ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАНЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТТЕРДІҢ ОСМОСТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ Мырзалиева Д.Б.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
dinara-myrzalieva@mail.ru
Химиялық заттардың биологиялық белсенділігін зерттеудің маңызы – ағзаның ішкі
ортасының негізгі құрамды бөлігі қан жүйесіне əсерін табу болып табылады. Организмнің ішкі
ортасының бұзылуы нəтижесінде организмге əртүрлі сыртқы қоздырғыштардың əсерінен
бейімделушіліктің дамуы мен резистенттілігі негізгі рөл атқарады. Мембрана жоғары таңдамалы
өткізгіштікке тосқауылдық қызмет атқарады. Бұл қасиеті жасушалық гомеостаздан жасуша
цитоплазмасы мен ортасының химиялық құрамында үлкен айырмашылық бар екендігін
қамтамасыз етеді. Табиғатқа зиян келтіруші агенттер осмостық гемолиз (гипотониялық ерітіндіде
эритроциттердің бұзылуы), химиялық (химиялық қосылыстар: қышқыл, сілті, тұз жəне т.б.
əсерінен эритроциттердің бұзылуы), температура (температураның əсерінен оптимальды
диапазоннан ауытқуы) деп ажыратылады. И.А.Терский мен И.И.Гительзонның мəліметтері
бойынша, эритроциттегі гемолиз процесі келесі этап бойынша жүреді: 1. Гемолиз алды
стадиясы; 2. Осмостық гемоглобинолиз стадиясы; 3. Химиялық гемоглобинолиз стадиясы; 4.
клетка құрылымының толық бұзылу стадиясы, яғни өзіне 2 фазаның – стромопороз бен
стромолиз фазаларын қосады.Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының экологиялық
аймақтарында тұратын адамдардың қанындағы эритроциттердің осмостық тұрақтылығын
зерттеу.Жұмыстың мiндеттері:
1)экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын тұрғындардың қанындағы эритроциттердің
осмостық тұрақтылығын зерттеу;
2) ҚР экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратын жəне салыстырмалы таза экологиялық
аймақтарында тұратын тұрғындардың қанындағы эритроциттердің осмостық тұрақтылығын
салыстырмалы түрде зерттеу.
Қолданылатын əдістер: Эритроциттердің физика-химиялық қасиетіне цитозин мен
тиминнің цитозин, цианоцитозин жəне тетразольді туындыларының əсерін анықтау; Ғылыми
маңыздылығы: Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратын
адамдардың қанындағы эритроциттердің осмостық тұрақтылығын зерттеу.Практикалық
маңыздылығы: Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратын
адамдардың қанындағы эритроциттердің осмостық тұрақтылығын зерттеу жəне санитарлық
дəрігерлерге кеңес бойынша кепілдеме беру.
Қорытынды:
1)Пиримидин негізінің цитозин, цианоцитозин жəне тетразольді туындыларын жануарларға
1мг/100г масса дозасында бес есе жүргізгенде, биологиялық белсенділігіне зиян келтіруші
агенттерге эритроциттердің қарсы тұру қабілетінің жоғары болатынын көрсетті;
2) Цитозинмен бес есе жүргізілген зерттеу жұмысында эритроциттің бастапқы
функциональдық күйіне елеулі əсер етпейтіндігі анықталды;
3) Тетразольдің туындылары цитозин жəне тиминмен жүргізілген зерттеуде қызыл қан
жасушасының тұрақтылығын басқаруға жəне оны төмендетуге қабілеттілігі анықталды.