105
барысында ас қорыту жолының қуыстық жəне мембраналық гидролизіне аланинаминотрансфераза
(АлАТ) жəне аспартатаминотрансфераза (АсАТ) ферменттерінің белсенділігіне токсиканттың əсерін
анықтадық. Қан сарысуындағы бұл ферменттердің белсенділігі бірқатар аурулар кезіндегі қосымша
диагностикалық сынама қызметін атқарады. Токсиканттардың əсері көбінесе қан жəне қан сарысуына
жүргізіледі. Біздің зерттеу жұмысымыз егеуқұйрықтардың куыстық жəне мембраналық ас
қорытуымен ерекшеленеді. Жоғарыда аталған ферменттердің белсенділігін анықтауда, Райтман (S.
Reitman) мен Френкель (S. Frankel) ұсынған жəне Врублевский (F.Wro blewski) жасап шыққан əдіс
қолданылды.
Зерттеу нысаны ретінде 6-8 айлық, орташа дене салмағы 150-180 г болатын зертханалық ақ
егеуқұйрықтар пайдаланылды. Егеуқұйрықтарды екі топқа: бақылау жəне тəжірибе топтарына бөлдік.
Əр топта – 15 егеуқұйрықтан болды. Бақылау жəне тəжірибе топтарындағы жануарларға ҚазҰУ-дың
биоклиникасында дəстүрлі азықтану рационы берілді. Тəжірибе тобындағы егеуқұйрықтардың
кадмий тұзымен уландырылуы 1 айға созылды. Ас қорыту бөлімдерінің қарын, аш, тоқ ішек
химусының жəне шырышты қабығындағы ферменттердің белсенділігі А.М.Уголев əдістемесінің
негізінде анықталды. Биохимиялық əдістермен алынған сандық мəліметтерге салыстырмалы
сараптама жүргізілді. Егеуқұйрықтар рационына кадмий тұзын енгізу энзимдер оның ішінде
аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза белсенділігіне едəуір əсерін тигізгені байқалды.
Қуыстық жəне мембраналық гидролизіндегі ферменттердің арасында бірталай айырмашылықтар
тіркелді.
Зерттеу барысында қол жеткізілген нəтижелер сүтқоректілердің ас қорыту жолының қызметіне
кадмийдің əсері туралы мəліметтер базасына кіріп аталған мəселені шешудің жолдарын іздестіруге
ықпалын тигізеді. Алынған нəтижелердің экология, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында
тəжірибелік жəне қолданбалы маңызы бар.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Мәутенбаев А.Ә.
Достарыңызбен бөлісу: