"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖАНУАРЛАРДЫҢ УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЛИМФА МЕН ҚАН КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет175/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   372
ЖАНУАРЛАРДЫҢ УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЛИМФА МЕН ҚАН КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ 
ӨЗГЕРІСТЕРІ  
 
Маулетханқызы А., Қуандықова А.Қ.  
Алматы Технологиялық Универиситеті 
SNABDRESHOV@mail.ru
  
 
Төрт  хлорлы  көмірсутек  (CCl
4
)  немесе  тетрахлорметан,  өндірісте  каучук  жəне  резина 
құрамдарында,  сонымен  бірге  лак,  бояулар  мен  басқа  да  құрылыс  материалдарында  кездеседі. 
Құрамы  жағынан  өте  жоғары  улы  жəне  липидтерді  өзіне  тартқыш.  Төрт  хлорлы  көмірсутектің  бір 
молекуласы екі бос радикалдарды береді жəне липидтердің асқын тотығын қамтамасыз етеді.   
Жұмысытың негізгі мақсаты – жалпы организмге органикалық улы заттардың əсерін зерттеу.  
Осы мақсатта 26 егеуқұйрықтардан екі топ құрылды, 1-ші топ (12 егеуқұйрық) – бақылау тобы, 
2-ші топ (14 егеуқұйрық) – тəжірибелік топ, аптасына үш рет құрсақ ішіне  100 г дене салмағына 0,1 
мл-ден  төрт  хлорлы  көмірсутектің  майлы  ертіндісін  алды.  Бір  аптадан  соң  жаунарлар  тəжірибеге 
алынды. Оларда лимфа мен қанның биохимиялық жəне физиологиялық   көрсеткіштері  зерттелінді. 
Қан    мен  лимфаның    физикалық-химиялық  көрсеткіштері  SYSMEX  KX-219  9    гематологиялық 
анализаторда  (Жапония),  олардың  тұтқырлығы  мен  ұю  жылдамдығы  анықталды.    Лимфа  түйінінің 
жиырылу  белсенділігі  белгілі  əдістермен  жүргізілді.  Вазоактивті  заттар  ретінде  адреналин, 
ацетилхолин, гистамин (1×10
-8
–1×10
-3
М) қолданылды. 
Егеуқұйрықтарда төрт хлорлы көмірсутекпен улану кезінде лимфа ағысының 28%-ға төмендеуі 
байқалады,  лимфа  мен  қан  плазмасында  жалпы  белок  мөлшерінің  төмендеуі  1,5  есеге  жəне  АлАТ 
(аланинаминотрансфераз)  и  АсАТ  (аспартатаминотрансфераз)  ферменттері  деңгейінінің  қалыпты 
жағдаймен салыстырғанда 3-4,5 есе жоғарлайтындығы анықталды. Тимол сынамасы мен билирубин 
мөлшері  өгермеді.  Сонымен  қатар  шажырқай лимфа  түйіндерінің сызықтық  мөлшерінің (ұзындығы 
мен  ені)  азайғандығы,  яғни  орта  есеппен  бақылау  тобымен  салыстырғанда  25-30%-ға  төмендегені 
анықталды. 
Егеуқұйрықтарда шажырқай лимфа түйіндерінің жиырылу белсенділігін тіркеу барысында төрт 
хлорлы  көмірсутекпен  (CCl
4
)  уландырудан  кейін  фазалық  ырғақтық  жиырылу  толығымен 
жойылатындығы  жəне  бəсең  ырғақтық  тербелістер  пайда  болатындығы  байқалды.  Уланудан  кейін 
лимфа  түйіндерінде  жиырылу  реакциясы  адреналин,  ацетилхолин  жəне  гистаминнің  (10ˉ
3
-10ˉ
8
    М) 
концентрациясы əсеріне бақылау тобымен салыстырғанда тек 20%-на жауап беретіндігі анықталды. 
Түйіндердің  жиырылу реакциясы аталған вазоактивті заттар əсеріне төмендегені байқалады.  
Алынған  мəліметтерден  көретініміз,  органикалық  улы  затармен  уландыру  кезінде, 
егеуқұйрықтардың  лимфа  ағысында  өзгерістер  болатындығы,  сонымен  бірге  лимфа  мен  қан 
плазмасының  биохимиялық  көрсеткіштерінде,  оның  ішінде  жалпы  белок  мөлшерінің  төмендеуі,  ал 
цитолитикалық  ферменттер  АлАТ  пен  АсАТ  деңгейінің  жоғарлауы,  шажырқай  лимфа  түйіндерінің 
жиырылу белсенділігінің баяулауы, оның  қан жасау, иммундық, тосқауыл-сүзгілі, тасымалдау жəне 
басқа да қызметтерінде аса қатты өзгерістер болғатындығын, өз кезегінде төрт хлорлы көмірсутектің 
улы  əсерін  болатындығын  көрсетеді.  Бұл  өз  кезегінде  бұл  ағзалар  қызметінің  төмендеуіне  алып 
келеді.          
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Абдрешов С.Н. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет