"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ДАЛА ҚҰСТАРЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА



Pdf көрінісі
бет13/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   372
БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ДАЛА ҚҰСТАРЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА 
 
Асқарова Ж. А. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті  
serim2017@mail.ru
  
 
Байғанин  ауданы — Ақтөбе  облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі  аудан.  Байғанин  ауданы 
жерінің  солтүстік  бөлігі  шөлейтті  белдемге,  ал  оңтүстік  бөлігі  шөлді  белдемге  жатады.Жартылай 
шөлейт  ланшафтардағы  түрлік  құрам  негізінен  бозторғайлар  (тұзбозторғайы,  дала  бозторғайы,  кіші 
бозторғай, 
қара 
бозторғай, 
сұрбозторғай, 
аққанатты 
бозторғай),шақшақайлар(үйреншікті 
шақшақай,шөлдік  тазшақшақай)  кездеседі.Жыртқыштар  ашық  ланшафтарды  жақсы  көреді  –  мұнда 
далалық жəне шабындықтық құладын, далалық жəне үйреншікті күйкентай, бүркіт, тілеміш, қарақұс, 
дала  қыраны  жəне  басқалары  мекендейді. Шөлді  ланшафтарда  əдетте  кішкене  бозторғай,  шөл 
шақшақайы,дала қыраны, қарақұс, ителгі  кездеседі.  
  Байғанин  ауданының  ашық  дала  кеңістіктерінде    дала  құстарының  7-  отряд  өкілдері  (11 
тұқымдасы)  ұя  салады.  Байғанин  ауданының  аумағында  ашық  дала  кеңістіктерінде  құстардың  50 
түрінің  кемінде 30 ұя салады.Құстардан көп кездесетіндері дала боз торғайлары, кəдімгі бөденелер, 
сұр  кекіліктер,  бұлардың  барлығы  аралас  азықтармен,  өсімдіктердің  жас  бұтақтары  жəне 
тұқымдарымен қоректенеді. Ең көп кездесетін құстар отряды Торғайтəрізділер.Отряд қазіргі тіршілік 
ететін  құстардың  жартысынан  көбін  (63%)  біріктіреді.  Реңі  алуантүрлі.  Тұмсығының  пішіні  мен 
көлемі əр түрлі: насекомқоректі түрлерінде ол жіңішке жəне ұзын, тік, дəнқоректілерде – қысқа жəне 
жуан.  
Қорегі  алуантүрлі:  кейбір  түрлері  қорек  талғамайтындар,  басқалары  өсімдіктектес  азықпен 
қоректенеді  (бірақ  балапандарын  насекомдармен  асырайды),  көптеген  түрлері  –  насекомқоректілер. 
Аталықтары  аналықтарынан  ірілеу.  Əдетте  моногамдар,  десе  де  нағыз  полигамиялық  та 
кездеседі.Жұмыртқаны  шайқауға  жəне  балапандарын  қоректендіруге  ересек  құстардың  екеуі  де 
қатысады. Ұясын ағашқа, бұтаға, жарықшақтарға немесе індерге салады.  
Байғанин  ауданының  ашық  дала  кеңістіктерінде  сұңқартəрізділер    отрядының  келесі  түрлері 
кездеседі:  дала  күйкентайы.  Күндіз  белсенді.  Көзі  үлкен.  Бұлардың  үстіңгі  тұмсығы  иілген,  оның 
түбін жалаңаш тері – балсірне жапқан, онда танау тесіктері ашылады.. Моногамдар. Жеке жұп құрып 
ұялайды, сирек – аздаған топ құрайды. Ұясы қарапайым құрылысты,  оны ағашқа, жартастар немесе 
жерге  салады.    Кəдімгі  күйкентай  майда сұңқарлар  тобына  жатады:  дене  ұзындығы  38  см, салмағы 
240 г., өздері ұя жасамайды, басқа құстардың ұясын пайдаланады. 4-5 жұмыртқаны екі құс кезектесіп 
шайқайды.  Жемтігін  жерден  аулайды.  Қаршыға,қырғи  ұялайды.Полифагтар,кейде  өлекселермен  де 
қоректенеді,далалы аймақта ұя салады.  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр Сырымбетов С.Т. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет