БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ ГОРМОНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ СТРЕСТІК ЖАҒДАЙДАҒЫ ТӘУЛІКТІК ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЭНТРОПИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Бекен Б.Р.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
bekenb@list.ru
Қазіргі уақытта əлемде қалыпты жағдайда жəне стресс жағдайында (патологиялық) организмде
болатын ритмдік процестерді үйренуге қызығушылық өте жоғары. Біздің елімізде жəне шет елдерде
хронобиология жəне хрономедицина проблемаларына арналған үлкен жұмыстар жүргізілген.
Қазіргі уақытқа дейін адамда уақытқа байланысты ырғақтылығы өзгеретін жүздеген
физиологиялық процестер анықталған. Организмдегі көптеген стресстік (потологиялық) процестер
физиологиялық функциялардың уақытқа байланысты ұйымдасуының бұзылуымен анықталады. Сол
уақытта организмде көрінген потологиялық процестердің дамуының бір себебі, ритмдердің сəйкес
келмеуі болып табылады.
Зерттеудің объектісі ретінде əртүрлі жынысты тəжірибелік егеуқұйрықтар алынды.
Қайталанылған бақылауда 50 аса егеуқұйрықтар болды. Барлық зерттелуші егеуқұйрықтар
эндокриндік жүйесі бойынша, нақтылай айтқанда бүйрекүсті безі гормондарының жұмысы бойынша
нормадан ауытқымаған, зиян əдеттері жоқ, денсаулық жағдайы бойынша дені сау топқа жатады.
Зерттеу талаптарға сай жылдың қыс-көктем мезгілінде лабораториялық жағдайда жүргізілді.
Гормондардың кейбір көрсеткіштерінің тəуліктік динамикасын анықтау мақсатында өлшем тəулік
ішінде үш қайтара, сағат- 08; 09; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 00; 01; 02; 03; 04;
05; 06, яғни 12 рет жүргізілді. Хронодинамика бойынша маңызды көрсеткіштердің бірі, гормондар
жұмысын көрсететін қан сарысуы құрамындағы мөлшерінен нақты мəліметтері анықталды.
Норма жағдайда жəне стресс факторлары ретінде гипокинезиядан кейінгі егеуқұйрықтардың
бүйрекүсті безінің гормондары, нақтылай айтқанда адреналин мен норадреналиннің қан
сарысуындағы құрамының орта мəндерінің тəуліктік (циркадианды) динамикасының ерекшеліктері
алғаш рет осы жұмыста анықталып, талданды. Гиопкинезиядан кейін гормондардың құрамының
мөлшері статистикалық маңызы бар шамаға дейін төмендеді. Сонымен, норма жағдайдағы қан
сарысуындағы гормон көрсеткіштеріның тəуліктік динамикасы адреналин 0,060±0,008мл/сағ,
норадреналин 0,190±0,049мл/сағ, ал гипокинезиядан кейін адреналин 0,013±0,002мл/сағ,
норадреналин 0,040±0,005мл/сағ дейін өзгерді. Сонымен, зерттеу жұмыстары барысында бүйрекүсті
безі гормондарының қалыпты жəне стрестік жағдайдағы тəуліктік динамикалық көрсеткіштері жəне
тəуліктік динамикасының энтропиялық көрсеткіштері зерттелініп анықталынды. Жалпы, эндокриндік
гормондардың норма жағдайда жəне стресс факторларының əсер етуінен кейінгі олардың қан
сарысуындағы құрамының мəндерінің энтропиялық көрсеткіштерін зерттеу алғаш рет қолданылып,
есептелініп отыр.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.