ОРГАНИЗМНІҢ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫН ГИПОДИНАМИЯНЫҢ ӘСЕРІ Елтаева А.А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
alua_eltaeva@maіl.ru
Сауалнама арқылы дене белсенділігі шектеулі адамдар анықталды. Дене белсенділігі шектеулі
адамдарда жоғары қан қысымы анықталды. Жоғары қан қысымы гипертониялық ауруға əкелетіні
белгілі.
Сондықтан,
осы
адамдар
үшін
гипертониялық
жағдайды
алдын-алу
үшін
модификацияланған сауықтыру жаттығулары ұсынылады.
Зерттеу нысаны мен əдістері. Зерттелушілер бақылау жəне тəжірибелік топтарға бөлінді. 20,30
жəне 40 жастағы ерлер мен əйелдер топтары зерттелді. Omron электронды тонометрімен қан қысымы
өлшенді.Арнайы анкеталық сұрақтар нəтижесінде қалыпты қозғалыстағы жəне гиподинамияға
шалдыққан адамдар топтары анықталып алынды. Оның ішінде 20 жастағы ерлерден 5 адам,
əйелдерден 5 адам, 30 жастағы ерлерден 5 адам əйелдерден 5 адам, 40 жастағы ерлерден 5адам
əйелдерден 5 адам болды. Олардың жасына байланысты дене жүктемелері де əр түрлі болды. Зерттеу
мерзімі 3 айға созылды.
Зерттеуге алынған адамдардың қан қысымын əрбір 4 апта сайын тексеріп отырдық. Сонымен
жоғары нерв жүйесі бір жағынан бұлшық ет, буындарының, ішкі ағзалардың қызметін қадағаласа
(қан айналым, өкпе, жүрек, бауыр, ішкі секреция бездерінің жұмыстарын) екінші жағынан, өзі осы
мүшелердің толық ықпалында болады. Денсаулықтың кепілі, адамның еңбекке деген қабілеті, қандай
жаста болса да, дамылсыз соғып тұрған жүрекке байланысты. Барлық қимыл-қозғалыс денеде өтіп
жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы. Жүрек бұлшық еті ретпен жиырылып-
жазылып, қанды қолқа тамырға итеріп шығарады, ол ары қарай тарамдалып, кішкене тамыршалар
арқылы бүкіл денені жуып шығады.
Сол арқылы денедегі əрбір жасуша, ең шеткері орналасқан жүйелер, оттегі, су, тұз қажетті
заттармен қамтамасыз етіледі. Содан соң бұлшық ет босаңсыған шақта, керісінше көк тамыр арқылы
көмірқышқылына жəне тағы басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді.
Осылайша, гиподинамияға шалдыққан адамдарда гипертония байқалады. Сондықтан, бұл
адамдар үшін гипертониямен ауыратын адамдарға арналған модификицияланған сауықтыру
жаттығуларын ұсынуға болады.
Ғылыми жетекші б.ғ.к., Оксикбаев Б.Қ.