл  – 
қоңыр, төменгісі ақшыл қызғылт түсті. Ұзындығы 0,37 ± 0,14 см, диаметрі  0,17 ± 0,12 см. Өскін екі 
тұқымды жарнақты жасыл түсті элипс пішінді, жиектері тегіс. Тұқым жарнақ ұзындығы 0,70 ± 0,21см 
ені 0,32 ± 0,14 см. Алғашқы нағыз жапырақ  24- 27 күндері байқалады. Ұзындығы 1,54 ± 0,21 см, ені 
0,68  ±  0,17  см,  ашық  жасыл  түсті.  Екінші  жапырағы  37-42  күндері  пайда  болады.  Өскіннің  ұрық 
тамыры ақшыл қызғылт түсті тік бағытта өсіп топырақта 3-5 см тереңдікте енеді де, ұзындығы 0,5 – 1 
см шамасында бірінші қатарлы   1-2 жанама тамырлар таралады. Өскін тіршілік күйі ұзақтығы 36 – 39 
күн.  


13 
 
Фотосинтез қарқындылығы күн сəулесінің түсуі мен ауа t-на байланысты өзгеріп отырады. Ауа 
температурасы  жоғарылағанда  фотосинтез  өнімділігі  өседі,  ауа  температурасы  төмендегенде 
фотосинтез өнімділігі төмендейді. Ал транспирация қарқындылығы бұған қарама- қарсы. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. аға оқытушы Атаева Г.М.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет