"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАН КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет152/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАН КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ 
 
Жақсыбай Ж.Ə., Үсіпəлиева А.Қ. 
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
zhulduz_111@gmail.com
  
 
Биологиялық  активті  қосылыстар-  адамның  немесе  жануардың  организмінде    жүріп  жатқан 
биологиялық  процестерге  аз  мөлшерде  физиологиялық  əсер  беретін  химимялық  қосылыстар.  Егер 
қабылдауға  арналған  өнімдер  дəрілік  заттар  формасына  ұқсас  келсе,  онда  бұл  тағам  биологиялық 
активті  қоспа.  Биологиялық  белсенді  қоспаның  əсер  ететін  заттек  концентрациясы  функциналды 
қажеттіліктерден  едəуір  асырып  беруі  мүмкін,  сондықтан  биологиялық  белсенді  қоспаны  сатылап 
тағайындайды да, белгілі уақыт аралыығында ғана қабылдайды.  
Жұмыстың 
мақсаты: 
Биологиялық 
активті 
қосылыстардың 
жануарлар 
қанының 
гематологиялық көрсеткіштеріне əсерін зерттеу. 
Жұмыстың маңыздылығы: Биологиялық активті қосылыстар адам жəне жануар организміндегі 
биологиялық  процестерді  өзгертпейді,  тек  физологиялық  тұрғыда  қалыпты  деңгейде  сақтайды. 
Биологиялық активті қосылыстардың дəрілік препараттан басты айырмашылығы осында. 
Адам  организмінің  тіршілігі  денеге  қуат  беретін  қоректік  заттарды  қабылдап,  оларды  қорыту 
арқылы  сақталады.  Тамақ  құрамындағы  қоректік  заттар  организмде  қорытылып,  оттегінің 
қатысуымен  болатын  тотығу  барысында  энергия  бөледі.  Қоректік  заттардың  осы  өзгерістерінің 
нəтижесінде  адамның  денесінде  зат  алмасудан  пайда  болған  организмге  қажетті  заттармен  қоса, 
қажетсіз,  тіпті  денені  уландыратын  заттар  да  пайда  болады.  Айталық,  зат  алмасуының  нəтижесінде 
денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады. 
Ғылыми  жаңалығы:  Биологиялық  белсенді  қоспалар  тағамдық  құндылығы  жоқ  тағамның 
табиғи  құрылымдардың  көзі  болып  табылады,  дегенмен,  олар  ағзаның  жекелеген  жүйелері  мен 
мүшелерінің  қызметін  реттейтіндіктен,  бұл  құрылымдарды  тамақтанудың  алмаспайтын  факторы 
ретінде қарастыруға болады. 
Зерттеу нысаны: Тəжірибе орташа салмақтғы ақ лабораториялық егеуқұйрықтарға жүргізіледі. 
Жануарлар  вивари  жағдайында  ұсталды  жəне  жануарлардың  барлығы  шамамен  бір  жастағы 
жануарлар болды. Төменгі сатыдағы сүтқоректілер, оның ішінде егеуқұйрықтар индикатор түрлерге 
қойылатын  барлық  талаптараға  жауап  береді:  табиғатта  кеңінен  таралған,  экосистемадағы  зат  жəне 
энергия алмасуына үлкен үлес қосады. Зерттеу барысында егеуқұйрықтардың 3 тобы құрылды: І топ 
–  бақылаудығы  (интактты  топ)  егеуқұйрықтар  (6  егеуқұйрық);    ІІ  топ  –тəжірибелік  топ-  БАҚ  (  12 
егеуқұйрық); Қан көрсеткіштерінді гемоанализатор арқылы  анықтадық.  


104 
 
Биологиялық  активті  қоспалардың  əсерінен  қан  көрсеткіштерінің  біртіндеп  нормаға  дейін 
келетіндігі байқалды. Сондықтан БАҚ жағымды əсері бар екені дəлелденді. 
Ғылыми жетекшісі:  б.ғ.к., доцент Аскарова З.А. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет