"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ТЕРІДЕ ОРНАЛАСҚАН БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ НҮКТЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет144/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ТЕРІДЕ ОРНАЛАСҚАН БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ НҮКТЕЛЕР 
 
Долқын М., Таникенова Д.М., Жарлықбай Г.Д. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
d.madinok@mail.ru
  
 
Биологиялық  активті  нүктелер  (БАН)  дегеніміз  –  физиологиялық  бейімделушілік  процесінде 
“дене жабыны – ішкі мүшелер” арасындағы өзара əсерлесу жүйесінің аса белсенді қасиеттерінің тері 
жабынында  кескінделген  рефлекторлық  аймағы.  Қазіргі  таңда  мұндай  нүктелерді  дəрігерлер 
диагностикалық мақсатта жəне емдік мақсатта қолданылып келеді. Биологиялық жүйелер қоршаған 
ортамен үздіксіз затпен де, энергиямен де, ақпаратпен де алмасып тұратын ашық жүйе жəне сыртқы 
ортаның  əртүрлі  факторларымен  ағзаға  əсер  бергенде  қызметтерінде  белгілі  бір  өзгерістер 
қалыптасады. 
Биологиялық  активті  нүктелердің  морфологиясы  толық  зерттеліп  бітпеген,  бионүктелер  мен 
меридиан  орналасқан  жердің  анатомиялық  белгілері,  биоүктелердің  салыстырмалы  морфологиялық 
субстраты,  бионүктелерінің  алып  жатқан  аймақтарында  орналасқан  нерв  элементтері,  нервтік 
байланыстары, қан тамырлары жайында жазылған мəліметтер əдеби деректерде берілген. 
Зерттеушілердің  еңбектерінде  Ножье  (1974)  анықтаған  БАН  аймағындағы  өте  борпылдақ 
дəнекер  ұлпалары  жəне  нерв  талшықтары  мен  капиллярлардың  өте  тығыздалған  торы  жайында 
сипаттаған.  Ф.Г. Портнов  жəне  Я.А. Вандан  (1987)  жүргізген  гистологиялық,  гистохимиялық  жəне 
электродты-микроскопиялық  зерттеу  жұмыстарында  анықтаған  акупунктура  нүктелеріндегі  жəне 
соған  жақын  жатқан  аймақтарындағы  тері  асты  нервтер,  венулалар  мен  артериолдарды,  лимфа 
түтіктері мен тығыздалған шырынды клеткаларды көрсетеді. 
Рефлексотерапияның  түріне  жататын  инешаншудың  аналгезиялық  эффектісіне  көп  көңіл 
аударылған.  Шынымен  де  қазіргі  таңда  жер  бетіндегі  көптеген  үлкен  зерттеу  орталықтары 
ауыртпалықтарды  сездіртпеу  мəселесімен  айналысып  келеді,  ол  дене  беткейіндегі  белгілі  бір 
нүктелерге ине шаншу арқылы механикалық немесе электрлік əсер етумен жүреді.  Аяқ табаны мен 
қол алақандары да рефлексогенді аймақ болып саналады. Осы аймақтарда жалпы мүшелердің кескіні 
берілген,  профилактика  ретінде  де,  емдік  мақсатта  да  рефлексті  əсер  беруге  болады.  Ине  шаншу 
əдісімен  қатар    ультрадыбыстарды,  электромагниттік  өрістерді,  лазер  сəулесін,  полюстары  бірдей 
келетін  дəрілік  заттардың  ерітіндісіне  малынған  дəкені  электрод  астына  қойып  дəрілік  заттарды 
(микроэлектрофорез) енгіздіру немесе капиллярлық электродты қолдана отырып бионүктелерге əсер 
беруге болады 
Ағзаның  жалпы  физиологиялық  күйін,  сондай-ақ  қоршаған  ортаның  стресс  тудырушы 
факторларының 
ағзаға 
əсерлерін 
анықтау 
мақсатында 
теріде 
орналасқан 
БАН-ның 
электрофизиологиялық көрсеткіштерін арнайы құрылғыларда зерттеу жұмыстары соңғы жылдары əл-
Фaрaби  aтындaғы  ҚaзҰУ-ның  биология  жəне  биотехнология  фaкультетінің  биофизикa  жəне 
биомедицинa  кaфедрaсының  «Хронобиология  жəне  экологиялық  физиология»  ғылыми 
зертхaнaсындa  орындалып  келеді.  БАН-ның  электрофизиологиялық  қасиеттері  бойынша 
диагностикалық жəне емдік мақсатта көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары орындалып келеді. 
Ғылыми жетекшісі:  б.ғ.к., доцент м.а.  Кулбаева М.С. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет