"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет150/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
 


102 
 
АУЫР МЕТАЛ ТҰЗДАРЫМЕН УЛАНҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ҚАН 
КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР   
 
Есенбекова А.Е., Аблайханова Н.Т. 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
arai.199527@mail.ru
 
 
Тірі  организмде    ластанған  атмосфералық  ауаның,  судың,    азық  түліктің  осы  немесе  басқада  
патологиялық  процестерді  тудыратын    себептер қатары   жиі орын алады. Өнеркəсіптердің өсуіне 
байланысты  ірі  өнеркəсіп  қалаларының  тұрғындарында    ауыр  метал  концентрациясының 
жоғарлауының  əсері  күшті  екені  анықталған.      ХХІ  ғасырда    пайдалы  қазбаларды  өндіру  үшін  ірі 
өндіріс  кешендерінің  дамуында    өнеркəсіп  өндірісінің  барлық  салаларында  озық  технологияларды 
қолдану,  жер  шарында    жалпы  экологиялық  жағдайдың  деңгейі  айтарлықтай  төмендеді.  Осыған 
байланысты  адам ағзасына  улы заттардың түсуі жиі орын алады.  алайда соның ішіндегі тірі ағзалаға 
əсері  жағынан  «аса  қауіпті»  деп  саналып,  ІІ-ші  классқа  жатқызылатын    қорғасын,  кадмий  –  ауыр 
патологияларға алып келетін, кумулятивті у болып табылады. 
Жаңа  заманның  індетіне  айналып  отырған  ауыр  металдар  –  қоршаған  ортаға  адамның  іс-
əрекетінің нəтижиесінде бөлінетін, тірі организмдерге əсері жағынан аса қауіпті хемотоксиканттарға 
жатқызылады.  Қорғасын  мен  кадмийдің  тірі  ағзаларға  деген  зиянды  əсерін  зерттеу  мəселелері 
профессиональды  патология  мен  медицинаның  тар  аясынан  шығу  себебі  –  кадмийлік 
интоксикацияның қазіргі замандағы глобальдық экологиялық мəселеге айналуында болып табылады.  
Зерттелініп  отырған    жұмыста,  кадмий  мен  қорғасынның  белгіленген  мөлшерлерінің 
егеуқұйрықтар қанының гематологиялық  жəне  биохимиялық көрсеткіштеріне əсері анықталған.   
Зерттеу  объектілері  ретінде  дене  массалары  200-220  грамм,  үш  айлық  36  аталық  ақ 
егеуқұйрықтар алынды.  
Тəжірбие  нəтижиесінде  қорғасын  жəне  кадмиймен  созылмалы  улану  жағдайлар  жасалынды. 
Қанның гематологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін DIATRON (Австрия) өндіріснің Abacus Junior 
Vet  автоматтық  гематологиялық  анализаторы,  биохимиялық  көрсеткіштері    (AлAТ)  мен  (AсAТ) 
анықтау үшін  мөлшерiн Рaйтмaн-Френкель əдiсiмен қолданылды . 
Зерттеу  жұмысын  қорытындылайтын  болсақ,  кадмий  мен  қорғасынның  токсикалық  əсері 
қанның  гематологиялық  көрсеткіштерінің  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшыратып,  нəтежиесінде 
организмде  түрлі  патологиялық  жағдайларды  туындатады.  Аталмыш  ауыр  металдардың  қан 
көрсеткішеріне  нақты  əсерін  біле  отырып,  қан  анализін  жасау  кезінде  ауыр  интоксикациялық 
реакциялар  мен  патологиялардың  алдын-алуға  болады.  Егеуқұйрық  ағзасына  ауыр  металл 
тұздарының  əсері  қан  сарысуының  биохимиялық  көрсеткіштерінде  айтарлықтай  ауытқуларды 
тудырды. Олар улану уақытымен өзара байланысты болып табылады. Бауыр мен бүйрек мүшелерінің 
функционалдық қызметіне ауыртпалық түскені белгілі болды. 
Қорыта келгенде, ауыр металл тұздарымен уланған жануарлар қанының гематологиялық жəне 
биохимиялық  көрсеткіштері  негізінде  ағзаның  жалпы  физиологиялық  функционалдық  күйін 
анықтауға болады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к,. доцент Аблайханова Н.Т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет