97
Егер радиоактивті бөлшектер ішкі органдарға өткен жағдайда тез арада ағзадан олар шыға
қоймайды. Ал бұл өз кезегінде элементтердің (радий, уран, плутоний, стронций жəне т.б.) ағзаға
өтуінен қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Бұл бөлшектер радиоактивті сəулелер таратады, ағзаның
жұмсақ ұлпаларында жиналады. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қажетті
заттарды көп мөлшерде пайдалану керек, дəрумендерді қабылдау өте пайдалы болып саналады.
Радиациядан қорғанудың химиялық жəне биологиялық жолдарында радиацияға қарсы
қолданатын препараттарды (радиопротекторлар) пайдаланылады. Радиоактивті бөлшектерді ағзадан
шығару үшін неше түрлі химиялық препараттар қолданады.
Иондалған сəулеленуді қолданудың тиімді жолы да бар: ем шара ретінде, диагностика жасауда
таңбаланған атом əдісі, қауіпті ісіктерді емдеудегі рентген жəне бетта сəулелер терапиясы.
Радиациядан қорғану біздің халқымыз үшін аса күрделі мəселе болып табылады. Əсіресе
экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығы қатаң бақылауда. Көп
мөлшердегі иондалған сəулелер тірі ағзаларда əртүрлі өзгерістерді тудырады, яғни сəуле ауруының
дамуына əкеліп соғады.
Радиация (сəулелену) дертіне шалдықпау үшін халыққа, əсіресе, жастарға радиоэкологиядан
жан жақты білім жəне тəрбие беру ісі кең ауқымда жүргізілуі қажетті.
Ғылыми жетекші: пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Алмабаева Н.М.
Достарыңызбен бөлісу: