"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЖЕДЕЛ ГИПОКСИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚАННЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет163/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЖЕДЕЛ ГИПОКСИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚАННЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ 
КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Исаева Н.Б., Жұмабаева А.М., Нұржан А.К., Атанбаева Г.К. 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
i.n.nazym@mail.ru
 
 
Гипоксия  – жасушалардың оттегі  жетіспеушілігінен  туатын  ұлпалардың  декструктивтік 
өзгерістеріне  əкелетін  патологиялық  процесс.  Оттегінің  ұлпаларға  тасымалдануының  бұзылуында 
жəне  тыныс  алу  жүйесінің  клеткаларының  оттегін  шығаруы  бұзылуында  пайда  болады.  Жедел 
гипоксия  –  сыртқы  тыныс  жүйесі  қанның  қалыпты  газдық  құрамымен  қамтамасыз  ете  алмайтын, 
ентігу  байқалатын  патологиялық  жағдай.  Тыныс  бұзылысының  себептері:  центрогенді,  жүйке-
бұлшықеттік,  торакодиафрагмальды,  бронхөкпелік,  диффузиялық.  Жедел  гипоксия  патогенезі 
альвеолярлы  вентиляция,  альвеоларлы  мембрана  арқылы  газдық  диффузия  бұзылысы  нəтижесінде 
ағзаның  оттегілік  ашығуы  жəне  жүйелер  мен  мүшелерге  оттегі  таратылуының  тепе-теңдік 
бұзылысына негізделген. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  Егеуқұйрықтардың  жедел  гипоксия  кезіндегі  қанының 
биохимиялық көрсеткіштерін анықтау. 
Зерттеу  объектісі  жəне  əдістері:  бақылау  жəне  тəжірибелік  егеуқұйрықтар,  барокамера, 
физиологиялық,  биофизикалық,  биохимиялық,  гистохимиялық  микроскоптық  əдістер,  глюкоза 
«Глюкотренд-2»  тест-жолақтарымен,  АлАТ  жəне  АсАТ  деңгейін  анықтау  үшін  Райтман-Френкель, 
билирубинді  Иендрашик-Гоф,  реограф  Мицар-РЕО  (Ресей),  Доплер  Саномед-300,  микроскоп  
Флуовал-2 Цейс. 
Зерттеу  нəтижесі:  Жедел  гипоксия  кезінде  тəжірибелік  жануарлардың  лимфа  мен  қанның 
реологиялық көрсеткіштері өзгерістерге ұшырайтындығы, қанның тұтқырлығының жоғарылауы, ұю 
жылдамдығының  төмендеуі,  қанда  тромбоциттер  артуының  нəтижесінде  қан  ағуын  тежейді, 
циркуляцияланған қан көлемінің азаюы клеткадан тыс жедел гипоксияның дамуына алып келеді.  


111 
 
Қорыта келе, егеуқұйpықтаpдың улану кезiнде лимфаның биохимиялық мəлiметтеpi  алынды. 
Алынған  мəлiметтеp  бойынша  оpганикалық  улану  кезiнде жануаpлаp  оpганизмiнде  физиологиялық, 
биохимиялық жəне pеологиялық көpсеткiштеpi бойынша өзгеpiсттеp болатындығы анықталды. 
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к. аға оқытушы Атанбаева Г.Қ., б.ғ.к. Әбдірешов С.Н. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет