"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет161/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   372
 
 
КӨРУ ФУНКЦИЯСЫНДА ӨЗГЕРІСТЕРІ БАР СТУДЕНТТЕР ТЕРІСІНДЕГІ 
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР КЕЙБІР БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ НҮКТЕЛЕРІНІҢ 
БИОФИЗИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІН АНЫҚТАУ 
 
Жұмəділла А.И., Қайрат Б.Қ., Алтай М.А., Кулбаева М.С. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
aishat0705@mail.ru
  
 
Көз  –  адамның  сезім  мүшелерінің  арасындағы  аса  маңыздыларының  бірі,  себебі  жүйке 
жүйесіне  сырттан  келіп  түсетін  ақпараттардың  90 %-ға  жуығы  осы  көру  арқылы  қабылданады. 
Қазіргі  таңда  адамдардың  электронды  гаджеттермен  жұмыс  істеуіне  байланысты  көру  жүйесінде 
түрлі  мəселелер  туындауда.  Студенттердің  ақпараттық  технологиялармен  күнделікті  өмірде  етене 
байланыс  жасауы  күн  санап  ұлғаюда.  Оқу  процесі  мен  студенттердің  өзара  қарым-қатынасының 
компьютерленуінің  артықшылықтарымен  қатар  өзіндік  кемшіліктері  де  бар,  солардың  бірі  –  көру 
жүйесіне  негативті  əсер  етуі.  Терідегі  биологиялық  активті  нүктелердің  (БАН)  биофизикалық 
ерекшеліктерін зерттеу барысында Г.Ф. Лакин терінің инактивті аумақтарымен салыстырғанда БАН 
орналасқан  жерлердің  электрөткізгіштігі  салыстырмалы  жоғары  болатындығын  анықтаған.  Осыған 
байланысты БАН-ның биофизикалық көрсеткішін анықтаудың диагностикалық маңыздылығы зор. 
Зерттеуге  19-22  жас аралығындағы  студенттер алынды.  Студенттер екі  топқа  бөліп  зерттелді. 
Бірінші топқа көзінің өткірлігі OU 1,0
D
; ал екінші топқа OU – 2,0
D
 болатын жалпы 20 студент кірді. 
Зерттеу  нысаны ретінде тері беткейіндегі адамның оң жақ жəне сол жақ бөліктерінде симметриялы 
орналасқан  стандартты  жүрек,  өкпе,  тоқ  ішек,  бүйрек,  қуық,  бауыр,  көкбауыр,  өт,  азқазан 
меридиандарының  ішінен  БАН  жинақталып  алынды.  БАН-ның  электрөткізгіштігі  «Биотемп-2» 
құрылғысымен  өлшенді.  Алынған  нəтижелердің  статистикалық  өңдеуі  MS  Excel  2010 
бағдарламасының  көмегімен  анықталды.  Зерттеулер  биофизика  жəне  биомедицина  кафедрасының 
«Хронобиология жəне экологиялық физиология» зертханасында жүргізілді. 
Студенттердің  тері  беткейінде  симметриялы  орналасқан  оң  жəне  сол  жақ  БАН-ның 
электрөткізгіштігіне сараптама жасалды. Нəтижесінде көзі қалыпты көретін студенттердің БАН-ның 
электрөткізгіштігі оң  жақ  бөлігінде  орналасқан  бионүктелер  үшін  18,6±0,4 См  (сименс),  ал  сол жақ 
бөлігі  үшін  20,5±0,4 См  аралықтарындағы  мəндерді  көрсетті.  Ал  тəжірибелік  топтағы  студенттерде 
бұл мəн оң жақ бөлік үшін 19,7±0,5 См, ал сол жақ бөлікте 22,2±0,3 См аралығында ауытқитындығы 
белгілі  болды.  Алынған  нəтижелер  тəжірибелік  топтағы  БАН  электрөткізгіштігі  бақылау  тобымен 
сaлыстырғaндa  шамалы  жоғары  болатындығын  көрсетті.  Дегенмен,  бақылау  жəне  тəжірибелік 
топтарды  өзара  салыстырғанда  бүйрек,  қуық,  бауыр,  көк  бауыр,  өкпе  меридиандарына  жататын 
биологиялық 
активті 
нүктелерде 
статистикалық 
сенімділікпен 
(р<0,05) 
дəлелденген 
айырмашылықтар тіркелді. 
Қорытa келе, көзінің өткірлігі қалыпты топпен салыстырғанда көру қызметінде өзгерістері бар 
студенттердің  симметриялы  оң  жақ  жəне  сол  жақ  БАН-ның  электрөткізгіштігі  1-2 См  шамасында 
жоғары болатындығы анықталды. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Кулбаева М.С. 
 
 
 
 
 
 


110 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет