"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ТУРУШЫ



Pdf көрінісі
бет171/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   372
АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ТУРУШЫ 
ӘРЕКЕТТІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
Капасов Д.Ш. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті 
donsapargaliev@mail.ru
 
 
Зерттеу    жұмысында  алға  қойылған  мақсат  пен  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  Алматы 
облыстық  перинаталды  орталықта  2015-2017  жылдары  тұқым  қуалаушылық  жолымен  берілетін 
жүректің  туа  біткен  даму  ақауы  мен  туылған  176  нəрестелердің  стационарлық  науқастың 
медициналық картасына ретроспективті талдау жүргізілді. 
Жүректің  туа  біткен  даму  ақауы    туындатуы  мүмкін  қауіп  факторларына  талдаулар  жүргізу 
үшін негізгі топтағы 176 нəрестелерді салыстыру мақсатында,бақылау тобына дені сау 50 нəрестенің 
амбулаториялық картасы таңдалынып алынды жəне талдау жасалынды.  
Сонымен  қатар,  жүректің  туа  біткен  кардиоваскулярлы  аурулары  бар  балаларға  хирургиялық 
көмекті жақсарту барысында таңдап алынған 176 нəрестелердің ішінен, туа біткен ашық артериалды 
өзекшесі бар 37 (21%) шала туылған нəрестелер таңдап алынды. Шала туылған нəрестелерді кешенді 
(комплекс):  клиникоанамнездік,  электрокардиографиялық,  кеуде  сарайының  рентгенографиясы, 
эхокардиография, қанның газдың құрамы мен қышқыл-сілтілік статустық талдау зерттеулерге сүйене 
отырып, гестациялық жасы, салмағы, ашық артериалды өзекшенің ерекшеліктеріне байланысты топқа 
бөлінді.  Əр  топтағы  шала  туылған  нəрестелерге  жүргізілген  консервативті-медикаментозды  жəне 
хирургиялық емдеу шараларының нəтижесі сарапталып, нəтижелері анықталды. 
Демографиялық  факторлардан:  тұрмыстық  жағдайы  төмен,  отбасылық  жағдайы  толық  емес, 
ата-аналарының  білім  деңгейлерінің  төмендігі  жəне  анасының  жасы  балаларда  жүректің  туа  біткен 
даму  ақауы    туындататын  қауіп-қатері  жоғары  факторлар  ретінде  зерттеу  барысында  анықталды. 
Медико-биологиялық қауіп-қатер факторлары өте жоғары деңгейде жүректің туа біткен даму ақауы  
туындауына,  əсіресе  анасының  жүктілігімен  байланысты(жүктілік  анемиясы,  ЖРВИ,  токсикоздар, 
жүктіліктің үзілу қаупі) өзгерістер өз əсерін тигізді.   
Зерттеу  жұмысымыздың  міндеті  –  шала  туылған  нəрестелерге  ААӨ  кезінде  хирургиялық 
«лигирлеу» тəсілін қолдана отырып көмек көрсету шараларын жақсарту. Шала туылған нəрестелерді 
кешенді 
(комплекс): 
клинико-анамнездік, 
электрокардиографиялық, 
кеуде 
клеткасының 
рентгенографиясы, эхокардиография, қанның газдың құрамы мен қышқыл-сілтілік статустық талдау 
зерттеулерге  сүйене  отырып,  гестациялық  жасы,  салмағы,  ашық  артериалды  өзекшенің 
ерекшеліктеріне  байланысты  топқа  бөлінді.  Бірінші  топтағы  нəрестелердің,  екінші  топпен 
салыстырғанда гестациялық жасы,бойы жəне салмағы кіші болып келді.  
Ғылыми жетекші:   химия магистрі Маманова С.А., аға лаборант Сапарғалиева К.Б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет