"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АС ҚОРЫТУ МЕХАНИЗМДЕРІНЕН ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет181/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АС ҚОРЫТУ МЕХАНИЗМДЕРІНЕН ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Мырзалиева Ж.Ж. 
Аймақтық Əлеуметтік- Инновациялық Университеті  
Elmirakz_75@mail.ru
 
 
Асқазан ауруларының арасында ең жиі кездесетіндері: гастрит, жара ауруы жəне рак.  Гастрит 
деп асқазанның қабынуын айтады. Ол жедел немесе созылмалы түрде өтеді.  
Жедел  гастритті  этиологиясына  қарап  сыртқы  немесе  эндогенді  себептерге  байланысты 
дамитын деп екі топқа бөледі. Сыртқы əсерден дамитын гастриттер көптеген химиялық, физикалық, 
механикалық,  биологиялық  факторлардың,  дəрі-дəрмектердің  асқазанның  шырышты  қабығына 
тікелей  əсері  нəтижесінде  пайда  болады.  Мысалы  тамақтан  уланғанда,  асқазанға  улы  инфекциялар 
түскеңде,  өте  ыссы  немесе  өте  салқын  тамақты  жегенде,  қышқылдар,  сілтілер  əсерінде  дамитын 
гастрит  жедел  қабыну  түрін  алады.Ішкі  себептерден  туындайтын  гастриттерге  əртүрлі 
инфекцияларда,  уремияда,  аллергияда  немесе  қан  айналымының  бұзылуына  байланысты  дамитын 
түрлері жатады. 


124 
 
Іріңді немесе флегмоналы гастритте асқазанның қабырғасы қалыңдап, оның шырышты қабығы 
қып-қызыл  болып  көрінеді.  Шырышты  қабықтың  қатпарлары  ісініп,  оны  қолмен  басқанда  іріңді 
экссудат бөліп тұрады, кейде сол жерге қан құйылады. Микроскоппен тексергенде негізгі өзгерістер 
шырышты  қабықтың  астындағы  қабатта  екені  анықталады.  Негізінен  лейкоциттерден  туратын 
экссудат бұлшықет қабатына, одан сыртқы қабатқа тарап флегмоналы гастрит асқынып, перигастрит, 
перитонитке айналады. 
Некрозды  гастриттің  дамуы  асқазанның  шырышты  қабығының  күшті  қышқыл,  сілтілердің 
тікелей  əсерінен  күйіп  қалуына  байланысты.  Мысалы,  өлу  мақсатында  адам  сірке  қышқылын  ішіп 
қойғанда. Ол жерлер қошқыл-қоңыр түсте көрінеді. Микроскопта некроз ошақтары, эрозиялар немесе 
жедел жаралар табылады, кейде асқазан қабырғасы тесіліп кетеді. 
Асқазан  эпителиінің  тез  өз  қалпына  келуіне  байланысты  жедел  гастриттің  басым  көпшілігі 
ешқандай  із  қалдырмайды.  Флегмоналы  гастрит  асқынып  сепсиске  айналуы  мүмкін.  Көбінесе 
флегмоналы жөне некрозды гастриттерден кейін асқазан шырышты қабығы жұқарып, қабырғасында 
склероз  құбылысы  дамиды,  осыған  байланысты  асқазанның  өз  формасын  жоғалтып  алады.  Кейде 
асқазанмен оның айналасындағы ағзалар арасында жабыспалар пайда болады. Созылмалы гастриттер 
ересек  адамдардың  арасында  ең  көп  тараған  сырқат.  Созылмалы  гастриттер  асқазан  шырышты 
қабығының  созылмалы  қабынуымен,  оның  физиологиялық  регенерациясының  бұзылуына 
байланысты  дамитын  атрофиясымен,  секреторлық  жөне  моторлық  қызметтерінің  өзгеруімен 
сипатталады.  Сыртқы  əсерлерге  тамақтың  жақсы  шайналмай  жұтылуы,  ас  қабылдау  тəртібін 
сақтамау,  тамақты  "құрғақ"  күйінде  жеу,  салынып  арақ  ішу,  шылым  шегу,  көптеген  дəрі-
дəрмектердің, кəсіптік ортаның зиянды əсерлері  кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет